Халыққа жеткіз күйімді. Әбу Сәрсенбаев

Сабақ жоспары.
Пәні Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Халыққа жеткіз күйімді. Әбу Сәрсенбаев
Сабақтың мақсаты
:
Білімділігі: Күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлы мен Дина Нұрпейісованың өмірімен, өнерімен таныстырып, олардың қиын заманда өмір сүріп, адамдар арасындағы теңсіздіктің, зорлық зомбылықтың куәсі болғанын көрсету, құдіретті күй өнерінің мәңгілік екендігін ұғындыру.
Дамытушылығы: Қазіргі уақытта айтылып жүрген халық арасындағы: «Жаңақалаға барып күйшімін деме» деген есті сөздің сыры тереңде жатқанын, әрі мақтаныш екенін айту. Бүгінгі күнге жеткен мол мұра иесі, халыққа тарихтан белгілі Құрманғазы Сағырбайұлы мен Дина Нұрпейісованың туған өлке Жаңақала ауданының тулғалары екенін дәріптеу, шығармашылығын дамыту.
Тәрбиелігі: Ел намысын асқақтатып, жерін қорғайтын, халқын, тілін сүйетін, өнерді дәріптейтін ұл - қыздарды тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру
Сабақтың әдісі:
сұрақ-жауап
,
ой қозғау, әңгімелеу, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі:
Құрманғазы, Динаның суреттері, тарихи-танымдық анықтамалық, интербелсенді тақта, тақырыптық суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
- Оқушылармен амандасу, түгендеу;
- Оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.
Үлкендерге сіз,
Кішілерге біз.
Әдеппен бас иіп,
Сәлем бердік біз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. /
«Ғажайып бестік» әдісі бойынша/
1/ С
5/ Н
4/ Е
3/ К
2/ Ә
ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе. (Рефлексия)
Мына ойды жалғастыр:
- Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ . . . /домбыра/
- Сен өнерпаз, өнертапқыш болсаң, не ойлап табар едің? /Оқушылар жауаптары тыңдалады, сарапталады, түйінделеді/
- Бүгінгі сабақ не туралы деп ойлайсың? Сендер тапқан жауаптарға байланысы бар ма?
Оқулықпен жұмыс . «Ой шақыру» әдісі бойынша топтық жұмыс суретпен жүргізіледі.
- Мәтінді түсініп, іштей оқимыз.
- Өздеріңе ұнаған бөлігін белгілеп қоямыз.
Құрманғазы мен Дина қай жылы кездесті? Құрманғазы неге налыды, неге қуанды?
Динаның ойнаған күйі қалай аталатын?
Құрманғазы Динаға қандай бата берді?
Дина атасына қандай ант берді?
Оны қалай орындады?
ІV. Жаңа сабақты пысықтау. «Сәйкестендіру» тесті. Дәптермен шығармашылық жұмыс.
Шарты : Алдымен қысқаша авторлар жөнінде мұғалім ақпарат береді. Оқушылар сол ақпаратты толық мәліметке айналдырады.
V. Қосымша ақпарат.
Балалар, Құрманғазы атамыз «Өнерімді алып қалатын ұл болмады- ау» деп налыған кезінде қызда болса жас Дина көңілінен шығып, күйшінің жолын қуып, бүгінгі ұрпаққа қазақ даласының сырын, шерін, тарихын күй өнерімен жеткізді. Сол өлмейтін бай қазақ өнері бүгінде жалғасын тапты, оның дәлелі ретінде ауылымыздан шыққан күй өнерінің майталмандарымен таныс болайық. Сыныбымыздағы Бактыгалиев Абдрахимның атасы Айтжанов Бақтығали аталарыңыз 1973 жылдан өмірінің соңына дейін аудандық ұлт аспаптар оркестрінің дирижері болды. Өзі шығарған «Қуаныш» атты күйі бар. /күйшінің суреті мен өмірбаянын таныстыру/.
Осы біздің аулымызда дүниеге келіп, сендер отырған партада отырып оқыған, өнер жолын қуған тағы күйші ағаларың бар.
Олар: Кенжеғалиев Асқар, Нұрланов Досым, Қалиев Азамат (слайд арқылы көрсету. )
VІ.
Бағалау. Мадақтау.
VІІ.
Үйге тапсырмасы: Мәтінді түсініп оқып, түсінігін айту.
«Күйшілерге арнау» жазу.
Сабақты аяқтау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz