Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Патриоттық әндер байқауы сценарийі

<<Патриоттық әндер>> байқауы сценарийі
Жүргізуші: Армысыздар! Бүгінгі еңсесі биік егемен елдің жарқын болашағының үмітін ақтар жас ұрпақ. Қазақстан - бүгін міне, достықтың туын тіккен жер!
Көп ұлттардың бір кісідей мандай терін төккен жер!
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Қазақстан күннен - күнге өркендеп, гүлденуде. Біз осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Сіздердің назарларыңызға 2-4 сынып оқушылары арасында өткелі отырған <<Патриоттық әндер>> байқауына қош келдіңіздер! Бүгінгі байқауымызды ашық деп жариялаймыз!
ҚР Әнұраны орындалады.
Жүргізуші:
Байқау шарты бойынша оқушылар <<Отан>>, <<Туған жер>>, <<Елтаңба>>, <<Ту>> тақырыбында ән шырқаулары керек және сахна мәдениеті, орындалатын әнге байланысты киім үлгісі қаралады. Байқау жеңімпаздары әділ қазылар алқасы арасындағы келісім бойынша анықталады. Балдың ең кіші ұпай саны 5, ең үлкен балдық жүйе 10 ұпай.
Енді әділ қазылар алқасымен таныс болайық!
1. Әділ - қазылар алқасының төрайымы - Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары -Турсумбаева Шынар Ахатқызы, Досжанова Ғалия Әубәкірқызы
2. Гимназия тәлімгері - Каштекова Гүлдана Қуанышбекқызы
3. Әлеуметтік педагог - Ұлықпанова Ақмарал Нұрланқызы

Жүргізуші:
Қазақстаның көк байрақты нұрлы елім,
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім,
Өзің менің қуынышым,бақытым
Өзің менің тынысым да тірегім
Сіздердің алдарыңызда гимназиямыздың әнші қызы Мұқашева Адинаны <<Өз елім>> әнімен қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Мерейім - нұрлана бер азат Күнім!
Көрдік біз бұл бақыттың азаттығын,
Таңымды тамылжытқан әсем әнмен
Тыңдаңыз елін сүйген жастар үнін!
Бүгінгі сайысқа қатысушы үміткерлерімізді ортаға шақырамыз.
2 <<А>> сынып оқушысы Әшімхан Айғанымды <<Қазақ елі осындай>> әнімен қарсы алыңыздар.
Жүргізуші:

2 <<Ә>> сынып оқушысы Таңжарықов Ақылжан <<Біздің қала>> әні. Қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:
Ел тұрады шаттық, қойып көңілге
Жарқырайды Елтаңбаң да төріңде
Ірге тасын жатыр берік қаланып
Бетті бұрдық алға-жарқын өмірге!

2 <<Б>> сынып окушысы Дәуітбекова Ақбота <<Елтаңба >> әні қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:
Сен неткен Отан - Анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағының бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отан - Қазақ елім!
2 <<В>> сынып окушысы Оразов Сәулебек <<Менің өлкем!>> әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
2 <<Г>> сынып оқушысы Елжанқызы Кәусар << Атамекен>> әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман , жасыл жайлау, көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан - елім менің
Ортаға 4 <<А>> сынып окушысы Сұңғатқызы Аймараны шақырамыз. <<Қайсар қазақ>> әні. Қабыл алыңыздар!
Жүргізуші:
Аман боп халқымыз мәңгілік,
Жүрейік достықта сән құрып.
Бірлік пен ынтымақ нығайса,
Атады әрқашан таң күліп.
Ортаға 4 <<Ә>> сынып оқушысы Тұрсынтаев Арманды <<Туған жер>> әнімен қарсы алайық.
Жүргізуші:
4 <<Б>> сынып оқушысы Тулеубаева Алуа <<Туған жер>> әні қарсы алыңыздар.
Жүргізуші:
Көк байрағым желбірейді елімде,
Қалықтасын қыран құсы көгімде.
Ашық аспан бейбітшілік бейнесі,
Әуелесін Қазақстан жерінде
4 <<В>> сынып оқушысы Бейсенғазин Асет <<Көк тудың желбірегені>>
Жүргізуші:
Астанам - нұрлы астанам,
Гүл жайнаған жас қалам
Егеменді елімді
Болашаққа бастаған.
Алдарыңызға 4 <<Г>> сынып оқушысы Қинаят Аиданың орындауында <<Астана>> әні. Қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Бүгінгі патриоттық әндер сайысына қатысушы үміткерлерімізді түгелдей тыңдап шықтық. Әділ қазылар әділ баға береді деп сенеміз. Әділ қазыларымыз шешім қабылдағанша ортаға гимназиямыздың бишілері <<Балауса>> бишілер тобын << Поличка >> биімен қарсы алыңыздар.

Жүргізуші:
Кең далам, көл-дариям, сеңгір тауым,
Бабалар жеңді ерлікпен небір жауын.
Байрағым желбіреп тұр биіктерде,
Байладым тәуелсіздік - өмір бауын! - дей келе ендігі сөз кезегі әділ-қазыларға беріледі.

Бүгінгі <<Патриоттық әндер>> атты байқауымыз өз мәресіне жетті. Байқауымызды жабық деп жариялаймыз! ҚР <<Әнұран>> орындалады.

Ұқсас жұмыстар
Елім менің Тәуелсіз Қазақстан тақырыбында өтетін патриоттық әндер мен мәнерлеп оқу байқауының сценарийі
Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ер болмайды
Бүгінгі ұрпақ - ертеңгі ел қорғаны
Ағылшын тілінде
Суретті қорғау
«ертеңім елім- елбасы !» атты патриоттық ән-би байқау сценарийі
Жас ұлан әні
Еркетайдың байқауы
Ерлік - ұрпаққа мұра
Өнерлі бала- елдің көркі байқауы
Пәндер