Халықтар достығы және Қазақстандағы тілдік саясат

Халықтар достығы - тілдер достығы

Сабақтың мақсаты: студенттерді қазақ елін, Отанын, қазақ тілін қастерлеуге, ой - өрісін кеңейтуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың сөзі «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде.

Тілсіз ұлт болмайды. Өз тілімізді сақтау, өз тілімізді құрметтеу отаншылдық рухты оятуға қызмет етеді әрі ата - баба алдындағы ұлы парызымыз дa т. б ұлы сөздер

Алғы сөз: Осыдан 18 жыл бұрын 1997 жылы 11шілдеде біздің Республикамызда «Қазақстан Республикасының тіл туралы» заңы қабылданған болатын. Олай болса бұл заңның негізі неден тұрады екен, Арайды тыңдап көрейік.

Арай: Заңның 4 - шi бабында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi делінген. Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы.

Ал заңның 5 - ші бабында мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн - өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады деп көрсетілген.

6 - шы бапта Қазақстан Республикасының азаматының ана тiлiн қолдануына, қарым - қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркiн таңдауына құқығы бар. Мемлекет Қазақстан халқының тiлдерiн оқып - үйрену мен дамыту үшiн жағдай туғызу жөнiнде қамқорлық жасайды деп айтылған.

17 - ші бапта мәдени шаралар мемлекеттiк тiлде және қажет болған жағдайда басқа да тiлдерде жүргiзiледi делінген. 22 қыркүйекте біздің республикамызда Қазақстан Республикасы халықтарының тілі күні мерекесі аталып өтеді. Бұл мейрам 1998 жылы Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен жарияланған. Сонымен бүгінгі біздің «Ұлттар достығы атты фестивальіміз осы атаулы мерекеге арналады.

Оқытушы : Тәрбиенің негізгі құралы - тіл, ол ұлттың тарихи көрінісінің белгісі болып табылады. Қазақ халқы тілдің ой мен сөздің бірлігінен тұратындығын, оның мүмкіндігінің терең екенін ерте танып, оған үлкен мән бере тұжырым жасаған.

Орақ ауыз, от тілді жыраулар поэзиясының атасы Асан Қайғы: Таза мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады, Таза мінсіз асыл тас су түбінде жатады. Су түбінде жатқан тас жел толқытса шығады, Ой түбінде жатқан сөз шер толқытса шығады - десе, ұлы Абай «Тіл өнері - дертпен тең деп, әрі қысқа, әрі нұсқа баға берген. Сондай - ақ Мағжан Жұмабаев «Тіл - адам жанының тілмашы. Ұлттың ұлт болып қалуы үшін ең бірінші шарт - тілінің болуы. Тілі кеми бастауы - ұлттың құри бастағанын көрсетеді» деген.

Тіл халықпен бірге өмір сүріп, дамиды. Тіл қай ұлтта, қай елде болса да құдіретті. Себебі, әр ұлттың тілі - оның, бақыты, тірегі. Қазақстан - көп ұлтты ел.


Ұқсас жұмыстар
Халықтар достығы мен ел бірлігі: мектепішілік тәрбие сағаты
Көптілділік және ана тілі: Қазақстандағы халықтар достығының тәрбиелік негіздері
Қасым Аманжолов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 2014-2015 оқу жылы Халықтар достығы фестивалі: Татулығы жарасқан халықпыз
Байқоңыр қаласы М. Әуезов атындағы №6 жалпы білім беретін мектептің 6-сыныптар арасындағы Халықтар достығы - тірегіміз мектепішілік фестивалі
Достығы жарасқан халықпыз: Қазақстандағы ұлттар бірлігі мен мәдени әртүрлілігіне арналған ашық тәрбие сағаты
Гендерлік саясат пен тәрбиенің мазмұны мен мәні: Қазақстандағы заңнамалық негіздер мен әлеуметтік тәжірибе
Жер бетіндегі халықтар мен нәсілдер: демография және нәсілдердің таралу ерекшеліктері
Мектептегі Тілдер күні: Ұлттар достығы фестивалінің сценарийі
1 қазан - Халықаралық қарттар күніне арналған баяндама: Қазақстандағы қартаю үрдісі, әлеуметтік саясат және қарттарды құрметтеу
Дүниежүзі халқының саны, ұдайы өсуі және демографиялық саясат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz