9-сынып сабақ жоспары: Бірінші дүниежүзілік соғыс - себептері, барысы және нәтижелері

Қазанатов Естай Тоқтыбайұлы

Жамбыл облысы Шу ауданы

Оразалы батыр ауылы

Ыбырай Алтынсарин

атындағы орта мектептің

тарих пәнінің мұғалімі

Күні 9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы : §1. Бірінші дүниежүзілік соғыс

Сабақтың мақсаты:

  • Дүниежүзін бөлісудегі ірі елдердің бәсекелестігі, Германияның өркендеуі және әскери-саяси одақтардың құрылуы, Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы, барысы және аяқталуы туралы баяндау.
  • Ұлттық рухы биік, бәскеге барынша қабілетті тұлға қалыптастыру

Сабақтың түрі : аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік : карта

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау, бағалау

VI Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • Еуропа мен Американың жетекші державаларына Азия мен Африка елдерінің отар және жартылай отарларға айналуының қандай себептері болды?
  • «Империя», «император», «империализм» терминдерінің арасында мағыналық байланыс бар ма?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Дүние жүзін бөлісудегі ірі елдердің бәсекелестігі
  2. Германияның өркендеуі және әскери-саяси одақтардың құрылуы
  3. Орыс-француз одағы
  4. Ағылшын-орыс қатынастары
  5. Балқан соғыстары
  6. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы, барысы және аяқталуы
  7. Марна шайқасы
  8. «Верден қырғыны»

Германияда революцияның басталуы, соғыстың аяқталуы.

Бірінші дүниежүзілік соғыс Еуропа өркениетінің дағдырысы болды. Ірі монополистік капитал топтарының арасындағы экономикалық қайшылықтары мемлекетаралық қайшылықтарды шиеленістіріп соғыстың себептерін туғызды.

Негізгі қайшылық Ұлыбритания мен Германия арасында болды.

Соғыстың негізгі себептері соғыстың мақсаттарында айқындады. Англия мен Франция Германияның Африкадағы отарларын және Таяу Шығыстағы Осман империясының жерін басып алуды көздеді.

Франция-Германия, Германия-Ресей, Австро-Венгрия-Ресей қашылықтары да елеулі әсер етті.

Антанта
Үштік одақ
Антанта: 1. Өндірістің соғыс жағдайына сай қайта құрылмауы.
Үштік одақ: 1. Килль каналы қызметінің жақсаруы.
Антанта: 2. Францияның Бельгиямен екі арадағы шекерада бекінісінің болмауы.
Үштік одақ: 2. Неміс артиллериясының күш қуатының артуы. Крупп зауыттарында зеңбіректердің жаңа түрлерінің шығарылуы.
Антанта: 3. Құрлықтағы әскердің әлсіздігі.
Үштік одақ: 3. Германияның «қауырт соғысқа» дайындалуы
Антанта: 4. Әскери-теңіз флотының дайындығы едәуір жақсы болды.
Үштік одақ: 4. Неміс армиясының сан жағынан артықшылығы. Австрия-Венгрияның әскери қуатының артуы.

Сабақты бекіту :

  • Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталу себептері қандай болды?
  • Соғыстың қандай ірі шайқастарын білдіңдер?
  • Германия неліктен «Шлиффен» жоспарын жүзеге асыра алмады?
  • АҚШ неге 1917 жылы ғана соғысқа кірді?
  • Бірінші дүниежүзілік соғыс майдандарында соғыс қимылдарын тоқтату жөнінде келісімге қол қою қашан және қай жерде болды?
  • Бірінші дүниежүзілік соғыстағы жалпы адам шығыны қанша болды?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §1 .


Ұқсас жұмыстар
Екінші дүниежүзілік соғыс: себептері, негізгі кезеңдері және халықаралық салдары - сабақ жоспары
10-сынып Дүниежүзі тарихы: ХХ ғасыр басындағы халықаралық қатынастар, Бірінші дүниежүзілік соғыс және оның салдары - сабақ жоспары
10-сынып үшін Дүниежүзі тарихы: Екінші дүниежүзілік соғыс - сабақ жоспары
Екінші дүниежүзілік соғыс: қорытындылар мен Қазақстанның рөлі
Екінші дүниежүзілік соғыс: 10-сыныпқа арналған дүниежүзі тарихы сабақ жоспары
Екінші дүниежүзілік соғыс: сабақ жоспары мен негізгі оқиғалар (1939-1945)
9-сынып: АҚШ тарихы - Бірінші дүниежүзілік соғыстың әсері, 1920-жылдардағы гүлдену, Ұлы дағдарыс және Ф. Рузвельттің Жаңа бағыты
Жапонияның Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстар кезеңіндегі ішкі және сыртқы саясаты
Тарих пәнінің әдістемелік жоспарлары: Ежелгі Египеттегі ғылыми білімдер және Екінші дүниежүзілік соғыс
І дүниежүзілік соғыс пен 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс; Қазақстандағы тоталитарлық жүйенің қалыптасуы (9-сынып, қайталау сабағы)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz