Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қайнау.Меншікті булану жылуы туралы

Мұғалімнің аты- жөні
Бейнеу ауданы.Ногаева Светлана
Сабақтың аты
Қайнау.Меншікті булану жылуы
Сілтеме
Жоспар
Жалпы мақсаты
Қайнау.Меншікті булану жылуы туралы ақпарат беру.Меншікті булану жылуының формуласын пайдаланып есептер шығаруға үйрету.Топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
:: Қайнау.Меншікті булану жылуы туралы білетін болады.
:: Меншікті булану жылуының формуласын пайдаланып есептер шығаруды үйренеді.
:: Топпен жұмыс жасай алатын болады.
Негізгі идеялар
Сұйықтардың қайнайтын температурасы әр түрлі және меншікті булану жылуына тәуелді.
Тапсырмалар
Топтық жұмыс <<Мәтінмен жұмыс>>
Тапсырмалар
Жұптық жұмыс <<Есептер шығару>>
Тапсырмалар
Топтық жұмыс <<Тұжырымдамалық карта>>
Тапсырмалар
Жеке жұмыс <<Тест>>
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру(3 минут)
1.1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
1.2.Табиғат құбылысына байланысты 4 топқа бөлеміз.
<<Күз>>, <<Жаз>>, <<Қыс>>, <<Көктем>>
ІІ. Миға шабуыл (3 минут)
1.Заттың қандай агреграттық күйлерін білесіңдер?
2.Затың қатты күйден сұйық күйге өтуі не деп аталады?(балқу)
3.Молекуласы ыдыстың барлық көлеміне таралатын заттың күйі қандай күйге жатады? (сұйық)
4. Сұйық бетіндегі булану не деп аталады? (кебу)
ІІІ. Жаңа сабаққа көшу үшін берілетін сұрақтар (сұрақ қою техникасы) (3 минут)
1.Суретттер қандай құбылысты бейнелейді?
2.Температура өзгерісіне байланысты сұйық ішінде қандай өзгеріс болады?
3.Барлық сұйықтар бірдей температурада қайнай ма?
ІҮ. Топтық жұмыс <<Мәтінмен жұмыс>> (13 минут)
Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып сұрақтарға жауап береді. Сосын топ мүшелері барлығы бір-бір сұраққа кезектесіп жауап береді. Жауаптарын критериий арқылы формативті бағалайды.
1.Неліктен бу көпіршіктері ұлғаяды және жоғары көтеріледі?
2.Қайнау дегеніміз не?
3.Қандай температура қайнау температурасы деп аталады?
4.Қайнау процесі үзбей жүріп тұру үшін не керек? 5.Заттың булануға қабілеттілігі немен сипатталады?
6.Меншікті булану жылуының белгіленуі мен өлшем бірлігін ата.
7.Массасы m сұйықты буландыруға қажетті жылу мөлшерінің формуласын жаз.
8.Конденсацияның меншікті жылуы неге тең?
Ү. Жұптық жұмыс <<Кестені толтырайық.Есептер шығару>> (6 минут)
Q
4,6*106 Дж
?
4,5*105 Дж
r
2,3*106 Дж/кг
3,3*106 Дж/кг
?
m
?
0,2кг
0,5кг
Жұптар өз есебін үлгіге қарап бағдаршам арқылы (1-қате жасыл, 2-қате сары , 3-қатеден жоғары қызыл мен)формативті бағалайды.
IV. Топтық жұмыс <<Тұжырымдамалық карта.Заттың агрегаттық күйлері туралы не білесің>> (Топтар өзара жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалайды). (7 минут)
VІІ. Жеке жұмыс (тест,сумативті бағаланады: 4-6 дұрыс жауап-3, 10-13 дұрыс жауап-4, 14-15 дұрыс жауап-5 ) (7 минут)
1.Меншікті балқу жылуы қандай әріппен белгіленеді
A. q
B. r
C. λ
D. c
2.Балқу дегеніміз...
A. Сұйықтың буға айналу процесі
B. Заттың қатты күйден сұйық күйге айналу процессі
C. Заттың сұйық күйден қатты күйге айналу процессі
D. Қатты дененің бетінде жүретін булану
3. Меншікті булану жылуының формуласы
A. q = Qm
B. q = Qm
C. r = Qm
D. r = Qm
4.Қайнау температурасындағы 500 гспиртті буландыру үшін қанша жылу жұмсалады?
A. 92 кДж
B. 92 Дж
C. 450 кДж
D. 450 Дж
5. 2 кг алюминий балқығанда қанша энергия жұмсау керек?
A. 7,8 кДж
B. 780 кДж
C. 7,8 Дж
D. 7800 дж
6.Қатаю температурасы дегеніміз
A. Заттың балқу кезіндегі температурасы
B. Заттың қыздыру кезіндегі температурасы
C. Заттың қатаятын температурасы
D. Заттың салқындау температурасы
7.Кебу дегеніміз
А. Будың сұйыққа айналу құбылысы
B. Сұйықтың буға айналу
C. Сұйықтың бетінде жүретін булану
D. Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын буды
8. Заттың кебу жылдамдығы неге тәуелді
A. сұйық беттің ауданына,тегіне,салмағына
B. сұйық беттің ауданына,тегіне,температурасына
C. сұйық ,тегіне,температурасына,салмағына
D. сұйық беттің ауданына,температурасына,салмағына
9. Массасы m қатты денені балқытуға қажетті жылу мөлшері
A. q = Qm
B. λ = Qm
C. Q = λm
D. r = Qm
10.Қанықпаған бу дегеніміз
A. Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын буды
B. Өз сұйығымен тепе-теңдікте болмайтын,яғни қанығуға жетпеген
C. Өз сұйығымен тепе-теңдікте болмайтын,яғни қанығуға жеткен
D. Өз сұйығымен тепе-теңдікте болатын,яғни қанығуға жетпеген
11.Температурасы 1000С,массасы 10г су буы конденсацияланғанда қанша жылу қажет?
A. 23 Дж
B. 23 кДж
C. 2,3∙106 Дж
D. 230 Дж
12.Балқу температурасындағы 100 кг темірді сұйыққа айналдыруға қанша энергия қажет
A. 27 Дж
B. 27 кДж
C. 2,7∙106 Дж
D. 27 МДж
13. Меншікті балқу жылуының формуласы
A. q = Qm
B. λ = Qm
C. Q = λm

D. r = Qm
14.Сұйықтың температурасы неғұрлым жоғары болса, онда....
A. булану соғұрлым бая болады
B. булану болмайды
C. булану соғұрлым тезірек болады
D. булану соғұрлым жай болады
15.Судың қайнау температурасы
A. 00С
B. -1000С
C. 1000С
D. жауабы жоқ
VIII. Кері байланыс. (3 минут)
Рефлексия.(Маған ұнады,қиын болды.)
Әр оқушы стикерге бүгінгі сабақта не ұнады, не қиын болғаны жайлы немесе қандай әсер алғанын қысқаша ғана жазып, тақтаға іледі.
Кейінгі тапсырмалар
Оқулықтағы есеп шығару үлгісіне қарап 11 жаттығуды шығару.
Кейінгі оқу
Қайнау.Меншікті булану жылуы тақырыбын оқу.

Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
Манашы орта мектебі

Сабақ тақырыбы: <<Кім болам?>>
Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп,қызығушылықтарын арттыру.Мың түрлі мамандықтар туралы түсінік қалыптастыру.
Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңдай білуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, мамандық міндеттері, слайд көрсету.
1 Мен таңдаған мамандық.
2. Мамандық дегеніміз не? (оқушылардың пікірі)
3. Психологиялық сәт
4. Еңбек және жалқаулық туралы мақал-мәтелдер айту.
5. Ойын: <<Қай мамандық иесі?>>
Барысы: <<Әдептілік белгісі, иіліп сәлем бергенің>> қонақтармен амандасу.
Мұғалім:
Арыстандай айбатты
Жолбарыстай қайратты
Қырандай күшті қайратты
Мен жастарға сенемін - деп Мағжан ақын бір кездері бекер айтпаған болар. Сондықтан , біз ,жастар ,қоғам,халық алдындағы борышымызды сезіне білуіміз керек. Болашақ - білімді жастар қолында. Елбасы Н.Ә.Назарбаев білім алу үшін барлық жағдайға жол ашқан .Міне сол білімді саналы түрде игере отырып, Отанымыздың бір тетігіне сапалы маман болып қалану - біздің басты парызымыз.
Мамандықтың бәрі жақсы .Тек оны жүрек қалауымен таңдай біл. Сонда ғана сенің сол мамандыққа деген қызығушылығың артады. Осы мамандықтың барлығы ұлы тұлға - ұстаз алдынан өтеді.
Ұстаз болу -жүректің батырлығы
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы
Азбайтұғын адамның алтындығы - деп Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай дана да ,экономистте, дәрігерде бәрі - бәрі ,әнші де ұстаз алдынан өтеді. Ғылым иесі ғалымда ,ел қорғаған батырда, тілінен бал тамған ақында , егін салған диқанда, мал бағып,терін төккен шопанда ,көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер бәрі - бәрі ұстаздан тәлім алған , сондықтан ұлағатты ұстаздар ,сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Мұғалім: -Ендеше әрқайсымыз өз қалаған
мамандығымызды айтайық.
1-оқушы: Мамандық дегеніміз- адамның еңбек қызметінің түрі.
Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тапта бар қалан,
деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз.
Біздің таңдауымыз әртүрлі.
Мұғалім: Әрине,біреуің ертең ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.
Мұғалім: Сонымен балалар,белгілі бір мамандық иесі болу үшін арнайы оқу керек екен.
Қандай мамандық түрлерін білесіңдер?
-Мұғалім, кітапханашы,есепші, аспаз, сәулетші, дәрігер, заңгер, шахтер,тігінші,
Балалар, сендер қандай мамандықтарды көбірек естисіңдер?
Мұғалім, кітапханашы, аспаз, есепші, сәулетші, зергер, дәрігер, шахтер, заңгер, тігінші,т.б.
Ал енді, балалар қазір
<<Мамандықтың бәрі жақсы>> деген ойын ойнаймыз.
Ал сіздердің өздеріңіз армандаған мамандық туралы жыр - шумақтарыңызды тыңдап көрейік.
Ай-hай,ғажап қандай бұл!
Ал, қане кәсіп таңдай біл:
Аламын қандай мамандық
Алдым да толған таңдау тұр.
Әнші:
Әлемге ән боп жалғанар, Әйгілі не бір тарландар
Әуелей ұшқан аққудың ,Әсерлі үнін ұшқан дәл.
Роза мен Күләштай Әнші болсам не арман!
Ұшқыш:
Ар- намысын сақтаған, Жүректе сыр жаттаған
Туған елін-ұясын, Жан тәнімен сақтаған
Ұшқыш болғым келеді.
Инженер:
Мен инженер боламын, Жерден алтын табамын.
Жолын қуған әйгілі, Академик ағаның.
Ақын:
Ал мен ақын боламын,Сусылдаған қаламым.
Адамдардың жүрегін,Жырмен жаулап аламын.
Агроном:
Нан беремін баршаға,Жер маманы болам мен
Барып жүрмін бақшаға,Агроном ағаммен
Теңізші:
Үлкен алып кемеммен
Мұхиттар мен теңіздерді шарлаймын,
Дауылдарда толқындардан қорықпаймын,
Болашақта мен теңізші боламын.
Суретші:
Суретті керемет салатын,
Суретші мен боламын.
Абілхан атам сияқты
Сурет жолын қуамын.
Суретші болған ұнайды,
Таң қалдырсам талайды,
Суретшілік өнерді
Жүрегім менің қалайды.
Кәсіпкер:
Кәсіпкер болсам егерде,Бар әлемді кеземде
Бар пайданы ойламай,Барымды берем мен елге.
Велсипедші:
Велосипед мініп,оданда Вело спортшы болам ба?
Вело жарыс жолында,Великпен желден озам да,
Винакуров секілді мен чемпион боламын!
Ғалым:
Ғалымның жолы ғажайып
Ғибарат сабақ алайық
Ғұмыр бойы ізденіп,
Ғанибет ашу жаңалық.
Мұғалім: Ал, балалар, кім еңбектің -қас жауы жалқаулық туралы мақал-мәтелдер біледі?.
1.Су-ырыстың көзі. Еңбек кірістің көзі.
2.Ащы еңбектен - тәтті нан.
3.Ермек қуған бәлеге жолығады,Еңбек қуған қазынаға жолығады.
4.Еңбек шаһар түзетеді,Еңбексіздік оны жүдетеді.
5.Жаманға жан жуымас,Жалқауға мал жуымас.
6.Еңбек-ширатады,Өмір үйретеді.
7.Еріншіек түске дейін ұйықтайды,кешке дейін есінейді.
8.Жалқауға сөз,шабанға таяқ өтпейді.
9.Біткен іске сыншы көп,Піскен асқа жеуші көп.
10.Еңбек етпесең елге өкпелеме,
Егін екпесең жерге өкпелеме.
11.Еңбектің көзін тапқан,
Байлықтың өзін табады.
12.Кім еңбек етсе-сол тоқ.
13.Жұмысы жемістінің-өмірі келісті.
14.Адал еңбек елге жеткізер,
Арам қулық елден кеткізер.
15.Жалқаудың жауы - жұмыс.
16.Уақытының бос өткені-өміріңнің бос өткені.
17.Қолыма жұмыс бергенің - жаныма тыныс бергенің.
18.Еңбек етсең емерсің,
ерінбесең жеңерсің.
19.Еңбек пен бақыт - егіз.
20.Еңбек адамның екінші анасы
Ана-бұл үлкен ұғым.Болашағымыздан үлкен үміт күтетін ата-анамыз.
Ендеше Ана туралы әнге кезек берейік Ән <<Аруана>>
Ал енді еңбек пен мамандықтың айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?
2- оқушы: Еңбек - адамның қызметі материалдық және рухани жағдайын құруға бағытталған.
Еңбек әрқашан мақсатты, яғни әрдайым нәтижелі болу керек.
3- оқушы: Ал мамандық - еңбек қызметінің түрі, ол арнайы біліктілік пен білімділікті талап етеді.
4- оқушы: Мамандық латын тілінен аударғанда ресми көрсетілген іс. Мамандық иесі болу үшін әдейі оқу керек.
5.Ойын: <<Қай мамандық иесі?>>
Оқубілім-бағдары,
Заманының бағбаны? ................... / Ұстаз /
Жаңалықтың жаршысы,
Қаламының <<жолшысы>>................Журналист
Араша тұрар өлімге,
Қай маман бұл-өмірде? .................Дәрігер
Еңбек оның-талабы
Сүйікті әні-дала әні,
Егін жайын мәпелеп,
Асырайды елін..........................диханшы - агроном
-Күрегі бар қолында,Кімді айттым ойымда?
(Диқан)
Абай атамыз айтқандай <<Болмасаң да ұқсап бақ,бір ғалымды сүйсеңіз.Ондай болмақ қайда деп,айтпа ғылым сүйсеңіз>> дегендей алға ұмтылып арманымызға
жетіп,жақсы мамандық иесі болайық! Жалпы қорыта келгенде мамандықтың бәрі жақсы.Тек қана оны таңдай білу керек. Болшақта сіздерді үлкен маман иесі болады деп зор үміт күтеміз.
Қазақстанға өз үлесіңді қосатын үлкен азамат болуларыңа тілектеспіз.
Қазақстан туы биіктен желбірей берсін !

Ән ұран <<Менің Қазақстаным>>

Ұқсас жұмыстар
Қайнау. меншікті булану жылуы. 8 сынып қысқа мерзімді жоспарлау
Қайнау. Меншiктi булану жылуы
Қайнау. меншікті булану жылуы. 8 сынып. қмж
Жылу құбылыстары. 8 сынып
Меншікті булану жылуы
Тақырып Булану және конденсация
Практикалық жұмыс 1
Қайнау.Меншікті булану жылуы Қайнау құбылысының өту барысын түсіну, оның буланудан айырмашылықтарын көрсету
Практикалық жұмыс: заттың агрегаттық күйлері өзгерген кездегі жылу мөлшерін есептеу»
Меншікті балқу жылуы
Пәндер