Сабақ жоспары :: География

Файл қосу

Мұғалжар тауы

Құмжарған орта мектебі

Мәнжазба.
Тақырыбы:<<Мұғалжар тауы>>

Дайындаған: Тоқаш Ә.Б.
10-сынып оқушысы

Мазмұны
* 1. Географиялық орны
* 2. Жер қыртысы мен геологиялық құрылымы
* 3. Жер бедері
* 4. Климаты
* 5. Кен байлықтары
* 6. Топырағы, өсімдігі
* 7. Жануарлар дүниесі
* 8. Пайдаланылған әдебиеттер

--------------------------------------------------------------------------------
Географиялық орны
Ақтөбе облысы аумағында. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 400 км-ге созылып жатыр. Ені 200 км-дей. Орташа биіктігі 300 м, ең биік жері - Үлкен Боқтыбай тауы (657 м).
--------------------------------------------------------------------------------
Жер қыртысы мен геологиялық құрылымы
Солтүстігінде жіңішке бұйрат түрінде басталып, әрі қарай бір-біріне жарыса орналасқан екі қатар тізбекке бөлінеді. Олардың арасын беті сәл белесті ойыс бөледі (ені 15 - 20 км). Жоталар кей жерлерде бір-бірімен төбелер жүйесі арқылы жалғасады. Аралық өңірде девон мен тас көмірдәуірінің құмтас пен әктас жыныстары таралған. Жоталар кембрийге дейінгі және палеозойлық кварцит, кристалдық тақтатас, гнейс, гранит, т.б. жыныстардан құралған.
--------------------------------------------------------------------------------
Жер бедері
Батыс Мұғалжар, немесе Бас жота бір-бірімен тіркесіп, меридиан бағытында созылатын жеке қырқалар тізбегін түзеді. Оңтүстік бөлігі биік және қатты тілімденген. Шығыс Мұғалжар тауы аласа, төбесі тегіс шоқылар тізбегі түрінде. Солүстік бөлігі айқын тау сипатында, оңтүстікке қарай бірте-бірте аласара береді де маңайындағы жазықтан аз-ақ көтеріліп тұратын аласа төбеге айналып кетеді. Мұғалжар тауы 48" с. е. маңында аяқталады, одан оңтүстікте абсолюттік биіктігі 250 м-ден аспайды. Мұғалжар тауыЫрғыз өзенінің салалары арасындағы суайрықты құрайды. Солтүстікке қарай Ор өзені ағып шығады.
Мұғалжар тауларында шикізаттың мол кездесуі ежелгі адамдарға түрлі еңбек құралдарын жасауына, ал плейстоцендегі табиғи жағдайлар тұз андарын көп аулауына мол мүмкіндік туғызды. Мұалжар тауында ашель заманына тән шапқылар, тасбақа пішіндес өзектастар, қырғыштар жиі кездеседі. Бұл Мұғалжар тауының басқа өңірдегі палеолиттік кешендерден өзгеше екендігін көрсетеді. Сондай-ақ олардың Қаратау, Маңғыстау мен Сарыарқа өңірлеріндегі палеолиттік ескерткіштермен техникалық және типологиялық жағынан аз да болса байланысы бар екендігі аңғарылады. Әсіресе мұндағы Мұғалжар 3 - 6 ескерткіштерінен алынған, ашель дәуірінен бастап кейінгі (жоғары) палеолитке дейінгі аралықты камтитын тас құралдар Қазақстандагы палеолиттік ескерткіштердің хронологиясын, кезеңдестірілуін және корреляциясын анықтауда негізгі мағлұмат көздерінің бірі болып табылады.
Мұғалжар тауының жер бедерінің ерекшелігі қазіргі жер бедері жердің ішкі және сыртқы күштерінің әрекеті нәтижесінде қалыптасып отыр. Ішкі, сыртқы күштер әрекеті әлі тоқтаған жоқ. Ішкі күштердің әрекеті кейінгі тау түзілу процестері, биік таулы аудандардың шетінде болатын көтерілулер мен төмен түсулерден байқалады. Жер қойнауында тоқтаусыз жүріп жатқан қозғалыстарды тектоникалық қозғалыстар деп атайды. Жаңа тектоникалық қозғалыстар кайнозой эрасының неоген және төрттік (антропоген) дәуірлерін қамтиды. Бұл қозғалыстардың нәтижесінде Қазақстанның таулары жаңғырып, қатпарлы-жақпарлы тауларға айналды. Тау жасалу процесі қазір де жүріп жатыр. Бұған тау бөктерлерін терең тілімделген жас өзен аңғарларының болуы айғақ, сондай-ақ Қазақстанның биік таулы жүйелеріне тән ірілі-ұсақты жер сілкінулер де тектоникалық қозғалыстардың болып жатқанын дәлелдейді. Жер сілкіну процестерін сейсмология ғылымы зерттейді. Жер сілкіну - аса қауіпті апат әкелетін табиғат құбылыстарының бірі. Жер шарындағы сейсмикалық аспаптардың (сейсмограф) тіркеуі бойынша тәулік сайын орта есеппен 200-ден астам, ал бір жылда 100 мыңға жуық жер сілкінісі болып тұрады. Бірақ олардың бәрі апатты емес. Жер сілкіну - жер асты дүмпу күштерінің әсерінен жер беті қыртысының тербелуі. Жер сілкіну жер бетіндегі біліну, сезілу күшіне сәйкес халықаралық кесте (МЗК-64) бойынша 12 балға ажыратылады. 1964 жылы үш сейсмолог ғалым фамилияларының бас әріптерінен құралған кесте қабылданды. ТМД аумағында қолданылатын осы кесте бойынша 1 балл мен 4 балға дейінгі аралықта жер сілкіну күшін жан-жануарлар мен адамдар сезеді. Ал 4 пен 9 балға дейінгі аралықта құрылыс орындарының қирауы байқалады.
--------------------------------------------------------------------------------
Климаты
Климаты тым континентті, қысы суық, қар жамылғысы жұқа. Қаңтардың орташа температурасы - 15 - 18"С. Жазы ыстық, құрғақ, шілденің орташа температурасы 21 - 25"С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 - 250 мм.
--------------------------------------------------------------------------------
Кен байлықтары
Мұғалжар тауы қойнауында мыс, никель, марганец, сирек металдардың, фосфорит және тас көмірдің кен орындары барланған. Олардың кейбіреулері (никель, фосфорит, т.б.) өндірілуде.
Мұғалжар металлогения аймағы - Мұғалжар өңірінде кентасты және бейкентасты кендер орналасқан аймақ. Ақтөбе облысы жерінде Орал металлоген белдеудің оңтүстік жалғасы болып саналады. Соңғы геологиялық - геофизикалық деректер бойыніпа байкал қатпарлығы кезіндс Орталық Орал терең жарылысы Орал тауын батыс және шығыс бөліктерге бөлген. Кембрийге дейінгі кезеңнен бастап осы бөліктердің әрқайсысы түрліше геотектоникалық режимде дамыған. Оралдың миогеосин - клинальдық батыс бөлігі Шығыс Еуропа платформасымен байланысты болып, онымен бірге архей-том протерозойлық іргетас құрады. Оралдың эвгеосинклинальдык шығыс бөлігі байкал, каледон, герцин қатпарлықтарына ұшырады. Бұл қатпарлықтар күшті магматизмнің дамуына және көптеген эндогендік кентастардың қалыптасу процестеріне қолайлы әсерін тигізді. Нәтижесінде Мұғалжардың эигеосинклинальдық бөлігі батыстан шығысқа қарай синклино-рийлік Сакмар, антиклинорийлік Ор-Елек, синклинорийлік Жасыл тасты, антиклинорийлік Шығыс Мұғалжар, синклинорийлік Ырғыз құрылымдық формацияларына (металден, белдемдерге) бөлінді. Аталған белдемдер бір-бірімен терең жарылыстар арқылы ұштасады. Антиклинорийлік және синклинорийлік белдемдерде байқалған алмасулар жер қыртысының жақпарлы-блокты құрылысының тікелей көрсеткіші ретінде танылады. Синклинорийлік белдемдерде қара металдар, мыс, алтын; антиклинорийлік белдемдерде сирек металдар мен алтын кендері басым келеді. Шығыс Мұғалжар белдемінің кембрийге дейінгі метаморфтық кешендерінде кездесетін ан тофиллит-асбестің, фафиттің, мускониттің, тау хрусталінің кендері амсолиболиттік фацияның аймақтық метаморфизмімен байланысады.
Мұғалжар мыс кенді белдеуі - Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданыңда орналасқан кенді өңір. Мұғалжар атырабында көптеген мыс кентастар белгілерінің бар екендігі ертеден белгілі. Аралша, Авангард, т.б. мыс-колчеданды кентастар кендерінің ашылуы Мұғалжарды жаңа мысты аймиқ қатарына жатқызды. Ең басты кендер негізінен Тагил-Магнитогор белдемінің (Оралдың бас мыс-колчедан белдеуі) оңтүстік жалғасы саналатын жасыл тасты синклинорийлік белдемнің солтүстігінде орналаскан. Колчедандық кендер мен кентастар белгілері, базальтоидтық вулканизмнің бастапқы сатылары кеңінен тараған және олардың әр түрлі жынысгары бір-бірінен күрт өзгеше келетін немесе тетелес жіктелген формациялар құрайтын геосинклинальдық ойпңдарда (синклинорийлерде) орналасқан. Жанартау-тектік формациялар ішіндегі кендер субмеридиандық және көлденең жарылыстар белдемдерінің қиылысқан немесе бір-біріне түйіскен жеке телімдерінде (кентас түйіндерінде) шоғырланған. Мұндай түйіндер вулканиттердің көмейлік және субжанартаулық фациялардың дамуымен сипатталады. Синклинорийлік құрылымдардың геотектоникалық дамуымен байланысты эффузиялық магматизмнің солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа қарай жылжуы силурдан (Сакмара белдемі) карбонға (Ырғыз белдемі) дейін, жасы әр түрлі колчедандык кендердің пайда болуына қолайлы жағдай жасады. Колчедандық кентас жаралуымен тығыз байланысты аймақтық жасыл тастық метаморфизм күшінің төмендеуі де осы бағытта байқалады. Осы белдемді солтүстікке қарай Ортаңғы Ор, Біршоғыр, Сакмара белдемін Кеңтоғай, Қосестек, Қарғалы, Ырғыз белдемін Қиялыкөл-Қарақұм, Бақсай сияқты кенді аудандарға бөлуге болады.
Мұғалжар сирек металдар белдеуі - Актөбе облысының Мұғалжар тауындағы сирек металдардың кендері орналасқан алқап. Сирек металдардың кентастануы негізінен кембрийге дейінгі ме-таморфтық кешендерінен (гнейс, амфиболит, кристалдық тақтатас) құралған және Шығыс Мұғалжар металлоген, белдемінде шоғырланған. Мұнда кембрийге дейінгі ультраметаморфизмімен палеозойдың орогендік граниттік магматизмімен байланысты мигматиттер, граниттік 597 гнейстер, граниттер кең тараған. Сирек жер элементтерінің акцессорлық кентастануы (монацит, циркон, ру-тил, т.б.) кембрийге дейінгі гранитоидтармен бір кеңістікте топтасқан. Бұл кентастанудан қорымды кендер, кентас белгілері қалыптасады. Бұлардың ішіңде герциннің екі сатылы фанитоидтық магматизмімен генетикалық байланыста болатын сирек металл және сирек жер элементтерінің кентастануы ерекше орын алады. Лейкократтық граниттердің ірі батолит интрузиялары герцин магматизмінің бірінші сатысымен байланыста келеді. Молибден-вольфрам-висмут кентастануы (Итастыбұлақ, Ақпан, Борлы, т.б.) осы интрузияларда орналасқан. Сирек металл кентастануының пегматиттік және пневматолиттік-гидротермальдық типтері бар. Ырғыз бойының сирек металды пегматиттері танталит-колумбиттік формацияға жатады. Пегматитті аландар Талдысай массивінің фаниттерімен қиылған, амфиболиттер мен гнейстерден құралған ан-тиклинальдық құрылымдарда орналасқан. Пневматолиттік-гидротермальдық тип фейзендік (Шығыс), альбититтік (Борсықбай, Әйке, Қарасып, т.б.), циркон-монациттік (Шідер, Отешәлі, Белқопа), кварц-молибденит-серицитгік кентасты формацияларды Итасты-бұлақ, Қарабұлақ біріктіреді.
Мұғалжар шыңы құмдарының кені. - Батыс Мұғалжар бойында, Ор-Елек (Сакмара-Оралтау) көтерілімінің оңтүстік пен Ор ойпаңында кездесетін құмды алқап. Құм кендері палеоген мен миоценнің континентгік шөгінділеріңде шоғырланған. Ірілері -- Батыс Мұғалжар алды ойпаңындағы Мұғалжар мен Айрық арасында саз қабатшалары мен линалары бар ақ түсті кварц құмының қалыңдығы 25 м-ге жетеді.
Құмдағы кварц түйірлерінің мөлшері 95%. Қоспа ретінде магнетит, лимонит, турмалин, хлорит, циркон, лейкоксен, кальцит кездессді. Құмда 91,6 - 99,0% SіО„ 0,4% Ғе20„ 2,52% СаО, 0.26 - 3,72% А1203 + Ті02, 0,77% МgО бар. Қалындығы 4 -- 4,5 м-ге жететін Айрық кенінің құмы жоғарғы эоцен жыныстарында ұшырасады. Ор-Елек көтеріліміндегі эоценмен жасты Қараағаш кенінің құмы жақсы іріктелген, құрамында 96,28% SіО2, 0,33% Ғе,О3, 1,26% А12О3 бар. Ор ойысындағы Мамыт кені эоценнің сексеуіл свитасы шөгінділерінде түзілген. Құмы сұр, ашық сары, ұсақ түйірлі; арасында каолин саздары мен кварцит линзалары болады. Бұл кеннің құрамында 96,3 - 97,3% SіО2, 0,33% Ғе2О„ 1,28 - 1,50% А12О3 бар. Аталған кендердің құрамы терезе шынысы мен шыны ыдыс жасауға жарамды.
--------------------------------------------------------------------------------
Топырағы, өсімдігі
Солтүстік бөлігінің қиыршықты тастақ даласында боз, бетеге, сұлыбас өскен. Оңтүстікке қарай астық тұқымдасты жусанды шөлейтке ауысады (бетеге, жусан, т.б.). Жыраларда анда-санда қайың, көктерек, тал, мойыл кездеседі. Қатты тау жыныстары жер бетіне шығып жататындықтан өңір егін егуге қолайсыз. Егіншілікке пайдалануға жарамды жерлер тек аңғарларда ғана кездеседі. Жер асты суының қоры мол.
Батыс бөлігі боз, бетеге мен селеу өсетін қиыршық тасты, ашық түсті қара қоңыр топырақты болып келеді. Суайрықтары мен ойыстарда құмайт топырақ молдау. Онда негізінен селеу, көде, жусан өседі. Жер бедері күшті тілімденген ойыстарда ақ және қара жусандар тобына жататын өсімдіктер кездеседі. Сайлардың жоғарғы беткейлерінде қараған, тобылғы, жабайы шие мен әр түрлі бұталар, өзен бойларында терек, қайың, емен, тал өседі.
Ұсақ шоқылы құрғақ даласында қара қоңыр топырақ қалыптасқан. Онда дала мен шөл зоналарына тән өсімдіктер жамылғысы қалыптасқан. Сортаңданған қара қоңыр топырак жамылғысында бетегелі, үлпілдек селеу, көкпек шығады. Егер Мұғалжардың батыс беткейінің біраз бөлігі егіншілікке пайдаланылса, шығыс бөлігі тек мал жайылымына ғана пайдаланылады.
--------------------------------------------------------------------------------
Жануарлар дүниесі
Мұғалжардың батыс бөлігі боз, бетеге мен селеу өсетін қиыршық тасты, ашық түсті қара қоңыр топырақты болып келеді. Суайрықтары мен ойыстарда құмайт топырақ молдау. Онда негізінен селеу, көде, жусан өседі. Жер бедері күшті тілімденген ойыстарда ақ және қара жусандар тобына жататын өсімдіктер кездеседі. Сайлардың жоғарғы беткейлерінде қараған, тобылғы, жабайы шие мен әр түрлі бұталар, өзен бойларында терек, қайың, емен, тал өседі. Мұғалжардың ұсақ шоқылы құрғақ даласында қара қоңыр топырақ қалыптасқан. Онда дала мен шөл зоналарына тән өсімдіктер жамылғысы қалыптасқан. Сортаңданған қара қоңыр топырақ жамылғысында бетегелі, үлпілдек селеу, көкпек шығады. Егер Мұғалжардың батыс беткейінің біраз бөлігі егіншілікке пайдаланылса, шығыс бөлігі тек мал жайылымына ғана пайдаланылады. Жануарлары да дала, шөлейт, шөл зоналарына тән аң-құстардан түрады. Дала мен тау аңғарларын ақбөкен, жабайы шошқа, қоян, қарсақ, қасқыр, түлкі, сарышұнақ, аламан мекендейді. Өзен-көлдерінде аққу, қаз, үйрек, қырда безгелдек кездеседі.

Ұқсас жұмыстар
Мұғалжар тауының ұзындығы
Орал тауының Қазақстандық бөлігіндегі таулар
Мұғалжар қай таудың жалғасы
Білім әлеміне саяхат
Аласа таулар туралы
Аласа таулы өлкелер
Тақырып - Сарыарқа
Таулы өлке
Жер бедері
Қазақстанның табиғат кешендері
Пәндер