Қылмыстық жауапкершілік

МКҚК «ЖЕТІСАЙ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ»

«Құқық негіздері» пәнінің теориялық ашық

сабаққа арналған әдістемелік әзірлеме

Тақырыбы:

«Қылмыстық жауапкершілік»

2015-12-03-10-36-52-058

2015-2016 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: «Қылмыстық жауапкершілік»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Құқық пәнінен алған білімдерін жинақтап, салауаттылық өмір салтына байланысты алкаголь, темекі, есірткі, СПИД ауруларының адамға, қоғамға тигізетін кері әсерлерін заң жүзінде әшкерелеу;

Дамытушылық: Оқушылардың дербес жұмыс істеуін, сөйлеу қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізуге баулу;

Тәрбиелік: Оқушыларға құқықтық, экономикалық тәрбие бере отырып, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сот сабағы.

Сабақтың әдісі: Рольдік ойын.

Көрнекілік: Интерактивті тақта, бейнероликтер, слайдтар, плакат,

Пән аралық байланыс: Қоғамтану, саясаттану.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: (5 минут)

  • Сәлемдесу, аудитория тазалығын тексеру.
  • Студенттерді түгелдеу.
  • Көрнекі құралдармен жабдықтау.
  • Сабақтың жоспары мен мақсатын таныстыру.

Сабақтың хронокартасы

Сабақ бөлімдерінің атауы
Сабақтың ұзақтығы
№: І
Сабақ бөлімдерінің атауы: Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың ұзақтығы: 5 минут
№: ІІ
Сабақ бөлімдерінің атауы: Үйге берілген тапсырманы тексеру
Сабақтың ұзақтығы: 65 минут
№: ІІІ
Сабақ бөлімдерінің атауы: Сабақты бекіту
Сабақтың ұзақтығы: 15 минут
№: ІV
Сабақ бөлімдерінің атауы: Сабақты қорытындылау
Сабақтың ұзақтығы: 3 минут
№: V
Сабақ бөлімдерінің атауы: Үйге тапсырма беру
Сабақтың ұзақтығы: 2 минут

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру : 65 минут

Кіріспе. Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасы бойынша «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімдері, әл-ауқаты» ұзақ мерзімді басымдықты басшылыққа ала отырып, сот процесінің жүргізілу барасымен танысу және спирттік ішімдіктің, есірткінің, темекінің, СПИД-тің адам мен қоғамға, экалогияға, экономикаға тигізетін әсерін әшкерелеу. Ақ пен қараны анықтау. Соған орай, біз өткен сабағымызда адамзатқа жат қылықтар туралы мағлұматтар алған болатынбыз. Енді осы алған білімдерімізді тиянақтау үшін осы сабағымызды сот үдерісіне арнаймыз.

Сот үдерісі

Жүргізуші: Біздің халқымыз өте еңбекқор, кеңпейіл, ата-бабасын, үлкенді сыйлаған. Күнделікті адал еңбектің арқасында күн көрген. Егінші егінін еккен, малшы малын баққан, етікші етігін тіккен. Ал, ұста болса, ол да өз ісімен айналысқан. Ауыл адамдары бір-бірімен тату-тәтті өмір кешкен. Ата-анасы тату болған. Ол кісілердің 10, тіпті одан да көп балалары болған. Ауыл ақсақалдарын сыйлап, балаларға қамқорлықпен қарап, аялап, мәпелеген. Осындай тату-тәтті отырған ауылға алыстан Бүлдіргі деген бір саудагер келіпті. Ол ауылды қақ жарып өтетін соқпақ жолға түсіп алып:

О, халайық, халайық,

Мына ыдысты қарайық

Керемет күшті қасиет

Бар ыдысты алайық

Ыдыс емес, ол сиқыр,

Өзіңді баурап алады.

Бар тірлікті ұмытып,

Жанды азапқа салады.

Ауыл адамдары ештеңе түсінбей, әлгі ыдыстан ала бастайды. Саудасы жүрген Бүлдіргі саудагер әндетіп ауылға жиі келіп тұратын болыпты. Сол Бүлдіргі саудагердің келгенінен бастап, ауыл адамдарының берекесі кетеді. Тату-тәтті отбасында ұрыс-керіс шығып, әкесі баласын орынсыз жәбірлейтін болыпты. Малшыны ұйқы басып, жайып жүрген малынан айырылады, егіншінің жаздай еккен егінін жинай алмай рәсуә болып қар астында қалады. Міне, осындай қасыретке тап болыпты, несібелерінен айырылыпты.

Сонда, оқушылар, бұған кінәлі Бүлдіргі саудагер оның сатып жүрген ыдысының ішіндегі қандай зат, айтыңдаршы?

Оқушылар : арақ

Жүргізуші : Иә, дұрыс айтасыңдар оқушылар. Бұл ыдыстың ішіндегі әзәзіл сусын-арақ еді.

Осындай жағдай сол кезден бастап талай баланың, ананың көз-жасы болып тамған.

Оқушылар, Арақ, Темекі, Есірткі, СПИД адамдарға опасыздық пен бақытсыздық алып келуде, осыған ашынған халық оларды әділ сотқа беріп, қылмыстық іс қозғау керек деп арыз түсірді. Қазір соттың жүрісін тыңдайсыздар.

Сот процесін сот хатшысы бастайды.

Хатшы:

  • Сот келе жатыр . . . орындарыңыздан тұрыңыздар!
  • Сот:Отырыңыздар. Басты сот талқылауын ашық деп жариялаймын.
  • Сотталушылар:Арақ, Темекі, Есірткі, СПИД бойынша қылмыстық ісі қаралады.
  • Сот:Хатшы, осы қылмыстық іске кімдер келіп отырғаның баяндаңыз.
  • Хатшы:Сот процесіне қатысушылар:сот кеңесшілері, жәбірленушілер(қоғам ішіндегі экология, мәдениет, демография), айыпталушы қылмыскерлер 1. Арақ. 2. Темекі. 3. Есірткі. 4. СПИД), айыптаушы(прокурор), қорғаушы(адвокат)

Айыптаушы:

Бүгін сот процесінде қаралатын мәселе ғасырдың басты кеселдерінің бірі болған және XXI ғасырда басты індеттерінің біріне айналып бара жатқан темекі, арақ, есірткі, СПИД, ауруы.

ҚР қылмыстық кодексінің 96- шы бабы( кісі өлтіру, яғни, басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру- алты жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады) 102ші бабының 1ші тармағы (жәбір көрушінің адамгершілік еңбек қабілетінен қасиеттерін жою арқылы өзіне өзі қол жұмсауға жеткізу-үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады) 178- бабы (тонау, яғни бөтен мүлікті ашық ұрлау-үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады) .

103, 104, 105-ші баптары ( денсаулыққа ауыр, орта, жеңіл түрдегі зиян келтірушілік, еңбек қабілетінен мүлдем және уақытша айыру-үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады) .

179- шы бабы (қарақшылық-мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады), 120шы бабы (зорлау) , 295-ші бабы (мас күйінде автокөлікті жүргізуге) сәйкес арақтың үстінен қылмыстық іс қозғалады.

Есірткінің үстінен жоғарыда аталған баптар мен ҚР Қылмыстық кодексінің 259-шы бабына (есірткіні жасау, тасымалдау, сақтау-мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі бас бостандығынан айыруға жазаланады) сәйкес қылмыстық іс қозғалады.

СПИД ауруының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 102, 121-ші бабының 3-ші тармағының 6-шы пунктіне (ауруды таратушы-сегіз жылдан он бес жылға дейінгі бас бостандығынан айыруға жазаланады) ісі бойынша қылмыстық іс қозғалады.

Темекінің үстінен ҚР Әкімшілік кодексінің 174-ші бабының 1-ші тармағына (қоғамдық орындарда белгіленген тәртіпті бұзушы, денсаулыққа зиян келтіруші ісі бойынша азаматтық адамгершілік тұрғысынан) іс қозғалады.

Сот алдында айыптаушы қылмыскерлерге қарсы арыз беруші, жәбір көруші қоғамды шақырамыз . . .

Сот: Сот алдындағы айыпталушы, қылмыскерлердің сізге қарсы іс-әрекеті туралы не айтасыз.

Қоғамдағы экология саласы:

-Біздің қоғамымызда ішімдік, темекі, есірткі заттары тек денсаулыққа зиян келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар экологияға да кері әсерін тигізуде. Тіпті темекі өсетін алқаптарда, темекі топырақты құнарсыздандырады. Басқа өсімдіктердің өсуіне кедергі келтіреді. Ал, кокайн, марихуана, апиын тәрізді табиғи есірткі заттардың алқаптарын жою қоғам алдындағы үлкен міндетке айналып отыр. Темекінің кесірінен жылына 4 млн-ға жуық адам өліп кетуде. Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384 мың тонна амиак, 180 мың тонна никотин, 650 мың тонна темекі, майы 550 мың тоннадай иісті газ шығады. Олар ауамен араласып, ең алдымен ағзаға зиян келтіреді, 2-шіден атмосфераны ластайды. Кейде темекі тарту, ішімдік ішу, өрт, жарылыс сияқты апаттарға әкелуде. Есірткі бағзы заманнан қолданылып келе жатқан дерт екені белгілі. Көкнәрдің таралуы XIX ғасырда кеңінен етек алды. Ресейдің Челябі облысындағы заутта болған жарылыста Қырғызтандықтар зардап шекті. 2015жылдың 1-ші қазанында Челябі облсындағы «Карабашмыс» зыуытында темекіні шегу салдарынан жарылыс болды. Зардап шеккен 9 жұмысшы туралы хабарланды, соның ішінде төртеуі ауыр халде. Алдын ала мәлімет бойынша жарылыс салдарынан Қырғызтанның 3 азаматы зардап шеккен.

Қоғамдағы мәдениет саласы:

-Мемлекет басшысының арнайы жарлығымен 2000 жыл «мәдениетті қорғау жылы» деп жаоияланды. Кез-келген мемлекеттің, ұлттың даму дәрежесінің бірі- білім мен мәдениет. Олардың дамуына зиянын тигізіп отырғандар-арақ, темекі, есірткі. Адамның осыларға жақын болуына мәдениетіміз төмендеп, кітапханалар, мұражайлар, мәдениет сарайлары қаңырапбос қалуда. сондықтан мен бұларға (темекі, арақ, есірткі) қоғамды, ұлтты азғырушы ретінде қараймын.

Қоғамдағы демография саласы:

- Қазіргі заманға сай халықтың жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді. Мемлекет тарапынан қойылатын талаптар ішінен ерекше орын алатыны тұрғындардың денсаулығын сақтау және нығайту. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, зиянды әдеттерден арылу, соның ішінде спирттік ішімдіктерді пайдалануды азайту темекі шегуді шектеу, наркотиктермен әуестенетін жастардың санын қысқарту мәселелері болып табылады.

Орыстың ұлы жазушысы Л. Н. Толстой «егер адам арақ-шарап ішіп, темекі тартып апиынға әуестеніп өзін ылғи уландыра бермесе, онда біздің өмірімізде арман ететіндей бақытты өзгеріс болар еді» деп айтқан екен.

Алкаголизмнің дамуының үрдісін Сәтбаева үш кезеңге бөледі:

  1. Невростеникалық-бұл кезең бойынша адамда ұйқы нашарлап кетеді. ой жұмысына деген қабілет мүлдем жойылып кетеді, бас ауырады.
  2. Наркомониялық алкогольдік психоз басталып, ол дами түседі. Спиртке тәуелділік пайда болады. Адам ішпесе тұра алмайтын жағдайға келеді.
  3. Қорытынды- ешқандай үзілісті білмейтін салынып ішетін адамдар әбден маскүнемдік фазасына түседі жәнеде СПИД жайлы айтатын болсақ 200 миллионнан астам ерлер, әйелдер және балалар осы СПИД-тен өлетін болады. Осы ауру жыл сайын 4 есеге өсуде.

Дүниежүзіндегі қандайда болсын ұлттық дамуына, табиғи өсуіне қылмыскерлер арсында отырған темекі, арақ, есірткі, СПИД- жұқпалы ауруының кері әсері тиюде. Қаншама адамдар бұл қылмыскерлермен жақын жүрудің нәтижесінде өз-өзіне қол жұмсап, екінші бір адамды өмірінен айыруда. Көптеген отбасыларында сәбилер жарымжан, ақыл-есі төмен күйде дүниеге келуде. Жетім балалар саны көбеюде. Бұл қылмыскерлердің жасаған қатал қылмысына, қатал жаза бермейінше, дерттің алдын алмайынша болашағымызға балта шабылғаны шабылған. Қазіргі заманға сай халықтың жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.

Сот : - Қорғаушы мен қылмыскерлерден жәбірленуші қоғамның оларға таққан айыбымен келісе ме, жоқпа соны сұрайды.

Қорғаушы:

-Жәбірленушінің менің қорғаушыларыма таққан айыптарымен толық келіспейтінімді мәлімдеймін. Себебін толық түсіндіру үшін айыпкерлердің өзіне сөз берілуін сұраймын.

Арақ:

-Құрметті сот мүшелері, мен өзіме тағылған айыппен толық келіспеймін. Менің қоғамға пайдалы жақтарымда бар. Мысалы:мен өндіруші «Бахус» ашық акционерлік қоғамы, қоғам мүшелерін, яғни 1023 адамды жұмыспен етіп отыр. Көптеген шаруашылықтар арақ-шарап жұмсауға керекті шикізаттарды даярлаумен айналысуда. Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданы тұрғындарының біразы жүзім шаруашылығымен айналысады. Спирт өндіруге керекті жоғары сапалы бидайды өсіретін шаруашылықтарда бар. Қаз алка қауымдастықтарының пікірі бойынша қазақ жерінде арақ 40, шарап 24, спирт өндіретін 62 завод бар екен. Кедендік бақылауында бір ғана Алматыда 2007 жылы 117 мың млн доллор құрайтын 89 мың тонна құрайтын өнімі енгізілсе. Ал 2008 жыл шетелдерден алынып келетін арақ-шараптың өзі 106 мың тоннаға дейін, ал бағасы 126мың доллорға дейін артқан. Мен мемлекеттің қазынысына миллиондаған қаржы түсірудемін.

Темекі:


Ұқсас жұмыстар
Сабақтың соңы. Сабақты қорытындылау
Қылмыс және қылмыстық жауапкершілік
Құқық бұзушылықтың түрлері
Бас бостандығынан айыру
11-ші сыныпқа арналған сабақ жоспар
Анадан қасиет
Интербелсенді тақтада жолда жүру ережелері қандай заң
XX – ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ ИНТЕЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫНЫ
Заңның құқығы
Мемлекет және құқық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz