Абай бол, жас дос

Бекітемін: Күні:

«Абай бол, жас дос»

Мақсаты: Оқушыларға көше қатынасы ережелерін меңгерту; жолда жүру ережесін есте сақтау арқылы білгендерін пайдалана білуді тұрақты дағдыға айналдыру; оқушыларды жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, плакатқа жазылған ескерту сөздер, макеттер, оқушылардың салған суреттері.

Барысы.

Залға сап түзеп әр сынып оқушылары музыка ырғағымен кіреді. Әнұран орындалады.

1-жүргізуші: Құрметті оқушылар! Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгінгі «Абай бол, жас дос» жиынымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

2-жүргізуші: Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүректе бүршік атып гүлдейді үміи.

Арманға сапар тарту мүмкін емес,

Жол жүру ережесін білмей тұрып.

1-жүргізуші: Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,

Жол жүру ережесі заңды тәртәп -

Ол ортақ

Үлкен кіші баршамызға!

2-жүргізуші: Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген.

Бүгінгі бізге келген қонақтарға,

Жиынымыз басталсын сәлемменен.

1-жүргізуші: Оқушыларға сөз кезегін берейік.

І топ. «Бағдаршам».

Топтың ұраны: Тоқта! Сақтан! Жол ашық!

Жүрме жолға таласып.

ІІ топ: «Жол белгілері».

Топтың ұраны: Үйрен таппай тыным бір,

Белгілердің тілін біл!

ІІІ топ: «Жүргізуші».

Топтың ұраны: Жол тәртібін білейік,

Аман-есен жүрейік!

ІҮ топ: «Қиылыстар».

Топтың ұраны: Басталар әр қиылысың аттауменен,

Жолда жүру ережесін сақтауменнен.

Хор: «Бағдаршам».

І топ. «Бағдаршам».

(Бағдаршамның шығу тарихы жайлы баяндайды) .

  1. - оқушы:Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапқанын білесіңдер ме? Ал ендеше тыңдап көрелік. Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмағын.
  2. - оқушы:Оны көше қиылысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшын инженер-механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты.
  3. - оқушы:Алдымен түрлі-түсті сигнал қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды.
  4. - оқушы:Өкінішке орай бізде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады да, содан жарты ғасыр бойы ұмыт болады.
  5. - оқушы:Тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласында, сосын Нью-Йорк, т. б. қалаларында пайда бола бастайды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана: қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолданыла бастады.
  6. - оқушы:Кеңес одағы бойынша алғаш рет бағдаршам 1924 жылы Мәскеу қаласының Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысында орын алды.

ІІ топ. «Жол белгілері».

1 - оқушы: Үйрен таппай тыным бір,

Белгілердің тілін біл.

Егер оны білмесең,

Тартар жолың бұлыңғыр.

2 - оқушы: Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,

Хабарлайтын бар қауіпті оң сапарға жолдаған.

Маған қарап жүрер болса жүргізуші, жаяу да,

Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған.

3 - оқушы: Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын,

Қайда болса алда тұрып жібермеймін бір адым.

Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,

Осы жолы үндемеймін бар ма тағы сұрағың.

4 - оқушы: Белгімін көсетер жылдамдық бағытын,

Ой, шыңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті,

Барлығын анықтап, көрсетіп жіберем,

Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.

5 - оқушы: Баратын сапардың қашығын, тұрағын,

Үн-түнсіз жол сілтеп көрсетіп тұрамын.

Күндіз де, түнде де от болып жанады,

Көкпеңбек боялған төртбұрыш шырағым.

ІІІ топ. «Жүргізуші».

1 - оқушы: Жол ережесін білу өмірімізді қауіптен, жазымнан сақтайды.

2 - оқушы: Оның сырын біліп, жол ережесін орындау баршамызға қажет.

3 - оқушы: Есігінен артқы,

Көлікке сен мінген.

Дәл осы бір сәттен,

Құлағыңды тіккен.

4 - оқушы: Кезекте сен әлгі,

Артқы есіктен кірген.

Енді есіктен алға,

Түсеріңді білген.

ІҮ топ. «Қиылыстар».

1 - оқушы: Жолдар қиылысында,

Қалтарысып қысылма.

Көлденеңнен жол болса,

Кібіртіктеп тоспа оны.

2 - оқушы: Бос болмаса алайда,

Сақтық жаса абайла.

Қалмас үшін соқтығып,

Ол өткенше тос тұрып.

3 - оқушы: Ирек-ирек көшелер,

Көше деген мың ирек.

Қиындыққа әйтсе де,

Үйренесің біртіндеп.

(«Бағдаршам» ойынына барлық оқушы топпен қатысады) .

2 - жүргізуші: Ойын жүргізуші алдын ала дайындаған үш түсті көрсетіп, оқушылардың қаншалықты жинақы екенін байқайды.

Ойын шарты:


Ұқсас жұмыстар
Ана туралы балада
Ертегілер еліне де - жол тәртібі қажет. 1-4 сынып
Еңбек жолыңа сәттілік, жас маман!
Қош бастауыш жайлы ақпарат
Әдепті бала
Аталар мұрасы-халық қазынасы
Тақырып Әліппе, саған мың алғыс
Ағалар ақылы
Мағыналары қарама-қарсы сөздер
Кітапта алма ағашы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz