Сандарды бір санау жүйесінен екіншіге ауыстыру: ондықтан екілік, сегіздік және оналтылық жүйелерге

Сабақтың тақырыбы: Cандарды бір санау жүйесінен екінші санау

жүйесіне аудару.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі : Оқушылардың сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыру ережелері туралы білімдерін қалыптастыру;

Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушының есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі : графопроектор , компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т. б. б.

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Үйге тапсырма.

VІ. Сабақты қорытындылау.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу;

ә) кабинет жағдайы;

б) сабақ барысымен таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Ақпарат дегеніміз не?

2. Ақпараттық үрдістер дегеніміз не?

3. Санау жүйелері дегеніміз не?

4. Санау жүйелері қанша топқа бөлінеді?

5. Екілік санау жүйесі қандай цифрлардан тұрады?

6. Санның цифрына бөлінетін позициясын қалай атаймыз?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

2. 2. -тақырып. Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру.

Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру жиі кездеседі. Санды екілік, сегіздік немесе оналтылық жүйелерден ондық жүйеге ауыстыруды қарастырдық.

Бүтін ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру.

891 10 =110011 2

Ондық бөлшектерді екілік санау жүйесіне ауыстыру.

Ауыстыру ережесі: Ондық оң бөлшекті екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін бөлшекті 2-ге көбейту керек. Көбейтіндінің бүтін бөлігін екілік бөлшектің үтірден кейінгі бірінші цифры ретінде алып, бөлшек блігін қайтадан 2-ге көбейту керек.

Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстыру.

Сандарды ондық жүйеден сегіздік жүйеге ауыстыру үшін екілік жүйеге ауыстыру әдісін қолдануға болады. Түрлендіретін санды ондық жүйенің ережесі бойынша 7-ден аспайтын қалдығын еске сақтай отырып, 8-ге бөледі.

Ондық сандарды оналтылық санау жүйесіне ауыстыру.

Ондық сандарды оналтылық жүйеге жоғарыдағы ұқсас ауыстырады. Айырмашылығы -берілген сан 8-дің орнына 16-ға бөлінеді.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Бүтін ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін қандай ереже қолданамыз?

2. Ондық бөлшекті екілік санау жүйесіне ауыстыру ережесі қандай?

3. Қандай жағдайда периодты бөлшек алынуы мүмкін?

4. Ондық сандарды сегіздік, оналтылық санау жүйесіне ауыстыру үшін қандай амалдар орындаймыз?

5. Сандарды екілік жүйеден сегіздік, оналтылық санау жүйесіне ауыстыру үшін не істейміз?

V. Үйге тапсырма.

Cандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне аудару.

VІ. Сабақты қорытындылау.

Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.

Сабақ аяқталды.

Сау болыңыздар.


Ұқсас жұмыстар
8-сынып: Сандарды санау жүйелері арасында ауыстыру (ондықтан екілік, сегіздік және оналтылыққа)
Сандарды позициялық жүйелер (екілік, сегіздік, ондық, оналтылық) арасында түрлендіру: сабақ жоспары
8-сыныпқа арналған сабақ: Бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру
Позициялық санау жүйелеріне көшіру: екілік, сегіздік, ондық және он алтылық жүйелер
Санау жүйелерін қорытындылау: түрлендірулер, екілік арифметика және практикалық есептер
7-сынып: Ақпаратты кодтау - екілік және оналтылық санау жүйелері мен ASCII коды
8-сынып информатикасы: Ақпарат, санау жүйелері және санау жүйелерін ауыстыру бойынша сабақ жоспарлары №2-№6
Екілік пен ондық санау жүйелерін өзара ауыстыру: практикалық сабақ жоспары (8-сынып)
8-сынып информатикасы: есептеу техникасының қауіпсіздігі, санау жүйелері мен аударымдары, екілік арифметика және логика
8-сынып информатикасы: Санау жүйелері және сандарды позициялық жүйелер арасында түрлендіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz