I-кіші Балапан тобына арналған тіл дамыту технологиялық картасы: Біздің балалар қайда екен

Тексерілді:

Балабақша әдіскері: У. Е. Тлюупова

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы № 2

Уақыты:15. 09. 15

Тобы:«Балапан» I-кіші

Тәрбиеші: Тлюупова Ұлдай Ерғалиқызы

Білім беру саласы:” Қатынас”

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Біздің балалар қайда екен?»

Мақсаты:

а) Топпен таныстыру, бөлмелердің аттарын үйрету.

ә) Сұрақтарға қысқаша жауап беруге дағдыландыру.

б) Ұқыптылыққа баулу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Балалармен балабақша туралы әңгімелесу.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, сергіту сәті, ойын.

Қажетті көрнекіліктер мен құралдар: Балабақшаның суреті, орамал.

Билингвалдық компонент :балабақша-садик, орамал-палотенца, аула-двор, жиһаз-мебель, орындық-стулья, терезе-окно, шешінетін шкаф-шкаф для одежды.

Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Іс-әрекет кезеңдері:

Мотивация

лық қозғаушы

Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Балалармен сәлемдесіп: «Балалар біз таңертең балабақшаға келеміз», -дей отырып, балабақшаның суретімен таныстыру.

-Балабақшамыз үлкен, әдемі ауласы кең. Балалар, біз қазір топ бөлмесінде тұрмыз деп, балалардың көңілін топ бөлмесінің ішіне аударады.

Топтағы заттармен таныстыру:

-Мынау-орындық, мынау-терезе, мынау-ойыншықтар тұратын жиһаз, онда ойыншықты жинайсыңдар, топтағы тағы да бөлмелер бар. Мынау-шешінетін бөлме, онда шешінесіңдер, мұнда шешінетін шкафтар тұрады. Ас бөлмесінде ыдыстар тұрады. Ол ыдыстармен тамақ ішесіңдер.

Мынау-ұйықтайтын бөлме, онда сендер жататын керуеттер тұрады, Тобымыз үлкен, әрі жарық.

Балалардың іс-әрекеті:

Балалар топқа қызыға қарайды.

Заттармен танысуға құлшыныс танытады. Тәрбиешіні тыңдайды.

Іс-әрекет кезеңдері: Іздену-ұйымдас тырушы
Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Балалардың көңілін орамалға аударту.

Д\о«Бұл кім болды екен?» ойынын ойнаймыз.

Шарты: орамалдың астында кім екенін айтқызу, аттарын ататып.

«Орамал кімді жасырады екен», -деп бір баланың бетіне бір орамал жабады. Орамалды қайта ашып: «Бұл кім болды екен?» деген сұрақ қояды. Осылай әр баламен ойнайды. Әрқайсысына өз аттарын айтқызу. Тәрбиеші тағы да сұрақтар беруге, сөйлетуге үйрету.

Мысалы:

-Сен қайда тұрасың? Сен атыңды айтшы?

-Кімнің қасында тұрсың? Ол баланың атын білесің бе? т. б.

Д\о«Біздің балалар қайда екен?»

Шарты: Үлестірмелі материалда берілген сурет бойынша балалардың қайда тығылып отырғанын тапқызу.

Билингвалдық компонент :балабақша-садик, орамал-палотенца, аула-двор, жиһаз-мебель, орындық-стулья, терезе-окно, шешінетін шкаф-шкаф для одежды.

Балалардың іс-әрекеті:

Орамалға күлімдей қарайды. Көңілді болуға тырысады. Сұрақтарға жауап беруге талпынады. Орамалмен беті жабылған бала өзінің атын айтады.

Қасында тұрған баланың атын айтады.

-Асқар үстелдің астына тығылып жатыр.

-Марат үлкен ойншық қонжықтың артында отыр.

Қайталайды: балабақша-садик, орамал-палотенца, аула-двор, жиһаз-мебель, орындық-стулья, терезе-окно, шешінетін шкаф-шкаф для одежды.

Іс-әрекет кезеңдері: Рефлексивті коррекциа лаушы
Тәрбиешінің іс-әрекеті: Тәрбиеші балалардың көңіл күйлеріне қарап, мақтап, мадақтау. Балаларды сөйлеуге үйрету.
Балалардың іс-әрекеті:

Балалар қуаныш сезімін танытады.

Балалар сөйлеп үйренеді.

Күтілетін нәтиже;

Нені біледі : Өздерінің, көршілерінің аттарын айтуды біледі.

Қандай түсініктерді игереді: Топ туралы түсінікті игереді.

Меңгерген дағдылар мен іскерліктері: Сұрақтарға жауап беруді меңгереді.


Ұқсас жұмыстар
Ғажайып қалта: көкөністер мен жемістерді тануға арналған тіл дамыту технологиялық картасы (Балапан тобы, I кіші топ)
I-кіші «Балапан» тобына арналған Қағаз бен майлы қарындашпен таныстыру: ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №1
Технологиялық карта №6: Үй құстары (тауық, әтеш, балапан) - I кіші топ Балапан
I-кіші Балапан тобына арналған №36-37 технологиялық карталар: ирелеңдеген жолмен жүру және төмен кедергілерден аттап өту
Балапан тобы (I-кіші) үшін Жеміс сусыны тақырыбы бойынша шығармашылық бағыттағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
I кіші топ (Балапан) үшін сенсорика саласы бойынша технологиялық карталар: Кірпілер және Ұзын-қысқа
Қуыршаққа арналған моншақ: 1 кіші Ақбота тобына арналған интеграцияланған ашық сабақтың технологиялық картасы
Шалқар қаласы №12 балабақша І-а кіші тобына арналған Сүйкімді күшік тақырыбындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Мектепалды даярлық тобына арналған И дыбысы мен әрпін таныстырудың технологиялық картасы
№97 балабақша І сәбилер тобына арналған Бақшаға серуен тақырыбындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz