What time is it

Сабақтың тақырыбы: What time is it?

Сыныбы: 3 сынып

Күні:

Сабақтың негізгі мақсаты:

1. і_е дыбыстары бірге қолданғанда дауысты дыбыстардың оқылу ережесімен таныстыру

«What the time?» сұрағымен оған берілетін « It’s o’clock» жауап түрімен таныстыру

2. Сабақ тақырыбы негізінде сөйлеу білігін мен оқу дағдысын жетілдіру

3. Жалпы сұрақ қойып, оларға жауап беру білігін қалыптастыру

Сабақтың түрі: жаңа сабақ, түсіндіру, сұрақ - жауап

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, ноутбук, СД дискілері

Жаңа сөздер : in the morning, in the afternoon, in the evening, at night, What the time? It’s o’clock

Қайталау: numbers 1-12, verbs, getup, brush teeth, wash face, play football, go to school, play chess, read stories, go to bed, listen to music, do homework

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, оқулық, мультимедия- лингофон құрылғылар, СД дискілер

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, математика

Сабақ оқушылардың сәлемдесуінен және сабақ тақырыбын хабарлаудан басталады.

І. Warm up

Hello children! Sit down, please! Бүгінгі сабақта біз « і» дауысты дыбысынан тұратын сөздерді меңгеруді жалғастырамыз, « а» және « о» әріптерінің оқылуын қайталаймыз. Сағат қанша? сұрағын қойып, оған жауап беріп, үйренеміз, сондай - ақ жаңа ән жаттаймыз. ТЕД туралы әнді еске түсіріп, дискіні қосып, оқушылар тыңдап, ән салады.

Фонетикамен жұмыс

Оқушылармен бірге сөздің соңында дыбысталмайтын е әрпі бар а және о әріптерінің оқылу ережесін қайталау. Тақтаға бірнеше сөз жазып, сөз соңында е «дыбысталмайтын» әрпі бар сөзді тауып, оқуды тапсырам. Оқушылар оқиды, мұғалім сөздердің астын сызады.

Тақтада : cat, nose , bone , gate , dog, case , mum, home , banana, plane , bus, tape , school, kite , pen, nine

Ex1 p16 (CD №11) Listen, point and repeat (Тыңда, көрсет және қайтала)

Дискіні қосып, оқушылар сөздерді тыңдай отырып, оқулықтағы суреттерді көрсетеді. Одан соң дискіні екніші рет қосып, әрбір сөзден кейін тоқтатып қойып, оқушылар сөздерді қайталайды .

C:\Users\Rashid\Pictures\2015-10-08 123\123 010.jpg

Ex2 p16 (CD №11) Listen and tick

Тыңдап түсіну дағдысын қалыптастыруға және [аі] дыбысы бар сөздерді аңғара білуді дамытуға арналған жаттығу. Мұғалім сөздерді өзі таңдайды немесе төмендегі сөздерді пайдалана алады. Оқушылардың міндеті - мұғалім атаған сөздерді белгілеу

answers: kite, bike, line, prize, white . Жаттығуды тексерем.

II. Presentation

Ex4 p17 (CD №12) Listen, point and repeat (Тыңда, көрсет және қайтала)

Сөздерді тақтаға жазып, жаңа сөздермен таныстыру : in the morning, in the afternoon, in the evening, at night. Оқушылардың назарын предлогтардың қолданылуына аудару. Дискіні қосып, оқушылар бірінші бөлімін тыңдап, суреттерді оқулықтан көрсетедіЕкінші бөлімін тыңдап, қайталайды. Сөздерді сөздік дәптерлеріне жаздырту.

Now children lets play a game

Мұғалім етістіктерді атайды, ал оқушылар оынң күннің қай мезгілінде істейтіндерін айтулары керек. Егер картинамен жұмыс істейтін болса, онда оқушылар картинаны таңдап алып, картина бойынша сөйлейді. Ал қалғандары оны қай мезгілде жасайтындарын айтады

T: get up T: sleep

PL 1 : in the morning PL 3 : at night

T: have lunch

PL 2 : in the afternoon

Remember айдары

Оқушылардың назарын кестеге аударып, тақтаға сағаттың суретін салып, оқушылар циферблаттағы цифрларды атайды. Оқушыларды What time is it? What’s the time? сұрақтарымен таныстыру. Оқушылар хормен қайталайды.

T: What’s the time?

PL 1 : It’s five o’clock

Сергіту сәті

ІII. Practice

Ex. 6 p18 (CD №13) Listen and sing (Тыңда және ән сал)

Bobby- дің суретіне қарап, оның не істейтінін көрестетін уақыт бойынша сұрайды. Одан әрі әнді жаттайды.

C:\Users\Rashid\Pictures\2015-10-08 123\123 012.jpg

Ex. 7 p18 - Write (Жаз)

Бұл жаттығудың мақсаты - мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру білігін қалыптастырып, жазу. Жаттығуды оқулыққа қарандашпен немесе дәптерлеріне орындайды.

Answers:

What does Bobby do at 7 o’clock? He gets up at 7 o’clock

What does Bobby do at 8 o’clock? He goes to school at 8 o’clock

What does Bobby do at 1 o’clock? He comes home at 1 o’clock

What does Bobby do at 2 o’clock? He has lunch at 2 o’clock

Ex8 p19 Speaking. Ask and answer (Сөйлеу. Сұра және жауап бер)

Оқушылар бірге осы беттегі сөз тіркестерін оқиды. Оқушылар не істейтіндерін «+» және нені істемейтіндерін «х» белгісімен көрсетеді. Үлгіні пайдалана отырып, жалпы сұрақтар құрасырады. Мұғалім сөз тіркестерін бос орынға қойып, оған қысқаша түрде жауап беру керектігін түсіндіреді. Жұппен жұмыс істейді. Мұғалім сынып ішін аралап, оқушыларды тыңдайды, қажет болған жерде түзетіп, көмектеседі.

IV. Homework

Ex:1-5 p12-13 (workbook)


Ұқсас жұмыстар
Мұғалім жасалған сабақ
Free time activities. Бос уақыттағы іс-әрекет
Қызылөзек орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Суммативті бағалау
5-ші сыныпта интерактивті тақтаны пайдаланып My Computer тақырыбына жасалған сабақ жоспары
Cағат неше
Топтарға тапсырма беру. Сабақты бағалау
Сабақтың кезеңі
Музыкамен жаттығу
Адамды мұратқа жеткізетін - ана тілі мен ата дәстүр
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz