Электромагниттiк өріс. Құйынды электр өрісі. Электромагниттiк толқындар

Сабақ реті_14 Пәні физика Сынып 11 Күні

Сабақ тақырыбы: Электромагниттiк өріс. Құйынды электр өрісі. Электромагниттiк толқындар. Электромагниттiк толқындарды шығару. Герц тәжiрибелерi.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушыларға Максвелл теориясының идеялары туралы түсінік беру; Оқушыларға электромагниттік толқындар, ашық жабық тербелмелі контурлар, Герц тәжірибелері туралы түсінік беру.
  2. Оқушыларды ө­з бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, видеокассеталар, слайдтар.

Пәнаралық байланыс: геометрия, алгебра

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері) ;
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа сабақ.

Эрстед (1820)

Фарадей Дж. Максвелл (1864) екі постулат:

  1. Айнымалы магнит өрісі құйынды электр өрісін тудырады.

Магнит индукциясы артса артса, құйынды электр өрісі кернеулік векторының бағыты сол бұранда ережесімен анықталады.

Магнит индукциясы кемігенде кернеулік векторының бағыты оң бұранда ережесімен анықталады.

спорт зал 210

  1. Айнымалы электр өрісі құйынды магнит өрісін тудырады.

Электр өрісінің кернеулігі артқанда пайда болатын магнит өрісінің индукция векторы векторымен оң бұранда жасайды.

Керісінше, электр өрісінің кернеулігі кемігенде магнит индукциясының векторы векторымен сол бұранда жасайды.

спорт зал 211

Электрмагниттік өріс-материяның ерекше бір түрі, электр және магнит өрістерінің жиынтығы.

Егер заряд жылдамдығы нөлге тең болса, тек электр өрісі пайда болады.

Заряд жылдамдығы тұрақты болса, электромагниттік өріс пайда болады.

Заряд үдемелі қозғалса, электромагниттік толқын шығарылады.

Айнымалы электромагниттік өріс тербелістерінің кеңістікте таралуын электромагниттік толқын деп атайды.

Механика 043

Электромагниттік өріс кеңістіктің барлық бағытында 3 м/с жылдамдықпен электромагниттік толқын түрінде таралады.

Механика 043

Жарық - электромагниттік толқын.

Бірдей фазада тербелетін ең жақын екі нүктенің арақашықтығы электромагниттік толқын ұзындығын береді.

Электромагниттік толқын көлденең толқын.

Электромагниттік толқын электр зарядтарының үдемелі қозғалысынан туындайды. 1887-1888 жылдар аралығында Г. Герц электромагниттік толқындардың бар екендігін эксперимент жүзінде дәлелдеді.

Жабық тербелмелі контур.

Механика 043

Егер катушканың орам сандарын да азайта бастасақ, онда индуктивтілік кемиді.

Механика 043

Ашық тербелмелі контур немесе Герц вибраторы.

Механика 043

Ашық тербелмелі контурдың сыйымдылығы мен индуктивтілігі өте аз. Сондықтан вибратордағы электромагниттік өріс тербелістерінің меншікті жиілігі аса жоғары болады.

Механика 043

Герц тәжірибелері.

Механика 043 Механика 044

IV. Пысықтау.

  1. Фарадейдің қандай идеялары Максвелдің теориясында жалғасын тапты?
  2. Құйынды электр өрісінің көзі неде?
  3. Магнит өрісін тек қозғалыстағы зарядтар ғана емес, уақыт бойынша өзгеретін электр өрісі да тудыратынын қалай түсіндіруге болады?
  4. Өткізгіштік ток пен ығысу тогының ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
  5. Максвелл теориясына кіретін негізгі физикалық шамаларды атаңдар.
  6. Электр өрісі бар санақ жүйесінен басқа санақ жүйесіне ауысқанда неге магнит өрісі де пайда болатынын және керісінше жағдайдф қысқаша түсіндіріңдер.
  7. Электромагниттік толқын деген не?
  8. Электромагниттік толқынның вакуумдегі және ортадағы таралу жылдамдығы қалай анықталған?
  9. Электромагниттік толқынның таралу бағытын қалай анықтауға болады?
  10. Неліктен жабық тербелмелі контур электромагнитті толқынды шығарып тарата алмайды?
  11. Неге ашық вибраторда электромагниттік тербеліс кезінде толқын шығарылады?
  12. Герцтің электромагниттік толқынды қоздыру және тіркеу тәжірибелерін түсіндіріңдер.

Кестені толтыр.

Айнымалы магнит өрісі құйынды электр өрісін тудырады.

Айнымалы электр өрісі құйынды магнит өрісін тудырады.

Айнымалы магнит өрісі құйынды электр өрісін тудырады.:
Айнымалы электр өрісі құйынды магнит өрісін тудырады.:

Венн диаграммасын толтыр.

V. Есептер шығару . Кітаппен жұмыс. Есептер шығару.

VI. Қорытындылау.

VII. Бағалау.

VШ. Үйге тапсырма: : Электромагниттiк өріс. Құйынды электр өрісі. Электромагниттiк толқындар. Электромагниттiк толқындарды шығару. Герц тәжiрибелерi. оқу, 15. 3-15. 6 жаттығулар, 82 бет.


Ұқсас жұмыстар
Жарық энергиясы
10-11 сыныптарға арналған тақырыптық-күнтізбелік жоспар
Радиобайланыс принциптері
Электромагниттік индукция құбылысы
Магнит индукциясы
Физика пәнінен жаратылыстану бағыты бойынша тереңдетіп оқытуға қосымша сабақ (факультатив) жоспары
Физикалық олимпиадалардың есептерін шығару
Оқушы әрекеті. Сабақтың тақырыбы
PISA есептері
"магнит өрісі" тарауын қайталау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz