Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сөйлем туралы берілген білімді тиянақтау



[pic]
Ақтөбе қаласы
№40 орта мектеп
Бекмуханова Айкоркем Хамидуллиевна
Бастауыш класс мұғалімі
Қазақ тілі пәнін оқытудың оқушы қызығушылығын арттыруда өзіндік
ерекшеліктері бар.Сондықтан оқушылардың мектепте алатын білімі мен
тәрбиесін жетілдіруде оқытудың жаңа формасы тиімді болмақ. Қазіргі кезде
оқыту үрдісінде сын тұрғысынан ойлау,жаңа ақпараттық технологияларын
сабақта қолдану бастауыш класс оқушыларының ойлау қабілеттерін,
белсенділігін арттырады. Интерактивті тақта мұғалімнің кластағы әрбір
оқушыға ақпаратты тиімді жеткізуіне көмектеседі. Интерактивті тақта әр
түрлі бағытта оқытуды және сабақ беруді өзгертуі мүмкін. Олар сабақтан тыс,
уақытты жоспарлауға, сондай-ақ сабаққа дайындалуға, оқушылардың зейінін
аударуға және ынталандыруға, ақпараттарды көрсетуге, уақытты тиімді
пайдалануға өте қолайлы.
Интерактивті тақта – барлық класты оқыту үшін таптырмайтын құрал. Бұл
визуалды ресурс мұғалімнің жаңа материалдарды оқушыларға өте тартымды және
тез жеткізуіне көмектеседі. Бұл тақта ақпараттарды әр түрлі мультимедиялық
ресурстардың көмегімен жеткізуге мүмкіндік береді: мұғалімдер мен оқушылар
материалдарды түсіне және жете толық игере алады. Қиын мәселелерді жеңіл
түсіндіріп, схемаларды беруде өте ыңғайлы.
Мұғалімдер қандай да бір материалдарды тартымды және динамикалы түрде
жеткізу үшін тақтаны пайдалана алады. Осы орайда интерактивті тақтамен
өткізген қазақ тілі пәні бойынша 4-кластың «Сөйлем туралы берілген білімді
тиянақтау» сабақ үлгісін ұсынып отырмын

Сабақтың тақырыбы:Сөйлем туралы берілген білімді тиянақтау.
Сабақтың мақсаты:Сөйлем туралы алған білімдерін пысықтау,бекіту.

білімділік: жалаң және жайылма сөйлемдерді,тұрлаулы,тұрлаусыз
мүшелерді нақты ажырата білу.
тәрбиелік: ұйымшылдыққа,ынтымақтастыққа,өзбетімен жұмыс жасауға,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
дамытушылық:балалардың сауаттылығын,ауызша және жазбаша тілдерін
дамыту.Сөздік қорын молайту.
Көрнекілігі:интерактивті тақта, тірек-сызба
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі:интерактивті әдіс,талдау,сұрақ-жауап,ассоциация
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі.
а) психологиялық дайындық
Жарқырап күн де ашылды,
Айнала нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз –білім алу,
Міндетіміз-еңбектену.
Еңбектену арқылы
«5»-ке қолды жеткізу.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
-Ойдан екі хабарлы сөйлем және екі сұраулы және екі лепті сөйлемдер жазып
келу.
(4-5 оқушыдан үй тапсырмасын сұрау)
3.Негізгі бөлім
-Балалар,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы : Сөйлем туралы білімді тиянақтау.
Сабақтың мақсатын хабарлау.
Көркем жазу ССС сссс су сөйлем
Самал сағат сегізде саябақта серуендеді.
Ой қозғау

-Әр оқушы өзінің ойын жазады.
Мағынаны тану
-Балалар,қазір жылдың қай мезгіл?
-Күз. Күзде қандай өзгерістер болады?
(Жаңбыр жауады, жапырақтар түседі.)
-Ендеше, бүгінгі сабақтағы білімдеріңді жапырақтар жинау арқылы
бағаланады.
3.«Орнын тап» ойыны 143-жаттығу (ауызша орындау) [pic]
Тауық шақырды. Мұғалім сыныпқа кірді.
Мырзабек берді. Сәресіде тауық шақырды.
Ол оқыды. Ол өлең оқыды.
Жел соқты. Суық жел соқты.

4.Оқулықпен жұмыс 144-жаттығу (өзбетімен жұмыс)
[pic]
Жирен құлын кісінеді. Екі бала ойнады. Өзеннің суы тұнық. Темір қақпаақпа
ашылды. Түнде күн күркіреді.
-Бұл сөйлемдерде тұрлаусыз мүшелер қай сөз?
-Қандай сөз табына табады?

145-жаттығуды «Кім тез табады?» ойыны арқылы орындау.Сөйлемдердің тұрлаусыз
мүшесін тауып,сөз құрамына талдау.

Тұрлаусыз мүшенің сөйлемдегі қай сөзбен байланысты екенін айт.

[pic]

Шашыраған сөздерден сөйлемдер құрау.Берілген суреттермен байланыстырып
құрату.
Ағам отын жарды. Ағам балтамен отын жарды.
Дулат жем шашты. Дулат балапандарға жем шашты.
Айнаш су әкелді, Айнаш шелекпен су әкелді.
Атам аңға шықты. Атам қансонарда аңға шықты.
Осы сөйлемде бізге таныс емес сөз қай сөз?
Қансонар-алғашқы қар жауған кезде қардың бетіне аңның ізі түскен кезде
аңшылар аң аулауға шығады.Аң аулауға нағыз қолайлы кезді айтады.
-Осы сөйлемдердің айырмашылығы неде?
-үш сөзден және төрт сөзден құралған жайылма сөйлемдер.
- үш сөзден құрылған сөйлемде бір тұрлаусыз мүше, ал төрт сөзден құрылған
сөйлемде екі тұрлаусыз мүшелерден тұрады.
6. Бекіту. БиС технологиясының қиылысу сұрақтары арқылы сабақты бекіту.
1. «Табиғат жақсы ма?»-бұл хабарлы сөйлем (жоқ, сұраулы сөйлем)
2. Сөйлем мағынасына қарай 3-ке бөлінеді (иә)
3. Сөйлем дыбыстан тұрады? (жоқ,сөзден)
4. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте қойылады? (иә)
5. Сөйлемнен соң нүкте,леп,сұрақ белгісі қойылады (иә)
6. «Біз аулаға шықтық.» -жалаң сөйлем. (жоқ,жайылма сөйлем)
7. Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлем лепті сөйлем(жоқ,сұраулы сөйлем)
8. Бастауышты екі сызықпен белгілейміз (жоқ,бір сызықпен)
9. Жайылма сөйлем бастауыш пен баяндауыштан басқа тұрлаусыз мүшелерден
тұрады.(иә)
10. Сөйлемнің бірінші сөзі кішкентай әріппен жазылады.(жоқ,бас
әріптен)....
Әр сұраққа дұрыс жауап берген оқушыға ұпай (жапырақтан) беріледі.

7.Үйге тапсырма: 146-жаттығу Жайылма сөйлемдерді көшіріп жазып, сөйлем
мүшелеріне талдау.

8.Қорытынды.

9.Бағалау. Әр оқушының жинаған жапырақтар санын есептеп бағалау.

-----------------------
СӨЙЛЕМ


Ұқсас жұмыстар
Сұраулы сөйлем туралы
"сөйлем. білімді тиянақтау" қазақ тілі 2- сынып
Қазақ тілі. Білімді тиянақтау
Қатаң дауыссыздарды ата
Етістік. 4 сынып. қазақ тілі пәні
Тақтага ілінген сөзді оқып шық
Топ қыран сөзін қатыстырып сөйлем құрап жазу
Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері. 3 сынып
Мәтіннің түрі
Етістікті тап
Пәндер