Сабақ жоспары :: Өзін-өзі тану

Файл қосу

Атамекен-алтын бесік Атамекеннің адамның өсіп-дамуындағы,өміріндегі алатын орны туралы

Тақырыбы: <<Атамекен-алтын бесік>>
7 сынып
Өзін-өзі тану пәні
Райымбек ауданы
Кеген ауылы
<<Ө. Жаңабаев атындағы орта мектеп>> коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жанбабаева Асель Мелисовна
Өзін-өзі тану мұғалімі

Мақсаты:оқушыларға Атамекеннің адамның өсіп-дамуындағы,өміріндегі алатын орны туралы түсінік беру:
Міндеттері:-Атамекенді қадірлей білу,оған қызмет ету,адам өмірінде атамекеннің алатын орны туралы мағұлмат беру:
-оқушылардың өз атамекені,туған жері туралы білімдерін кеңейту, туған жерінің тарихымен таныстыру;
Өз атамекеніне,туған жеріне деген сүйіспеншілігін,мақтаныш сезімдерін арттыру.
Көрнекіліктер:Райымбек ауданы, Кеген өңірінің табиғаты. <<Кегенім-құтты мекенім>> слайд. Ж. Әбдірамановтың <<Кегенге кел>> әні

Шаттық шеңбері
Оқушылармен сәлемдесу және оларды шаттық шеңберін құруға шақыру

Сарыжайлау

Сөзі: М. Мақатаев
Әні: Н. Тілендиев
І
Жазира жасыл кілем өрнектеген,
Туған жерге дариға жер жетпеген!
Сарыжайлауым.
Кең өлкем, әлдилей бер сен деп келем,
Аңсап келем сағынып, шөлдеп келем.
Сарыжайлауым.

Қайырмасы:
Саумал бұлақ - балдай дәрім,
Салқын самал - баурайларың.
Саялаған беу, туған жер,
Сағындырған Сарыжайлауым.
ІІ
Армысың ата қоныс, жасыл мекен,
Ұланыңмын, мен сенің қасыңда өтем
Сарыжайлауым.
Басқаның жерұйығын неғыламын,
Жерұйығым-өзімнің қасымда екен.
Сарыжайлауым.

Қайырмасы.
ІІІ
Жадырап жұтайыншы тау самалын,
Осы еді ғой сағынып, аңсағаным
Сарыжайлауым.
Гүлдерім, шыршаларым, аршаларым,
Бәріңе арнап мен бүгін ән саламын
Сарыжайлауым.

Ән айтылып болған соң, бүгінгі сабақтың тақырыбымен таныстыру.
Әңгімелесу
Мұғалім:
. <<Атамекен>> дегенде ойыңа бірінші не келеді?
. Адамның туған жері әрқашан атамекен бола ма?
.Өз атамекеніңді сүйе білесің бе?Оған деген перзенттік парызды қалай өтеуге болады?
.Сенің арман қиялыңда атамекенге қандай орын берілген?
.Біздің туған өлкемізден шыққан қандай азаматтарды мақтаныш етесің?
Мұғалім: Атамекен ата-бабамыздың қоныс еткен,талай зұлмат пен шапқыншылықтан аман алып қалған біздің қасиетті мекеніміз.Адам қайда жүрсе де,қандай биіктерге көтерілсе де,ол үшін ең қасиетті,ең қадірлі өлке-ол Атамекен.
Мәтінмен жұмыс
Оқулық.Ғ.Оралбаев. << Бір шымшым топырақ>> әңгімесін мұғалім оқиды.Мәтін соңынан берілген сұрақтар бойынша әңімелесу.

1. Атамекен мен туған жер ұғымдарының қандай айырмасы бар?
2. Атамекеннің адам үшін маңыздылығы қандай?

Мұғалім: Райымбек ауданының аумағында сонау сақ, үйсін дәуірінің өзінде өркениетті қалалар мен елді мекендер болған. Ежелгі сақ дәуірінің, үйсіндердің мәдениетінің белгілері қалған Қарашоқы, Таңбалытас, Тұйық, Ақтастының алтыны, байынқол мен Шәлкөденің көнерген алтын кеніштері, жібек жолы бойындағы Шығу, Құмтекей қалаларының орындары бар. Патша заманында бұл аймақ Жаркент уезіне қараған. Кеңес өкіметі орнаған соң, 1921-1928 жылдары Қарқара ауданы болып құрылды. 1930 жылы ауданның атауы Кеген деп өзгертілді. 1935 жылы ауданның құрамынан Ұйғыр, Нарынқол аудандары бөлініп шықты. 1962 жылы кеген мен Нарынқол қайта қосылып, Кеген ауданы аталды. 1966 жылы екі аудан тағы бөлінді. Тәуелсіздік алғаннан кейін, 1997 жылы Нарынқол мен Кеген аудандары бірігіп, тарихи ауданға Райымбек батырдың есімі берілді.
Міне осындай керемет тарихы бар ,ауданымыздан шыққан белгілі азаматтарымыз, алып тұлғаларымыз Райымбек батыр, М. Мақатаев, Б. Соқпақбаев, З. Нұрқаділов А. Сарсенбаев , Нұрбапа Өмірзақов, Еркін Ібітанов, Есмұхан Обаев, Ақай Нүсіпбеков, С.Белғожаев ағаларымызды айтпай кету мүмкін емес., сынды және осындай ауданымыздың бетке ұстар біртуар азаматтарының есімдері еліміздің тарихында мәңгі қалады.

Жаңа ақпарат
Атамекен...Атажұрт...Туған жер...Бұл-ең жоғарғы құндылықтардың,асыл ұғымдардың бірі.
Атамекен-туған халқының,ұлтының мекен еткен,ата-бабасының қоныс тепкен жері.Туған жер-әр адамның дүние есігін ашып,өмірге келген жері.
Адам өмірге келіп,ес жиып,етек жия бастаған сәттен өз болашағына,өткеніне ден қоя бастайды.Адамның болашағы да,өткені де атамекенмен тығыз байланысты болады.Халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең,олар туған жерді қасиет тұту қанға сіңген мінез,ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған,ана сүтімен дарыған.

Дәйексөз.
<<Туған жер-тұғырың, туған ел-қыдырың>>
Тақтада жазылған дәйексөзді оқып,мағынасын түсіндіру.
Балаларға арналған сұрақ: <<Атамекен,туған жердің адам өмірінде алатын орны қандай?>>

Видеотаспамен жұмыс. <<Кегенім-құтты мекенім>> Кеген өңірінің әсем табиғаты мен тарихи орындарын тамашалау.
М. Мақатаевтың <<Туған өлке>> өлеңін оқу

Туған өлке

Таныс өлке, таныс аймақ, таныс маң,
Анау жерде құрбылармен алысқам.
Анау жерде құрбыжанмен табысқам,
Жолдар анау шұбатылып, шаңы ұшқан.
Таныс өлке, таныс аймақ, таныс маң.

Шабындықтар, егістіктер, тоғайлар,
Төбелердің төбесінде көк айдар.
Ақша бұлтпен араласып аулаққа,
Сағым болып бара жатыр көп ойлар.
Таныс өлке, таныс аймақ, таныс маң.

Бір тынбайды шегірткенің шырылы,
Жел қозғаған ақ шилердің сыбыры
Бәрі таныс кісінеген құлыны
Ін аузында шаңқылдаған суыры

Айналайын, атамекен, ақ мекен,
Қандай қазақ іздеп сені тапты екен.
Айналайын, атамекен, ақ мекен,
Туған өлке тәтті екен ғой, тәтті екен.

Дәптермер жұмыс.
Оқушыларға дәптерде берілген мәтіндерді басшылыққа ала отырып, <<Атамекенім-мақтанышым>> тақырыбына шығарма жазу тапсырылады.

Түйіндеме.
Оқулықтағы Бауыржан Момышұлының <<Отан сүйер ұлан бол!>> деген өсит сөзін оқушыларға оқыта отырып, <<Атамекен>> туралы түсініктерін кеңейту.
Қорытындылау. Бүгінгі сабақтан біз нені үйрендік,нені ойға түйдік?
Үйге тапсырма: <<Туған жерімнің жеті кереметі>> альбом, буклет дайындау.

Жүректен-жүрекке.

Атамекен
Роза Әлқожа

Түп-түгел құбыламды түстік етіп
Туған жер мен салған құс түлетіп
Дүние-ай қандай жақсы еді табаныңа
Тұрған өз топырағыңнан ыстық өтіп

Қайырмасы:
О, менің Атамекен нық тұрағым,
Қалайша махаббатымды ұқтырамын
Мен сенің ақ төсіңе шаңқай түсте
Көлеңкем түспесін деп тік тұрамын

Мен сенің азаматтық сертімменен
Даусыңа дауыс қосам шертілмеген
Мен сенің серпілмген күніңе де
Қараймын кереметтей серпінменен

Бәрін де мендегінің анамша ұғын
Тұрсың ба болашаққа алаңша үміт
Мен сенің жалғыз тамшы тасқыныңмын
Кететін сенен шығып, саған сіңіп

Ұқсас жұмыстар
Оқушылар үнтаспаға қосылып Атамекен әнін айту
Атамекен
Атамекен - алтын бесік
Тақырып Атамекен - алтын бесік
Қайың көзімен қарайын
Салауатты өмір салты туралы
Мейірімді және ілтипатты бол
Өлі және тірі табиғат
Орал қаласы
Табиғат саз әлмінде
Пәндер