Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Үздік биологтар

БҚО, Зеленов ауданы, Факел ауылы , Подхоз жалпы білім беретін негізгі мектебінің биология пәнінің мұғалімі А.М.Курбанбаева.
Тақырыбы: <<Үздік биологтар>>
Мақсаты: Білімді жүйелеп, ойлау және есте сақтау қабілеттерін арттыра отырып, танымдық қызығуын дамыту мақсатында оқушылардың ұжымдасып жұмыс жасауы , белсенділіктері артуы, жылдам қимылға , ұшқыр ойлауға дағдылануы. -Құрметті ұстаздар мен оқушылар!<<Үздік биологтар>> атты 6-9 сыныптар арасында биология пәнінен өткізілетін танымдық интеллектуалдық сайысымызға қош келдіңіздер! Сайысқа түсетін топтармен таныстырып өтейін: 1-топ <<Табиғат>> ұраны: <<Табиғаттың тарылтпайық тынысын >> 2-<<Гүлдер>> ұраны: <<Гүл өссе жердің көркі, қыз өссе елдің көркі>>
Сайыскерлеріміздің біліміне , шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ - қазылар алқасымен таныстырып өтетін болсам: География пәнінің мұғалімі: Сисенгалиева А.А. Математика және физика пәнінің мұғалімі: Мұхтарова А.Б Сайысымыздың барысы: 1.Бәйге 2.Жұмбақтар әлемі 3. Кім жылдам?<<Ең,ең,ең>> 4.Халық айтса ,қалып айтпайды. 5.Іздеу ұйымы <<Ойлан тап!>> 6.Шығармашылық жұмыс <<Табиғатты қорғайық>> 7.Қорытынды Мұғалім: Тапқыр, білгір, дарынды Жарыс бар бүгін арынды Биология пәнін сүйсең сен Ортаға сал барыңды деп сайысқа қатысушыларға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастасақ. Білімнің ұшқырлығын танытатын , Топтағы сайыскерлер жаңылмағын . Уақыт деген зымырап өтіп кетер, Асып , тасып, асықпа , қалыспағын. -Әрбір топ өздерін таныстырып өтеді. 1-кезең: <<Бәйге>> әр топқа ботаника және зоология бойынша 10 сұрақ беріледі. Әр сұраққа 1 ұпайдан есептеліп отырады. 1-топ <<Табиғат>> 1.Жануарлар әлемін зерттейтін ғылым?(Зоология). 2.Жасушаны ашқан ғалым?(Роберт Гук). 3.Микроскопты ойлап тапқан ғалымдар? (Әкелі- балалы Янсендер). 4.Тек өсімдік жасушасына тән денешік(Пластид) 5.Қазақстанда қанша қорық бар.(10) 6.Амеба ненің көмегімен қозғалады(жалғанаяқтар) 7.Қазақстанда тұңғыш Қызыл кітабы қашан шықты(1978ж) 8.Гүлдің негізгі бөлімдері (күлте,тостағанша,аталық,аналық,гүл сағағы, гүл табаны) 9.Жеуге жарамды саңырауқұлақты атаңыз.(қозықұйрық, ақ саңырауқұлақ т.б.) 10.Мойны ұзын жануар(Керік). 2-топ: <<Гүлдер>> . 1.Өсімдіктерді зерттейтін ғылым?(Ботаника) 2.Жасыл эвглена ненің көмегімен қозғалады(талшық) 3.Жануартану оқулығын жазған ғалым(Х.Досмұхамедов) 4.Пластидтің қандай түрлері бар(Хлоропласт, хромопласт,лейкопласт) 5.Паразит саңырауқұлақты атаңыз(жалған түбіртек, көңілкеш т.б) 6.Гүлдің күлтесінде не орналасады(шірнеліктер) 7.Өрмекшінің неше аяғы бар(8). 8.Қазақстанда өсімдіктер мен жануарды қорғау мақсатында неше ұлттық саябағы бар(7) 9 .Қосарланып ұрықтануды ашқан ғалым(С.Г.Навашин) 10.Балықтартың тыныс алу мүшесі қалай аталады(желбезек). 2-кезең. Жұмбақтар әлемі. <<Өсімдік сырлары>> <<Жұмбақ жануар>> Әрбір топ өздерінің таңдаған ұпайларына байланысты жауап береді сол ұпай қосылып отырады.10 20 30 40 50 10 ұпай Тұщы су оның тұрағы 10 ұпай Жануарлардың денесінде болады? Өзгеріп пішіні тұрады. Кейбір кезде адам қанын сорады. <<Аяғының>> саны көп, Тойған кезде томпайып , Бірақ жоқ оның <<құлағы>>(Амеба) Құрсағы қанға толады.(Кене)
20 ұпай.Жер астында тұрағы, 20 ұпай Аңыз бойынша бұл құстар Қорегін жұтып тұрады. Періштелерді көргенде Сол қоректің нәрінен Белгілі бір дыбыс шығарып, Жайқалады жапырағы (тамыр) Адамдарға белгі береді екен (Әтеш) 30 ұпай Жайлы, жұмсақ төсегім, 30 ұпай Топырақтың арасында тұрағы, Домаланып өсемін. Топыраққа құнар беріп тұрады. Қабат-қабат тоным бар, Жаңбырдан соң жер бетіне шығады. Қалай оны шешемін.(Орамжапырақ) Ойланған жан оның мәнін ұғады.(Шұбалшаң) 40 ұпай.Мұрты бар иегінде сақалы жоқ 40 ұпай Жеп көріп ем өзін мен Тоны бар киеріне шапаны жоқ. Жас шығарды көзімнен.(Пияз) Пайдасы үй ішінен табылған соң, Далаға кіріп-шығар сапары жоқ(Мысық) 50 ұпай Төрт қанаты тым әдемі өрнекті, 50 ұпай Улы газ да, суда оның қорегі Тоқымайды бірақ олар өрмекті. Тіршілікке қоректік зат бөледі. Ұшады олар қанаттарын себелеп , Сары менен қызыл түске боялып Оның аты түрлі-түсті (Көбелек) Күздің ызғар суығынан өтеді.(Жапырақ) 3-кезең. Кім жылдам? <<Ең,ең,ең>> Сұрақ жалпы қойылады.Сол топқа 1 ұпайдан беріліп отырады. 1.Ең үлкен балық(кит акуласы). 2.Құрлықтағы ең үлкен жануар(Піл). 3.Ең тез жылдам өсетін өсімдік (бамбук тәулігіне 1 метр өседі). 4.Ең алып кесіртке.(Варан). 5.Ең алып қосмекенді (Саламандра).6.Ең алып жылан(Анаконда).7.Ең кішкентай құс(колибри). 8.Ең суыққа төзімді құс(пингвин). 9 Ең ірі бақа (Голиаф) 10.Ең ірі жылан (Питон). 11.Ең алып жыртқыш (Ақ аю). 12 Ең алып құс(страус).13 Ең биік жануар (Керік) 14. Ең ұзақ жасайтын ағаш (Емен 2000ж). 15.Дүниедегі ең биік ағаш(эвкалипт). 4-кезең <<Халық айтса, қалып айтпайды>>. Халқымыздың өз ұрпағын , табиғатты аялап сақтауға шақыратын алуан түрлі ырым тыйымдары, даналық сөздері бар.Осы жұлдызшалардың астында суреттер жасырылған соған байланысты тыйым сөздер даналық сөздер айтуларыңыз керек.Дұрыс жауапқа 5 ұпайдан қосылып отырады. 1.Шөп-көк шөпті жұлма, таптама. 2.Құс-құс ұясын бұзба. 3.Жылан-үйге кірген жыланның басына ақ құйып шығарады.Жыланға жылы сөйлесең жылан інінен шығады. 4.Жылқы-адассаң атыңа сен.Атты сыйлағанда ноқта, жүгі берілмейді.Атты басынан ұрмайды. 5.Аққу-киелі құс деп аққуды атпайды .Аққуды атпа, досыңды сатпа. 6.Ағаш-жалғыз ағашты кеспе.Бір тал кессең он тал ек. 7.Қой-қойдың сүті қорғасын , қойды тепкен оңбасын. Мал өсірсең қой өсір өнімі оның көл көсір. 5.Іздеу ұйымы. <<Ойлан тап>> кезеңі.Бұл кезеңде әр топқа өсімдіктер туралы қысқаша мағлұмат беріледі, ол қандай өсімдік екенін табу керек .Дұрыс жауапқа 10 ұпай қосылып отырады. 1-топқа. Мен екі жылдық көкеністік дақылдардың маңыздыларының бірімін.Сыртқы келбетім қабыршақты құрғақ, сары, ақ кейде күлгін түсті болып келеді.Мені шұжық өндіруде, сүрлеме жасауда асқа дәм беретін зат есебінде пайдаланады.Аршыған кезде ашытып, жылатады. Тұмау, жүрек жұмысын жақсартатын дәрі ретінде қолданылады.(пияз). Бұл өсімдік ұзақ уақыт ботаникалық бақтарда өсірген. Гүлдерін ханымдар әдемілік үшін шаштарына таққан.200 жылдан кейін ғана шаруалар өздерінің бақшаларына егіп азық ретінде пайдалана бастаған. Бұл өсімдікті ресейге ең алғашқы рет Петр 1 әкелген .Қандай өсімдік.(Картоп) 2-топқа. Мен жылуды, ылғалды , жарықты және құнарлы топырақты сүйетін дақылмын.Мені дәнді ботқа, палау жасауға пайдаланады. Қайнатпам асқазан ауруына қолданылатын тамаша дәрі. Мені өсіруден дүние жүзілік рекорд жасаған Ыбырай Жақаев Сонда мен қай өсімдікпін?(күріш) Маған гүлдің барлық бөліктері бекінеді. Мен гүлсағақтың жоғарғы жағының жуандаған жерімін .Пішіндерім алуан түрлі .Мен гүлдің қандай бөлігімін.(Гүлтабан). 6-кезең.Шығармашылық жұмыс <<Табиғатты қорғайық>> атты тақырыпта тірек сөздерді пайдаланып шағын әңгіме жазыңдар.Тірек сөздер: табиғат, әсемдік, байлық , қоршаған орта, қорғау, міндет, өсімдік , парыз, жануар. Қорытынды. Заман қаншама қиын қыстау болса да, Игі істер болып жатыр қаншама. Үздік биологтар танылған, Жүлдегерді танытпасақ бола ма? - Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті , сайыстың қорытындысын айту үшін әділ-қазыларға сөз кезегін берсек. Сайыста жеңіп шыққан топқа мақтау қағазымен марапаттап, бүгінгі сайысымызға белсене қатысқан оқушыларға үлкен рахмет айтамыз.

Ұқсас жұмыстар
Натрий және оның қосылыстары
Сүйек типтері және олардың байланысуы
Жануарлар патшалығы
Білгір биологтар
Тақырып - Білгір биологтар
Суқоймаларды қорғау
"натурал және бүтін көрсеткішті дәреже"- тарауына қайталау есептерін шығару
Сабақтың талдауы
Алтынемел ұлттық саябаққа саяхат сабақ 7-сынып
Шағын қала
Пәндер