Сабақ жоспары :: Технология
Файл қосу
Тұқымды даярлау мен себу. жылыжай
Шығыс Қазақстан облысы
Үржар ауданы
Қабанбай ауылы
Б.Майлин атындагы орта мектеп
технология пәнінің мұғалімі
Дагистанова Кадыча Мұқанқызы
Технология 7 – сынып.
Сабақтың тақырыбы: Тұқымды даярлау мен себу.Жылыжай.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік - тұқымды себер алдында даярлау туралы түсінік беру,бұрыш
түрлерімен, бұрыштың тұқымдарын ажырату жолдарымен және өңдеу
тәсілін,жылыжайлар туралы,оларды қалай дайындау керек екенін
үйрету.Техникалық қауіпсіздік ережесін жетік білуге үйрету.
2.Дамытушылық – оқушылардың ой-өрісін кеңейту, білімдерін іс жүзінде
көрсетуге ықпал ету, практикалық іс-әрекеттерін қалыптастыру,эстетикалық
талғамдарын дамыту;
3.Тәрбиелік – еңбек мәдениетіне,іскерлікке,ұқыптылыққа,өзара көмек
көрсетуге тәрбиелеу және өз ісіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,баяндау,түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: биология,химия,информатика.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер,тұқымдар,бұрыш тұқымдары,тыңайтқыш түрлері.
Қажетті құралдар: интерактифті тақта,күрек, кетпен, тырма,тыңайтқыш,
полиэтилен.
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі:
1.Бүгінгі сабақтың ерекшелігі теориямен практиканы байланыстыра өту;
2.Техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау.
ІІ.Сұрақ-жауап арқылы өткен сабақты пысықтау.
1.Сорт дегеніміз не?
2.Тұқым сапасына қандай талаптар қойылады?
3.Тұқымның өңгіштігін қалай анықтап бере аласың?
4.Тұқымның дымқылдануы неліктен болады?
5.Қуатты өсімдіктер дегенді қалай түсінесің?
6.Тұқымды сақтау ережесін айтыңдар?
7.Практикалық тапсырма :а)берілген тұқымдарды ажырату;
б)тұқымның өңгіштігін анықтау.
ІІІ.Жаңа сабақ:Теориялық бөлім.
Тұқымды себер алдында арнайы өңдеуден өткізеді.Сонда ғана тұқымның өніп-
шығуына және өсімдіктердің одан әрі өсуіне қолайлы жағдайлар қамтамасыз
етіледі.Осындай жағдаларды атап өтелік:1)ылғалды барынша сақтау,
2)арамшөмтерді отау,
3)өсімдіктің бойына қоректік заттар жинақтау,
4)топырақты су,ауа және жылу келуін қамтамасыз ететін күйге жеткізу,
5)дақылдардың зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жүргізу.
Мұндай шаралар топырақты тырмалау, өңдеу,культивациялау және тегістеу
арқылы жүзеге асырылады.
Тырмалау арқылы топырақтың үстіңгі қабатын қопсытып,арамшөмтерді жоямыз.
Ылғалдың бұға айналып,ұшып кетуін азайту үшін,егістіктің бетін тегістейді.
Бұл үшін ауыр,орташа және жеңіл тырмаларды пайдаланады.Ауыр тырмалар
топырақтың беткі қабатын терең әрі күшті қопсытады.Тырмалардың түрін
топырақтың жағдайына қарай таңдап алу.Тұқым сепкенге дейінгі
культивациялаудың мақсаты тырмалаудың мақсатымен бірдей,яғни арамшөмтерден
тазарту,ылғалды жинап,сақтау.Егер тырмалаған кезде топырақтың үстіңгі
қабаты 4-7 см тереңдікте өңделіп, қопсытылатын болса, культивациялаған
кезде 8-14 см тереңдікте өңделіп,қопсытылады.
Тығыз топырақтың су және ауа өткіштігі төмен болады,онда өсімдіктердің
тамыр жүйесі нашар өсіп дамиды,тез сіңетін минералды қосындылар саны
азаяды,микробиологиялық процестер баяу өтеді,сондықтан оны қопсыту
керек.Тұқымның қалыпты өсіп-өнуі үшін су, жылу мен ауа қажет. Тұқымда суды
өз бойына сіңіріп алатын заттар бар.Құрғақ тұқым ылғал тұқымға қарағанда
суды көбірек сіңіреді.Тұқымға ылғал келмей қалса, оның өсіп-өнуі
тоқтайды.Малалау топырақтың белгілі бір қабатын нығыздауға мүмкіндік
береді,ал мұның өзі ылғалдың капилляр арқылы төменгі қабаттан жоғарғы
қабатқа көтерілуін және дәннің нығыз болуын қамтамасыз етеді, сондықтан
тұқымның өнгіштігі жоғары болады.Топырақтың құнарлығын ,егіннің өнімділігін
арттыру үшін топыраққа органикалық және минаралды заттар
қосады.Тыңайтқыш топырақтағы физикалық, химиялық және микробиологиялық
процестерге әсер етеді.Ауыл шаруашылығында қолданылатын тыңайтқыштар
органикалық,минералдық бактериялық болып үш топқа бөленеді.
Минералдық тыңайтқыш көп қаржыны қажет етеді,сондықтан өз ауылымызда
бақшаға органикалык тыңайтқыш пайдаланған жөн.
Бітік егін алынған жылы оның ішінен бірігей тұқымдарын таңдап алып, дұрыс
сақтау, дер кезінде тұқымдық сапасын тексеріп, тұқым себуге жақсылап
әзірлеу керек.Тұқымды тазалаудағы мақсат-оны әр түрлі қоспалардан
тазарту,ал сорттаудың мақсаты-тазартылған дәнді тұқымға және азық-түлікке
арнап бөлу.
Тұқым танап бетіне біркелкі себілуі тиіс.Себу кезінде тұқымның танап
бетінде біркелкі орналысуы, қажетті тереңдікке сіңірілуі және нығыздалған
топыраққа түсуі, өсіп шыққан сабақтақтар жиілігінің бірқалыпты болуы
қажет.Дақылдардың себудің түрлі әдістері бар,олардың ең көп тарағаны-
қатарлап себу.Ол жаппай ,тар қатарлы,таспалы, кең қатарлы және ұялап себу
деп бөленеді.
IV. Сабақты қорытыңдылау. Жас бағбандарға кеңес.
1.Көкөністер егетін жерді әзірлеу.
2.Жерді тыңайту.
3.Дақылдарды егу.
4.Тұқымды әзірлеу.
5.Тұқымды себу мерзімі.
6.Тұқым себудің тереңдігі.
1001 ұсақ –түйек.
Тұқым себу.
• Әсірісе ұсақ тұқымды себу кезінде мұқият болған жөн.
• Ұсақ тұқымды ұшталған шыбықпен тайыздау қазған жүйекке себеді;
• Тұқымды тым жиі салуға болмайды;
• Жүйекке тұқымды салған соң оның бетіне 0,5 см қалындықта шіріген көң
аралыстырылған топырақты салады да алақанмен нығыздау керек;
• Соңсон оның үстіне тағы да 1-2см қалындықта көң не шымтезек себеді,бұл
жүйекті тез кеуіп кетуден сақтайды.
V.Бағалау.Бүгінгі сабаққа білімдерін көрсетіп, белсенділікпен қатысқан
барлық оқушыларды бағалау.
VI.Үйге тапсырма.[pic]§2;6;7;8;9.
VII.Практикалық бөлім.
Тәуелсіздік алып ,Республика атанған сәттен бастап,еліміз өз таңдауы
бойынша нарықтық экономикаға бет алды.Казіргі уақыттағы жаһандану кезіндегі
нарықтың бір бөлігі болу үшін бізге тез арада жаңа жағдайларда
бейімделіп,жаңа қағидаларға сүйенуіміз қажет болды.Соған орай үкімет ауылда
орналасқан мекптерге жержәне техника тегін бөліп отыр.Біздің мектепке де
жер берілген соңы игеру үшін тұқым себіп,көшеттер дайындау керек.
Қазіргі кезде бау-бақша өсіру кеңінен қанат жайып келе жатқан кәсіптердің
бірі.Ертерек өнім алу үшін біз ең қарапайым жылыжай үлгісін пайдаланамыз.
1.Жартылай күрек жердің бетіңдегі топырақты аламыз.
2.Отын салып сол жерге шоқ түскенше от жағамыз.
3.Сол шоқтың үстіне жылқының тезегін саламыз.
4.Осының үстінен бір қабат қорда араласқан топырақ саламыз.
5.Бұрыштың тұқымын себеміз.
6.Бетін полиэтиленмен жабамыз.
Еңбек қылсаң қара жерде де береді, құр тастамайды.
Абай Құнанбаев.
Сөз соның ,
Бір жылдығынды ойлап, егін ек,
Он жылдығыңды ойласаң, ағаш өсір,
Жүз жылдығынды ойласаң, мәдениетті ұрпақ өсір.
-деген халқымыздың ғажайып сөзімен аяқтағым келеді.
-----------------------
Органикалық :шымтезек , қи, көң , өсімдік шіріндісі,
құс саңғырығы.
Тыңайтқыш
Минералдық :азот , фосфор , калий , әк , пеш күлі , құрамында калий мен әк
бар.
Бактериялық
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz