1-сынып: Буындар тақырыбы бойынша сабақ жоспары

Әріптер әлемі 1 сынып ( мектеп компоненті)

Тақырыбы: Буындар
Мақсаты:

1. Оқушылар алған дыбыс туралы мағлұматтарын, буын құрау, буыннан сөз құрау, сөйлем туралы білімдерін қайталау.

2. Оқушылардың жылдам әрекет ету, есте сақтау қабілеттерін, шығармашылық ойлауын, тілдік қорларын дамыту.

3. Ұйымшыл болуға тәрбие .

Көрнекілігі: суреттер, кесте, буындар жазылған қима қағаз, әріптер, презентация
Бағалау: жұлдызшалар арқылы

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдісі: ойын

Сабақтың мазмұны:

1. Ұйымдастыру сәті. 2. Сабақтың тақырыбы, мақсаты. Тақырып бойынша жұмыс.
Оқушыларды фигура таңдау арқылы үш топқа бөлу.

-Балалар, қазір біз үш топқа бөлінейік.
І топ: «Дыбыстар» тобы
ІІ топ: «Буындар» тобы
ІІІ топ: «Сөздер» тобы.
-Балалар, ерте, ерте ертеде бір ханның қызы көп оқып, көп білім алыпты. Ол бір күні өз білімін басқаларға үйретуге бел буыпты. Сөйтіп, кітаптарын есекке тиеп, ел аралап, оқу оқытып келе жатса, айдаладағы биік таулардың баурайында бір жылтыраған нәрсеге көзі түсіпті. Ол ғарыштағы басқа планетадан келген келімсек екен. Келімсек оған басқа бір тілде сөйлейді. Қыз ұқпапты. Сөйтіп, ол оған қазақ тілінің дыбыстарын үйретуге кірісіпті. Сөйтіп, келімсектің алдында «Сиқырлы дыбыстар» әлемі ашылыпты. Қызға біз де шамамыз келгенше көмектесейік.
Слайд І-бөлім: «Әріптер сөйлейді»
-Мына шаршыларды таңдайық. ( Б, н, д, о, м, с, л, п, қ дыбыстары) олар қандай дыбыс екенін айта алсаңдар сендерге 5 жұлдыз беріледі.

Слайд ІІ бөлім: «Кім жылдам?» деп аталады.
-Бұл бөлімде жаңағы дыбыстардан құралған буындар шашылып жатыр. Соларды әр топ құрайды.
-ма, та, па, на, қа, ла, са, ба, ақ, па, қа, уа буындарынан сөздер құрау.

Сергіту сәті ( муз. пауза)
Слайд ІІІ-бөлім: «Кім шешен?»
-Берілген сурет бойынша сөйлем құрау

IV - бөлім: « Қалып қойған дыбысты қой»
Қа…ын М. . лшы Дуа…ақ о. . мақ

Жұмбақ шешу:

-Қабат - қабат қаттама, Ақылың болса аттама. (кітап)
-Тақтада жазып, жалықпаған, Жаза-жаза арықтаған. (бор)
-Алты түрлі түсі бар, Сурет салар ісі бар. (қарындаш)

Слайд Ойын «Адасқан әріптер»

Аоғтйр ( торғай), рүткіб ( бүркіт), қуақ ( аққу)

Қорытынды бөлім:
-Мінекей, балалар, біз ханның қызымен және келімсекпен бірге алған білімімізді есімізге түсірдік.

Жеңімпаз топты атап өту. Жұлдыздар үлестіру

Бастауыш сынып мұғалімі Осанова Мая Тугеловна

Шығыс Қазақстан облысы

Ұлан ауданы

«Асубұлақ орта мектебі» КММ


Ұқсас жұмыстар
1-сыныпқа арналған Менің мектебім тақырыбы бойынша сабақ жоспары
1-сыныпқа арналған жаратылыстану пәнінің Магнит тақырыбы бойынша сабақ жоспары
4-сынып: Сан есім тақырыбы бойынша 1-6 жаттығуларға арналған сабақ жоспары
Мұғалімдерге арналған 1-сынып Қабанбай батыр тақырыбы бойынша сабақ жоспары мен жоспарлау кестесі
Қазақ тілі пәні 1-сынып: Үй жануарлары тақырыбы бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары
Дене мүшелері тақырыбы бойынша 1-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
1-б сыныпқа арналған Табиғатқа саяхат тақырыбы бойынша Ә дыбысы мен әрпінің сабақ жоспары
3-сынып әдебиеттік оқу: Сөйлем тақырыбы бойынша саяхат сабақ (1-7 жаттығу)
2-сынып: Сан есім тақырыбы бойынша сабақ жоспары
9-сынып химиясы: Электролиттік диссоциация тақырыбы бойынша сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz