Сабақ жоспары :: Қазақ тілі
Файл қосу
Реттік сан есімдер
Ақтөбе қаласы
№56 ЖОББМ мұғалімі
Е.С.Нугуманов
Реттік сан есімдер
Сабақтың мақсаты: білімділік-оқушылардың сан есімдер туралы білімін кеңейту, реттік сан есімнің жасауы туралы түсінік беру; дамытушылық - сан есімдерге байланысты қызықты граммматикалық тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың ойын дамыту; тәрбиелік- сан есімдерге қатысты халықтық тұрғыдан тәрбие беру.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ- жауап әдісі, қазақ халқының қашықтық өлшемдері арқылы тапсырмаларды сайыса орындау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта арқылы қызықты грамматикалық тапсырмалар, ұлттық өлшемдер, жаңылтпаштар, мақал- мәтелдер қолдану.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі
Бір мен екі алмаңдар,
үшке алданып қалмаңда
Кілең төрттік алғандар,
Бесті ғана армандар.
Біз бүгін:(оқушыларға таныстырылады)
Білім сайыстырамыз.
Жаңа білім аламыз.
Ой дамытамыз.
1. Үй тапсырмасынр тексеру.
Класс <<Білгірлер>> және <<Тапқырлар>> болып екі топқа бөлінеді.Әр тапсырма орындаған сайын топ белгісі қашықтық көлемімен танысып алға жылжып отырады, сонымен қатар өте жақын және жақын өлшемдермен танысады.
Үй тапсырмасы сұрақ- жауап арқылы тексеріледі?
Аттам жер.
1. Сөзжасам дегеніміз не? 2. Сөз дегеніміз не? 3. Сөз тұлғасы неден тұрады? 4. Жалғаудың неше түрі бар? 5. Жұрнақтың неше түрі бар? 6. Күрделі сөздерге қандай сөздер жатады? 7. Түбір дегеніміз не? 8. Морфология нені зерттейді? 9. Қазақ тілінде қанша сөз табы бар? 10. Атауыш сөздерге нешеуі датады? 11. Одағай нені білдіреді?
12. Көмекші сөзге не жатады? 13. Зат есімнің сұрақтары? 14. Дерексіз зат есімдерге мысал келтір. 15. Туынды сын есімдер қалай жасалады? 16. Сан есім қандай сөз табы? 17. Сан есімнің мағыналық түрлері. 18. Есептік сан есімнің сұрақтары қандай? 19. Қазақтың сан есімдермен аталатын қандай ойындарын білесің? 20.Қазақта қандай киелі сандар бар?
(Бірін- бірі бағалау)
Бөрік тастам.
Екі топ кезектесе сан есімдері бар мақал- мәтелдер айтып жарысады.Қай топ мақалы бітсе- жеңілгені.
(топаралық бағалау)
3. Жаңа сабақ
Сұрағы: нешінші?
Сипаты: заттың саналу ретін білдіреді?
Жасалуы: есептік сан есімдерге, егер ол дауысты дыбысқа бітсе , -ншы, -нші, ал дауыссызға аяқталса, -ыншы, -інші жұрнағы жалғанады. Кейде олар цифрмен де беріледі.(Оқулықтағы ереже бойынша мысалдар арқылы түсіндіріледі)
Емлесі: 1. Мен 6-класта оқимын.2. ХХІ ғасыр-жаңару ғасыры. 3. 1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды.
4.Оқулықпен жұмыс. Оқушылар оқулықтағы ережені бір қайталап алады. 164- жаттығуды орындаймыз.Берілген сан есімдерді реттік сан есім етіп сөзбен әр топтың кезектесе тақтаға орындайды.
(Өзін- өзі бағалау)
Сергіту сәті: Сан есімі бар 1 шумақ ән орындау.
(екі топ та орындайды)
Иек артпа. (Екі топ та жазбаша тиісті сан есімдерді жазады)
1............ жылдың ................желтоқсаны - Қазақстан Республиксының тәуелсіздік алған күні.
2. .......... жылдың ...........тамызында Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.
3............жылы Қазақстан Республикасы егемен ел болды, Президент сайланды.
(үш шапалақ)
Қозы көген жер. Қызықты сөздер (оқушылар үлгідегідей сөздерді өздігінен табады, ол сөздерді реттік сан есімге айналдырады және жұрнақтың жалғануын түсіндіреді)
Кеіл:к+2+л
Күш:к+3
Қонақ:қ+10+ақ
Күбір:кү+1
Бесік:5+ік
(Бірін- бірі бағалау)
Қырық қадам. Ұлттық ырымдар мен тыйым сөздер. (Екі топ кездескен сан есімдерді реттік сан есмге айналдырып септейді)
1.Алты жыл аш болсаң да асықтың етін мұжіме. 2. Сәби тоңқайып екі аяғының астынан қараса, күткен жолаушы келеді немесе қонақ келеді.
(Жұлдызшалар арқылы бағалау)
Тас лақтырым. Сәйкесін тап!
1 асым тұз
1ұрттам қамыр
1 жайым сөз
1 ауыз су
1 шымшым ет
1 үзім қазы
1 елі нан
(Өзін -өзі бағалау)
Ат жетер жер. Есте сақтау диктанты.
Төстессе бес дос,
Сен де төстес.
Үш тасты ұстасшы,
Үш тас та тұтасты.
(Бірін- бірі бағалау)
Ат шаптырым. Шығармашылық жұмыс.
Сурет бойынша реттік сан есімді қатыстырып әңгіме құра.
Қорытындылау: Өзіңді тексер.
Реті
Сұрағы
Жауабы
1
Нешінші? Реттік сан есім сұрағы ма?
Иә
Жоқ
2
Реттік сан есім рим цифрымен берілсе, жұрнақ орнына (-) қойылмайды.
Иә
Жоқ
3
Ай, жыл атауынан кейін дефис қойылмайды.
Иә
Жоқ
4
Сан есім дауыстыға бітсе, дауыссыздан басталатын жұрнақ жалғанады.
Иә
Жоқ
5
Реттік сан есім заттың есебін білдіреді.
Иә
Жоқ
(Келесі слайдта жауабы шығады, екі көрші бірін- бірі тексереді)
Үйге тапсырма. Оқушылар берілген жас мөлшері бойынша әр түрлі мүшелді біріншісі, екіншісі деп анықтау керек және сандарды сөзбен жазып келеді.
...............-25 жас (жігіттік шақ)
...............- 61 жас (орта жас)
...............- 73 жас (қарттық)
................-37 жас (ақыл тоқтату)
................- 97 жас (қалжырау)
................- 109 жас (шөршек сүю)
................-49 жас (орта жас)
.............- 121 жас (немене сүю)
.............- 13 жас (ер жете бастау)
.............- 85 жас (кәрілік)
Білімді бағалау: Оқушылар өзінің жинаған ұпайлары бойынша ьжиынтық бағалау бойынша бағаланады.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz