Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті
Файл қосу
Қазақ хандығының құрылуы. Жәнібек пен Керейхан
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы. Жәнібек пен Керейхан.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ хандығының құрылуы, оның қоғамдық құрылысы, қазақ хандығы дәуірінде қазақ этносының материалдық және рухани мәдениетінің негізгі сипаттары қалыптасуы, қазақ хандығының негізін қалаушы ұлы екі тарихи тұлға Керейхан мен Жәнібекхан туралы мәлімет беру және білімділігін арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін дамыту, тарихи білімді шығармашылықпен қолдана білу дағдысын және оқиғалар мен құбылыстарды талдау қабілеттерін қалыптастыра отырып, түрлі танымдық тапсырмалар арқылы оқушылардың тарихи танымын кеңейту, оқушылардың өз ойларын ашып айтуға, өз пікірлерін білдіруге, ортаға ой тастай алуға үйрету.
Тәрбиелік мәні: Қазақ хандығының құрылуы тарихын оқыта отырып, оқушыларға тәуелсіздіктің қадірін түсінуге, өз ұлтын, халқын, тілін, дінін, Отанын құрметтеуге, сүюге, батыл болуға тәрбиелеу, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Топтық жарыс сабағы.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Хандардың суреттері, видео роллик, кесте қағаздар, жіп, кір қыстырғыш, маркер, постер, АКТ.
Сабақтың барысы:
I. Кіріспе: (1 мин )
Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі, оқушыларды түгелдейді
Ынтымақтастық атмосферасын орнату: Сергіту сәті (3 мин )
Шаттық шеңберін орнату арқылы оқушылар сабақ басталғанда бір - біріне жақсы тілектер айтып ниет білдіреді.
Топқа бөлу: (6 мин) 1-топ Қазақ хандығы, 2-топ Керейхан, 3-топ Жәнібекхан сөздері арқылы топқа бөлінеді және әр топқа өз топтарын жоғарыда көрсетілген атаулар бойынша қорғауға тапсырма беріледі.
II. Үй тапсырмасын сұрау: (10 минут)
<<Ыстық орындық>> әдісі арқылы әр топтан бір - бір оқушы шығып қарсылас топтардың сұрақтарына жауап береді. Әр топ үш - үштен сұрақ қояды.
1. <<Ан стилі>> деген не?
2. Сақтар қандай тайпаларға бөлінген?
3. Сақтар қай жерлерді мекендеді?
4. Сақтардың қоғамдық құрылысы қандай?
5. Сақтардың патшайымы?
6. Сақ патшалары қандай мәселелерді шешті?
Ыстық орыныдыққа отырған оқушылар жоғарыдағы сұрақтарға жауап береді, топтарда отырған оқушылар, ыстық орындықта отырған оқушылардың жауабына қарай баға қояды. 3 сұраққа толық жауап берсе, <<5>> баға , 2 сұраққа толық жауап берсе <<4>>баға, 1 сұраққа толық жауап берсе, <<3>> деген баға қояды.
III. Ой қозғау кезеңі: (2 минут) 3 топта отырған оқушыларға сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу. <<Оқушылар топқа бөлу кезеңінде мен сендерді не үшін <<Қазақ хандығы>>, Керейхан, Жәнібекхан сөздері арқылы үш топқа бөлдім?>>. Оқушылар қойылған сұрақтарға қарап, тақырыпты ашады. Демек бүгінгі сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығынң құрылуы. Керейхан мен Жәнібекхан деп тақтаға тақырып жазылады. Оқушылар дәптерлеріне тақырыпты жазады.
IV. Негізгі бөлім: (15 минут) 1-топ <<Қазақ хандығы>>туралы, 2-топ Керейхан туралы, 3-топ Жәнібекхан туралы деректер беремін. Барлық топ берілген тапсырмаларды топта оқып талқылайды. <<Ойлан - жұптас - бөліс>> әдісін пайдаланып жаңа тақырыпты өздігінен оқу арқылы және постер жасау арқылы меңгерулеріне ықпал жасаймын. Жаңа тақырып бойынша әрбір топ берілген материалдарды топта талқылап, постер жасап, әр топтан бір спикер шығып презинтация жасау арқылы түсіндірп береді.
V. Қорытынды бөлім: (5 минут) 3 топқа жеке-жеке <<Математикалық лото>> таратылады. <<Математикалық лотоны>> дәптерлеріне жазбаша орындайды.
4000/2 - 532 = 1468ж
Әбілхайырхан қайтыс болды
728*2+10=1466 ж
Қазақ хандығының құрылған жылы
3800/2+91=1991ж
Қазақстанның тәуелсіздік алған жылы
522*2+466=1510ж
Мұхаммед Шайбани хан қайтыс болды
2000-402=1598ж
Тәуке хан қауырт түрде шайбанилықтарға жорық жасайды
644*4-933=1643ж
Жоңғар-қазақ соғысы басталды
VI. Бағалау: (1 минут) Топтарды және оқушыларды бағалау.
VII. Үйге тапсырма: (1 минут) Қазақ хандығының територриясынның кескінін картаға түсіру. Қазақ хандығы, Керей хан мен Жәнібек хандар туралы ойтолғау жазу.
VIII. Рефлексия (1 минут)
Бүгінгі өтілген сабақ туралы өз ойларын жазуға нұсқау беремін. Оқушылар қолдың суретін салып, әр саусаққа топ мүшелері өз ойларын жазады, топбасшысы алақанға жазады.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz