Мұқағали Мақатаевтың Мен таулықпын өлеңін талдау: мәнерлеп оқу және патриоттық-эстетикалық тәрбиелеу

Сабақтың тақырыбы : М. Мақатаев «Мен таулықпын»

Сабақтың мақсаты :

  1. Ақынның өмірі, өлеңдерін, өзіндік табиғатын саралай отырып, өзгешелегіне көңіл бөлу. Мәнерлеп оқуға үйрету, өлең мазмұнын ашу, талдау.
  2. Отаншылдыққа, туған жерге деген сүйіспеншілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қадір тұтуға тәрбиелеу.
  3. Оқушының сөйлеу тілін дамыту, өз пікірі, эстетикалық талғамы бар сауатты оқушыны дайындау.

Сабақтың типі : аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Мұқағали суреті, бүктеме, бейнетаспа

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

«Фантазия» өлеңін жатқа, сұрау.

  1. Фантазия дегеніміз не ?
  2. Фантастика дегенді қалай түсінесің ?

ІІІ. Ақын туралы білгендерін топтастыру.

ІУ. Мақсат қою

Нені білеміз ?

Нені меңгереміз ?

У. Жаңа сабақ

  1. Тербетіліп тауымның аясында,

Өссіппін ғой шыршаның саясында.

Өмірсіз де көңілсіз өкінішті,

Қоймайсың ба, тағдырым, тоясың ба ?

Тау менің несібеме, тиіпті ерек,

Үлкендер «Таудай бол» дейтін маған,

Таудай болғым келеді, биік керек.

Ақын тауда өскен, жүрегі таза, сезімі асқақ, жыры мөлдір бұлақ.

Бейнетаспадан ақынның сүйікті тауы Хантәңірін көрсету

Ақынның біршоғыр өлеңдері тау тақырыбына арналған. «Хаңтәңірі», «Жігіттер демалайық тауға барып», «Тауда өстім», «Таудай болғым келеді», «Ығысыңдар, әй таулар, ығысыңдар», «Тау бір аңыз», «Түсіме тау кіреді» т. б. Осындай керемет, сыршыл, әсерлі өлеңдерінің бірі - «Мен таулықпын » өлеңі.

  1. Өлеңді мәнерлеп оқу
  2. Бір - екі оқушыға мәнерлеп оқыту.
  3. Мәтінде кездескен қиын сөздерге, мәтінге талдау жасау.

Ақын тау баласы екендігін шынайы махаббатпен жырлайды.

Тау бір аңыз,

Тау-дастан

Таусылмайтын әу бастан,

Ана жердің төсіне,

Алып сәби жармасқан, -деген сөз өрнегімен шынайы жырлайды.

Ақын табиғаттың әсемдігін жырлай отырып, сол табиғатқа деген өзінің қатынасын білдіреді.

Ығысыңдар,

Ей таулар !

Ығысыңдар.

Орын сайла ортаңнан жұмысым бар,

Ата болып не маған ұрысыңдар,

Адам болып немесе ұғысыңдар - деп, тіпті тауға өтініш айтып, қолқа салады.

(Асысаға тауынан табылған ақын бейнелі мүсіннің суретін оқушыларға көрсету )

6. «Мен таулықпын» өлеңіне талдау жасау \Оқушылар талдау жасап жатқанда ақынның өз даусымен оқылған өлеңін үнтаспада қосып қоямын\

  1. Өлеңдегі бейнелі сөздерді дәптерге жазғызу

УІ. Сабақты бекіту:

«Хантәңірі» суреті бойынша шыңға өрмелеу ойынын ойнату.

«Тау баласы» деген тақырыпта ойтолғау жазу.

УІІ. Бағалау

УІІІ. Үйге тапсырма : Өлеңді жаттау (сурет салу)


Ұқсас жұмыстар
3-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Мұқағали Мақатаевтың Үш бақытым өлеңін мәнерлеп оқу және ана тілін қадірлеуге тәрбиелеу
Ашық сабақ: Мұқағали Мақатаевтың Қайырлы түн өлеңін талдау және ақынның өмірбаяны
Абай Құнанбаевтың Күз өлеңін талдау және мәнерлеп оқу сабағы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні: Мұқағали Мақатаевтың Фантазия өлеңін талдауға арналған сабақ жоспары
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы
Мұқағали Мақатаевтың Қара өлеңіне арналған оқу-әдістемелік сабақ жоспары
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен әдеби шығармашылығы
Мұқағали Мақатаевтың Елім барда және Анау-аспан, мынау-бақ өлеңдерін сатылай кешенді талдау сабақ жоспары
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы: ашық тәрбие сағаты
Мұқағали Мақатаевтың Райымбек Райымбек поэмасын талдау: модульді сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz