Сабақ жоспары :: Психология

Файл қосу

Менің отбасымның табысы

Сынып сағаты 1 сынып
Тақырыбы : Менің отбасымның табысы
Мақсаты :
1.Оқушыларға экономика жайында түсінік беру.
2.Ой өрісін, зейінін,сөйлеу қабілетін дамыту.
3.Үнемшіл ,тиянақты болуға тәрбие.

Көрнекілігі: суреттер,ақшалардың суреті,бейнесюжет
Сабақтың мазмұны :
1.Ұйымдастыру сәті.Психологиялық дайындық (хормен) айтады:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
Оқушыларды топтарға бөлу.
2. Сабақтың тақырыбы, мақсаты. Тақырып бойынша жұмыс. Сұрақ-жауап алу .
-<<Табыс>> , <<табыс көзі>> деген не? Осы заманда қалай табыс табуға болады? Ақша туралы не білесіңдер? Қандай ақшаларды танисың? Ассоциация әдісін қолдану.
Кіріспе сөз . Біз әруақытта ақшаны сөз еткенде банкті атап отырамыз.
Банк-экономика әлеміндегі басты әрекет етуші тұлғалардың бірі. Банктер бұрын пайда болған. Банктер жай ақша сақтайтын орын емес. Банктен ақшаны уақытша ақша керек емес адамдардан алып,уақытша керек адамдарға берген.Өскемен қаласында қандай банктер барын анықтау.
Бейнесюжет көру.
Топтық жұмыс.
Дәптерге: банк,пайыз,ақша,тиын деп жазғызу.
Мына сұрақтарға жауап алу. Бейнесюжет желісі бойынша кім? не? қандай? қалай?
нені? қашан? не істеді? сұрақтарына жауап болатын ақпарат жинастыру.
( әр топқа қима қағаз үлестіру) Кестені толтырады.
Сұрақ-жауап алу. <<Менің отбасымның табысы>> Оқушылар өз отбасындағы табыс туралы әңгімелейді.Табыс көзі болып отырған не? Олар қалай ақша табады? Бір айда қанша ақша кіріс жасайды? Әке-шешең табыстарын қалай жұмсайды?
Слайд № 1 Ұлттық теңге туралы деректер. 15 қараша Ұлттық валюта күні
Сахналық көрініс << Базарда >>
Ойын << Жұбыңды тап>>
Ба..., жар...,ақ...,ба...,шы...,та..,э....( базар, жарнама, ақша, баға, шығын, экономика)
Ойын << Кім білгір? >>
...қалады, еңбек қуады.
...бәрі бар, ақшаң болса ары бар.
...тиыннан өсер, ...құлыннан өсер

Керекті сөздер: жылқы, байлық, ақша, базарда, теңге.
Сергіту сәті
Тапсырма : << Қандай ақша жақсырақ? >> Венн диаграммасын қолданыңдар.
-Сендер ақшаның темір мен қағаз болатынын білесіңдер.Ойланып, қағаз және темір ақшалардың ерекшеліктерін салыстырыңдар. Қай ақша ыңғайлырақ?
Топтық жұмыс:
Тақырыптың басты идеясын тірек сызба арқылы көрсет,тиісті сөздерді жаз.
Қорыту : Бүгінгі сабақта не туралы білдіңдер? Тауар алу үшін не төленеді?
Сатуға және сатып алуға болатын зат?
Жасына немесе денсаулығына байланысты жұмыс істемейтін адамдардың алатын ақшасы не деп аталады? ( зейнетақы ).Ақшаны қалай жұмсау керек?
Кері байланыс: екі жұлдыз,бір тілек

Бастауыш сынып мұғалімі Осанова М.Т.
Шығыс Қазақстан облысы
Ұлан ауданы
<<Асубұлақ орта мектебі>> КММ

Ұқсас жұмыстар
Балалармен қоштасу
Отбасымның демалысы. қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Сабақ ортасы
Хабарлы, лепті, сұраулы сөйлемдер. Отан - отбасы
Мемлекетттік бюджет
Менің отбасым жайлы ақпарат
Жанұя бақыты жаттығу
Музыка, өнер және әдебиет
Отбасы мүшелері және олардың міндеттері. дүниетану. 2 сынып
Баланың алғашқы ұстазы
Пәндер