Балалардың логикалық ойлау мен тіл байлығын ойын арқылы дамытуға арналған сабақ жоспары

Тақырыбы : Ойнайық та, ойлайық!

Мақсаты : 1. Алған білімдерін қолдана білуге үйрету.

2. Логикалық ойлау қабілетін, тіл байлығын, ойын арқылы дамыту.

3. Достыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік : суреттер, шар, сандар, құрамақтар

Оқу іс- әрекетінің барысы

Тәрбиеші: Балалар сендер екі топқа бөлініп отырсыңдар. Екі топ өз топтарыңның атын қоясыңдар. 1-ші топқа «Балапан», 2-ші топқа «Көгершін» деген топтарының аты қойылды. Балалар сендердің ұпайларыңды әділ қазылар анықтап отырады.

Сабақ алты кезеңнен тұрады. Олар:

  1. Жыл мезгіліне (әңгіме құрау)
  2. Жұмбақ айтысы (есеп шығарады)
  3. Құрамақ
  4. Сурет салу
  5. Кім жылдам
  6. Тілашар (жұмбақ жасыру)

Тәрбиеші: Балалар сендерге жыл мезгілдерінің суретін берем, суретке қарап әңгіме құрастыру

1-ші кезең Жыл мезгіліне әңгіме құрау

1-ші топ «Балапан» тобы көктем, жаз мезгіліне әңгіме құрады

2-ші топ «Көгершін» тобы күз, қыс мезгіліне әңгіме құрады

2-кезең Жұмбақ айтысы

2. Көлден ұшып алты қаз,

Қайтып келді екі қаз,

Шешуін кім табады тез.

3. Оң қолымда бес өрік,

Сол қолымда бес өрік,

Саған берем бес өрік

Алатының неше өрік

4. Алдында үш балапан

Артында үш балапан,

Ақ тауықты қосқанда.

Саны қанша балақан!

3- кезең Құрамақ

Бұл кезеңде балаларға үй берем, сол үйді құрап, жабыстырып 6, 7, 8, 9, санның құрамын табу.

4- кезең Сурет салу

Суретті аяқтап салу, бояу

5-кезең Кім жылдам? Ойыны

Тақтаның алдын да жатқан сандарды, екі топта рет- реті мен қойып шығу. (1-ден-10 -ға дейін) сандарды ілу.

6- кезең Жұмбақ жасыру

Жауабын білген бала қолын көтеріп жауабын қазақша, орыс тілінде айту керек

  1. Қыс бойына жатады

Тәтті ұйқыға батады (аю-медведь)

  1. Өзі айлакер, өзі бір қу

Жүрген жері айқайда шу (түлкі- лиса)

  1. Ұйқысынан тұрғанда

Айақтарын соғады

Тықыр шықса тышқаннан

Делебесі қозады( мысық- кошка)

  1. Сылдырдан қорқады

Шошынып жортады (қоян- заяц)

  1. Адамға серік

Күзетке берік (ит-сабака)

  1. Белестен шыққан бесті ат

Бүкір келген желекті ат,

бейғам елді іздейді,

Малдан күдер үзбейді. (қасқыр- волк)

  1. Бетін адам ашады

Білім нұрын шашады (кітап-книга)

  1. Иір-иір денесі

Сахараның денесі

Ащы шөптер тамағы

Шөлге шыдап жатады (түйе-верблюда)

Ұпайлары анықталып, жеңімпаз топ марапатталады.


Ұқсас жұмыстар
Мақал арқылы логикалық ойлау мен есеп дағдыларын дамытуға арналған ойын сабақ
Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеті мен ұлттық танымын дамытуға арналған тәрбие жұмысы
3-сынып: Әқиллиқ Патимә ертегісі арқылы тіл байлығын дамытуға арналған сабақ жоспары
Дүкенші ойыны арқылы логикалық ойлау мен шапшаң есептеуді дамытуға арналған сабақ жоспары
Құстар - біздің досымыз: экологиялық тәрбие мен тіл байлығын дамытуға арналған сабақ жоспары
Жасырын сөзді табу арқылы логикалық ойлау мен арифметикалық есептеу дағдыларын дамытуға арналған сабақ жоспары
Логикалық есептер: ойлау мен есте сақтау қабілетін дамытуға арналған сабақ
Тапқыр болсаң, тауып көр: ойлау қабілетін және логикалық дағдыларды дамытуға арналған интеллектуалды ойын сабағы
Қызықты математика: логикалық ойлау мен көптілді математикалық сауатты дамытуға арналған сабақ жоспары
Қызықты психология: оқушылардың логикалық ойлау мен қиялын дамытуға арналған ойындық-психологиялық сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz