Менің отбасым және математика атты ойын сайыс

Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп" КММ
математика және информатика пәнінің мұғалімі Қожамқұлова Замира
Математикадан 5 сыныптар арасында өткізілген "Менің отбасым және математика" атты ойын сайыс.
Мақсаты:
Ата - аналарды балаларымен бірге мектепішілік іс - шараларға қатыстыру, отбасы мүшелерін алдарына қойған мақсаттарына жетуге ынталандыру. Ойынға қатысушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру. Математикалық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
Танымдылық ойын сайыс сабақ
Сабақтың әдісі:
Сұрақ - жауап, көрнекілік. ізденушілік, ойын, құрастыру
Көрнекілігі:
Сөзжұмбақ, бейнелі сөз, викторина, ертегі есеп, өлең есеп, слайд.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
Мұғалім:
- Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздер 5 сыныптар арасында өтетін «Қызықты математикалық ойындар» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер!
Команда құрамында: әкесі немесі анасы, баласы және көмекші тобы.
Команда жанкүйерлері: сынып оқушылары, ата - аналар, сынып жетекшілері.
Әділқазылар алқасы: мектеп әкімшілігі және мұғалімдер.
Құрметті ата - аналар, қымбатты оқушылар!
Бүгінгі кешіміз қызықты өтіп және тек қана оқушыларға емес, ата - аналарға да әсері мен пайдасы тиеді деген сенімдемін. Расында да математика - барлық ғылымдардың патшасы демекші, күнделікті өмірде математикасыз күніміз жоқ. Бұл туралы бүгінгі «Менің отбасым және математика» атты кешімізде әңгіме жүргізілуі себебі балалар математика туралы алғашқы мәліметтерді отбасынан алады. Неге? Өйткені, баласын дүкенге азық - түлік алуға анасы жұмсайды, әкесі баласын ұсталық жұмыстарды үстеуге үйретеді. Анасы қызымен бірге дастархан жаяды сол кезде қанша ыдыс қою керекті екені де математиканың бастамасы болып табылады.
Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерін пысықтау.
Сайыс сағатымызда өлең есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақтар, бейнелі
сөздер беріледі. Солардың жауаптарын дұрыс айтуларыңыз керек. Әр дұрыс
айтылған жауаптарға, Әділ - қазылар алқасы бағалап отырады. Сайыста ұпайды көп жинаған топ «Математиктер отбасы» номинациясына ие болады. Ал ұпайды аз жинаған топ сайысқа белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталады.
Бүгінгі сайыс сабағымыз мынандай бөлімдерден тұрады:
1. Таныстыру
2. Сөзжұмбақ шешу
3. Математикалық бейнелі сөз шешу
4. Ұшқыр ой ойыны.
5. Кім жылдам? ойыны.
6. Аудио ертегі сұрақ
7. Құстар тапсырмасы
8. Бейне сұрақ
9. Топ басшылар жарысы
Мұғалім: Бүгінгі сабағымызды ерекше көңілмен бастау үшін көзімізді
жұмып, мына әсем әуеннің сазына құлақ түрейік. (Әуен ойнайды)
«Жасыл дала, құлпырған қып - қызыл гүлдер, сарқырап аққан
мөп - мөлдір су, жайқалған ағаш, ашық аспан, жарқырап күлімдеген
күн сәулесі. »
Осы сезімге беріле отырып, көзімізді жаймен ашайық та осындай күймен есептерді, тапсырмаларды тез ұжыммен топтасып шешейік.
1 - жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ата - аналар мен оқушылар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар
Естігенін есте тұтып
Оқығанын миға тоқушылар.
2 - жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар
Сіз оқытқан оқушылардың
Және олардың отбасының
Сәті келді сыналар.
1 - жүргізуші: Уа, халайық, халайық
Бәріне жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып, шалқысып
2 - жүргізуші: Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шеру шашайық
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ, есеп бәрі бар
1 - жүргізуші: Есепті түрлі - түрлі шығарамыз
Арасында ойын ойнап жарысамыз
Ойламды сұрақ, қиын сұрақ бәрі де бар.
Әзіл есепке де отырамыз.
2 - жүргізуші: Олай болса бұл не тұрыс
Кешімізді біз бастайық
Әділ бағаға қалтасы толы
Әділқазыларды шақырамыз.
1. «Математика» бірлестігінің жетекшісі: Алатаева Р.
2. Бастауыш сыныпта білім нәрін берген мұғалімі: Джанадилова М.
3. Мектептің ата- аналар комитетінің төрайымы: Адилова Жанриза татей.
2 - жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан табылады.
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады.
1 - жүргізуші: Біреуінің жүрегінің түгі бар
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар.
дей отыра командаларды ортаға шақырамыз.
«Алғырлар» - отбасы
«Тапқырлар» - отбасы
«Білгірлер» - отбасы
- Таныстыру бөлімі: Сәлемдесу / аты, ұраны, төс белгісі/ 10 ұпайЕнді сөз кезегін топтарға берейін, өз топтарын өлең жолдары арқылы таныстырып өтсін.
«Алғырлар» - отбасы Тамаша Бақтияр
Ұран:
Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі жарыста алғырлықпен аламыз
«Алғырлар» Озып шығып бәйге аламыз
Аты аңызға айналған
«Алғыр» бала атанып
Бізде ғалым боламыз.
«Білгірлер» - отбасы Байгелдиева Рамида
Ұран:
Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске
«Білгірлер» Мақтанбаймыз «білгірміз» деп
Таудай бірақ талабымыз
«Білгір» бала атанып,
Келешекте өскенде
Үлкен ғалым боламыз.
«Тапқырлар» - отбасы Хороходжаев Темірлан
Ұран: «Нақты жауап, сапалы шешім таба біл!»
2. Мықты болсаң жеңіп көр!
Әр топқа 6 сұрақ қойылады, ойланбастан бірден жауап беру қажет.
Әр дұрыс жауап 5 ұпай.
Бүгінгі күн сайыста
Сен ешкімнен қалыспа
Біліміңді көрсетер
Сұрақтарға жауап бер!
«Алғырлар» - отбасы
1. 30 минутты сағатқа айналдыр. / 0, 5сағат/
2. Ағаш үстінде 30 торғай отыр еді, аңшы оның екеуін атып түсірді. Торғайдың қаншасы қалды? /екеуі қалды/
3. 1 мен 100 санынын ішінде 5 цифры қанша рет кездеседі?
4. Радиус дегеніміз не?
5. Егер екі кірпіштің салмағы 8 кг болса, 1, 5 кірпіштің салмағын тап. /6кг/
6. Болат сенбі күні кешкі сағат 9-да ұйықтауға жатты. Ол сағаттың қоңырауын таңғы 10-ға қойды. Болат сағат шырылдағанға дейін неше сағат ұйықтады. /1 сағат/
«Білгірлер» отбасы
1. Ұлу күн сайын қабырғамен 7 м жоғары өрмелеп шығады және түнде 4 м төмен түседі. Ол биіктігі 19 м үйдің төбесіне, жерден бастағанда, қанша күнде жетеді?
2. 1-100 аралығындағы сандардың қосындысын бірден тапқан оқушы, кейіннен әлемге әйгілі математик /Карл Гаусс/
3. Түнгі сағат онда жаңбыр жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? / мүмкін емес/
4. Үстел үстінде үш түсті шарлар жатыр. Егер қызыл мен көк шарларды санасақ - 3 шар болады, егер қызыл мен жасыл шарларды санасақ - 4 шар болады, егер көк және жасыл шарларды санасақ - 5 шар болады. Үстел үстінде әр түсті шардан қанша жатыр? Жауабы. 1 қызыл, 2 көк, 3 жасыл шарлар бар. Қызыл мен көк шарлар үшеу болса, онда 2 қызыл, 1 көк не 2 көк, 1 қызыл. Қызыл мен жасыл шарлар көк пен жасыл шарлардан кем(1), онда қызыл (1), жасыл (2) . Бұдан кейін көк шарлар санын анықтаймыз.
5. Түйе құс екі аяғымен тұрғанда бір пұт тартса, бір аяғымен тұрғанда қанша тартады? /1пұт/
6. Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?
«Тапқырлар» - отбасы
1. 8-наурызда екі шешей мен 2 қызына, әжей мен немересіне орамал сыйға тартылды. Неше орамал, бұл қалай? /3 орамал. Әжей, шешей, қыз/
2. Үш түйе құс ұшып келе жатыр. Аңшы олардың біреуін атып алды. Олардың қаншасы қалды? /түйе құс ұшпайды. /
3. «Математика 5 сынып» оқулығының авторы кім?
4. Үш ат жегілген арба 30 км жүрді. Бір аттың жылдамдығы қандай?
5. Алдында 1, артында 2, алдында 2, біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келеді. Барлығы неше қаз?
6. 4 литрлік және 6 литрлік ыдыстармен 2 литр сүтті қалай бөліп алуға болады?
2.
«Сөзжұмбақ» шешу
Бұл сайыста үш топқа да әлем халықтарының есептері оқылады. Кім жылдам, сол бірінші жауап береді. Әр дұрыс жауап 10 ұпай.
Асып әсте саспайық,
Батыл қадам бастайық.
Еркіңді билер барынша,
Жарыста, сірә қалыспа.
1. Болгар халықтарының есебі:
Балықшы балық аулады. «Қанша балық ұстадың?»- деген сұраққа «Сегіздің жартысы, алтауы бассыз және тоғызы құйрықсы», - деп жауап береді? Балықшы қанша балық аулаған?
Шешуі:Сегіздің жартысын алып тастасаң нөл, алтының басын алып тастасаң нөл, тоғыздың аяғын алып тастасаң нөл. Балықшы балық аулаған жоқ.
2. Греция халықтарының есебі:
Атақты Пифагордан « сенің әңгімеңді тыңдауға мектебіңе қанша адам келеді?» - деп сұрағанда Пифагор былай деп жауап береді. «Менің жарты оқушыларым математиканы, ¼ бөлігі музыканы, 1/7 бөлігі уақытын үнсіз ойлануға жібереді, қалған бөлігі 3 оқушы»-деп жауап берген. Неше оқушы?
Шешуі: х/2+х/4+х/7 х
14х+7х+4х+84 28х
3х84
Х 28
Жауабы: 28 оқушы
3. Египет есебі
Әрбір 7 адамның әрқайсысында 7 мысық, әр мысық 7 тышқаннан, ал әр тышқан 7 бидай собығын жояды. Бір бидай собығында 7 уыс дән бар. Тышқандардан қанша уыс бидай дәнін сақтап қалады?
Шешуі:7*7*7*7*7-16807
3. «Математикалық бейнелі сөз» шешу, яғни ребус шешу.
Уа, халайық, халайық.
Қане бері қараңдар
Сайысымызды жалғайық
Сөзжұмбақты қиналмай
Лезде шешіп тастайық.
1.
теңдік кай жағдайда дурыс шағады
- екі шырпыны жылғытып теңдікті дурыста
- бір шырпыны жылғытып теңдікті дурыста4. «Ұшқыр ой» ойыны. Яғни қай топтың ойынын ұшқыр екенін анықтаймыз. Ол үшін алдарында тұрған экранда 1 - ден, 9 ға дейінгі сандар жазылған. Енді сол сандардың орнын ауыстырмай, мәні 99 шығатындай «+» амалын қойып шығындар. Орны ауыспаған қалыпта екі таңбалы сан қолдануға болады.
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9=12+3+4+56+7+8+9=99
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9=1+23+45+6+7+8+9=99 немесе
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9=1+2+3+4+5+67+8+9=99
Қане жазып болсақ, топ басшыларын оқып шықсын.
Ендеше тақтаға қарайық. (Дұрыс нұсқасын көрсетемін немесе дұрыс орындаған топтың тапсырмасын үлгі ретінде көрсетемін)
5. Аудио сұрақ
- 11 сынып оқушысы Дүйсен Арай ертегі есеп жасырады. Ал қане тыңдайық:«Ұрылар мен кемпір» ертегі есеп. Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен, панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты. Жаз шығып ел жайлауға көшкенде, сүйенері жоқ кемпір жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді. Кемпір:-«Бұлар менің жалғыз сиырымды нысанаға алмақ болған екен, мен де бұларды алдайын», - деп ойлайды. Сөйтіп жалман-жан бір шелек суды сапырып отырып, мынадай өлең айтыпты:Сапырып - сапырып Арманға бер, Құйып - құйып Алмасқа бер, Есіктегі екеуге бер, Төрдегі төртеуге бер, Өзің іште маған бер», - деген екен. Мұны естіген ұрылар:-«Қой мұнымыз болмас үй» толы кісі, әрі бізден екі есе көп, кетейік», - деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйде неше адам деп ойлады?
Жауабы: 10 адам
2. Үш топқа ортақ өлең есеп оқылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz