Дарынды балаларға арнайы мамандандырылған
«Дарын» мектеп- интернаты
Ашық сабақ
Тақырыбы: Тірек- қимыл жүйесі
Өткізген: Жунусова М. Р.
әдіскер ДБМ «Дарын»,
Тусупова Г. С.
биология пәні мұғалімі
ДБМ «Дарын»
Қарағанды 2010
Сабақтың тақырыбы:
Тірек- қимыл жүйесі.
Сабақтың тақырыбы:
Тірек- қимыл жүйесі
Сабақтың мақсаты:
Тірек- қимыл жүйесінің құрылысы мен қызметтері туралы анатомиялық- физиологиялық түсініктерді жүйелеп қортындылау, жобамен үлгілеу.
Сабақтың түрі:
конференция
Сабақтың формасы:
топтық
Сабақтың типі:
жобалау әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: «
Адамның қаңқасы мен бұлшықеттері
»
тақырыбы бойынша суреттер, жасанды үлгі, буклет, қосымша кітаптар.
Сабақтың барысы:
Сәлеметсіздер ме? Отырыңыздар. Бүгінгі сабақта, біз сіздермен « Тірек- қимыл жүйесі» тарауын қорытындылап, шағын жобаларымызды қорғаймыз.
Сабақтың тақырыбы:
Тірек- қимыл жүйесі.
Сабақтың мақсаты:
Тірек- қимыл жүйесінің құрылысы мен қызметтері туралы анатомиялық- физиологиялық түсініктерді жүйелеп қортындылау, жобамен үлгілеу.
Мұғалім: Қане оқушылар еске түсіріп өтейік, «Жоба дегеніміз не?»
Оқушылар жауабы:.
Мұғалім:
Жоба- бұл белгілі бір тақырып бойынша зерттеу жұмысы.
Жоба дайындау бірнеше кезеңнен тұратынын сіздер білесіздер.
Біз сіздермен жұмыс барысында 1-3 кезеңдерден өттік, әр топ өз жобаларын дайындап та қойды.
Ендеше қане оқушылар еске түсіріп өтейікші: Жобаның құрылымдық элементтеріне не кіреді?
Оқушылар жауабы:.
Мұғалім: Өте жақсы. Тақтаға назар аударайық.
Қазіргі уақытта жоба дайындау төмендегідей кезеңдерге бөлінген:
-
жоба тапсырмаларын дайындау;
-
жобаны дайындау;
-
нәтижені өңдеу;
-
жұмыстың презентация;
-
рефлексия.
Жобамен жұмыс жүргізу кезеңдеріндегі мұғалім мен оқушы әрекетінің жүйесі
Кезеңдер
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
Кезеңдер:
1 . Жоба тапсырмасын дайындау
Мұғалімнің әрекеті:
Оқушының әрекеті:
Кезеңдер:
1. 1. Жоба тақырыбын таңдау
Мұғалімнің әрекеті:
Мұғалім тақырып таңдайды және оқушыларға ұсынады.
Оқушының әрекеті:
Оқушылар тақырыпты талқылайды және тақырып бойынша жалпы шешім қабылдайды.
Кезеңдер:
Мұғалімнің әрекеті:
Мұғалім оқушыларға жоба тақырыбын бірлесе таңдауды ұсынады.
Оқушының әрекеті:
Оқушылар тобы мұғаліммен бірге тақырып таңдайды және сыныпқа талқылауға ұсынады.
Кезеңдер:
Мұғалімнің әрекеті:
Мұғалім оқушыларға ұсынылған тақырыпты таңдауда олармен бірге талқылайды.
Оқушының әрекеті:
Оқушылар өздігімен тақырып таңдайды және сыныпқа талқылауға ұсынады.
Кезеңдер:
1 . 2. Жоба тақырыбынан тақырыпшаларды анықтау
Мұғалімнің әрекеті:
Мұғалім алдын-ала тақырыпшаларға бөледі және оқушыларға таңдауға ұсынады.
Оқушының әрекеті:
Әр оқушы тақырыпша таңдайды немесе жаңасын ұсынады.
Кезеңдер:
Мұғалімнің әрекеті:
Мұғалім оқушыларға ұсынылған жобаның тақырыпшаларын олармен бірге талқылайды.
Оқушының әрекеті:
Оқушылар белсенді түрде тақырыпша нұсқаларын талқылайды және тақырыпша нұсқаларын ұсынады. Әр оқушынұсқаның біреуін өзіне таңдайды. (өзіне рөл таңдайды. )
Кезеңдер:
1. 3. Шығармашылық топ құру
Мұғалімнің әрекеті:
Мұғалім нақты тақырыпшалар мен жұмыс түрлерін таңдаған оқушылады біріктіру бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді.
Оқушының әрекеті:
Оқушылар өздеріне рөл таңдады, соған сай шағын топшаларға бөлінеді.
Кезеңдер:
1. 4. Материалдарды зерттеу жұмысына әзірлеу:топпен жауап беретіндей етіп сұрақтар құру, әдебиеттерді іріктеу.
Мұғалімнің әрекеті:
Егер жоба көлемді болса, онда мұғалім алдын-ала тапсырмалар, зерттеу әрекеті үшін сұрақтар мен әдебиеттерді әзірлейді.
Оқушының әрекеті:
Жоғарғы, орта буын сынып оқушылары тапсырма әзірлеуге қатысады. Іздендіру сұрақтары топпен жасалып, кейіннен сыныппен талқылауға болады.
Кезеңдер:
1. 5. Жобаның қорытындысын көрсететін тәсілдерді анықтау.
Мұғалімнің әрекеті:
Мұғалім талқылауға қатысады.
Оқушының әрекеті:
Топпен, кейіннен сыныппен зерттеу әрекетінің нәтижесін талқылайды: видеофильм, альбом, табиға обьектілер, әдеби шығармашылық және т. б.
Кезеңдер:
2. Жобаны дайындау.
Мұғалімнің әрекеті:
Мұғалім кеңес береді, оқушылардың жұмысына басшылық жасайды, оқушыларды ынталандырады.
Оқушының әрекеті:
Оқушылар зерттеу әрекетін жүргізеді.
Кезеңдер:
3. Нәтижені өңдеу.
Мұғалімнің әрекеті:
Мұғалім кеңес береді, оқушылардың жұмысына басшылық жасайды, оқушыларды ынталандырады
Оқушының әрекеті:
Оқушылар алдымен өз топтарында, содан кейін басқа топтармен байланыста қабылданған ереже бойынша жұмыс нәтижелерін өңдейді.
Кезеңдер:
4. Презентация.
Мұғалімнің әрекеті:
Мұғалім экспертизаны ұйымдастырады(мысалы, эксперттер ретінде жоғары сынып немесе параллель сынып оқушыларын, ата-аналарды т. б. шақырады. )
Оқушының әрекеті:
Өз жұмыстарының нәтижесін айтады.
Кезеңдер:
5. Рефлексия.
Мұғалімнің әрекеті:
Өз әрекетін балалар әрекетіне педагогикалық басымдық жасау бойынша бағалайды, олардың бағасын ескереді.
Оқушының әрекеті:
Өзгелердің бағалауын ескере отырып, жұмысқа рефлексия жүргізеді. Топтық рефлексия жүргізген дұрыс.
Олай болса, ендігі сіздерде қалған кезең ол- презентация және рефлекция. Жоба жұмысын бастамас бұрын, топтарды таныстырып өтейін.
1 топ . Тапқырлар. Жоба тақырыбы «Қаңқа- тірек негізі»
2 топ. Жас дәрігерлер. Жоба тақырыбы «Сүйек аурулары»
3 топ. Жас зерттеушілер. Жоба тақырыбы «Бұлшықеттің маңызы»
4. Топ бізде оппоненттер. Топ жұмыстарын сыннан өткізеді.
5. топ. Эксперттер. 3 топтың жоба жұмыстарын бағалаушылар.
Жоба жұмыстары мынадай критерилер бойынша бағаланады.
Ең жоғарғы балл: 5 балл
Бағалаудың шартты белгілері
+ 5 балл ( толық сәйкес)
+* 4 балл ( толымсызсәйкес)
+- 2-3 балл (жартылай сәйкес )
-
0-1 балл (толығымен сәйкес емес)
Ендігі сөз барлық топтарға беріледі. Топтар кезекпен жоба жұмыстарын қорғайды. Әр топ жоба жұмыстарын қорғағаннан кейін оппоненттердің сұрақтарына жауап береді.
Мұғалім: Әр топ жобаларын қорғады. Жоба жұмыстарын бағалау үшін сөз эксперттерге беріледі.
Эксперттер сөзі: өздерінің бағалауларын түсіндіреді.