1500 м қашықтыққа жүгіру: сабақ жоспары және әдістемелік нұсқаулық

Сабақтың тақырыбы: 1500 м қашықтыққа жүгіру.

Мақсаты:

Сауықтыру: оқушылардың жас мөлшеріне қарай дененің мумкіндіктері мен жұмысқа қабілеттілігінің деңгейін қамту. Жалпы төзімділігін үйрету, дамыту;

Білімдік: қозғалыстың берілген өлшемдеріне сәйкес күшті сапалы турде реттей білуді қажет ететін жаттығутехникаларын менгеру есебінен қозғалыс тәжірибесін молайту. Мәреге жету күшін дамыту;

Тәрбиелік: денені үйлесімді қалыптастырумен бірге оқушыларды адамгершілік, ақыл-ой тәрбиесіне баулу.

Керекті құралдар: ысқырық, секундомер.

Сабақтың барысы:

1. Кіріспе бөлімі: 8 -10 минут.

Сапқа тұрғызу. Тугендеу. Дене жаттығуларын жасату. Арнайы аяққа жаттығулар. Бір орында жасалатын жаттығулар тоқтамасы. Отырып-тұру - 30 рет. Секірпемен секірулер - 20 рет.

1. Екі қолмен шығыршықты жоғары көтеріп тұрған бастапқы қалыпқа келу ( 7 - 8 рет) .

2. Аяқты қатар қойып, турған бастапқы қалыпта кеудені оңға бұрып шығыршықтың ортасына қарап, қайтадан бастапқы қалыпқа келу ( әр жаққа 4-5 рет-тен ) .

3. Аяққа алшақ қойып тұрған бастапқы қалыпта, кеудені оңға бұрып шығыршықтың ортасына қарап, қайтадан бастапқы қалыпқа келу ( әр жаққа 4-5 рет-тен ) .

2. Негізгі бөлім 8 - 10 минут .

1. “ Спорт падишасы ” атанған жеңіл атлетиканың бір тарауы - кросс . Кросспен айналысу төзімділікті қалыптастырады, шыдамдылыққа тәрбиелейді, күнделікті тіршілік үшін, оқу үшін, спорт үшін, болашақта әскер қатарында қызмет ету үшін өте маңызды ерекше күшті дамытады. 1500 метрге жүгіру. Жоғары сөреден жүгірген кезде жүгірушінің кеудесі сәл еңкейіп немесе қатты еңкейіп және ілгері шыққан қалып болады. Сілтенетін аяқ серпілетін аяқтан кейін тұрады. Жүгірушілердің көпшілігі әдетте толықтай табанмен жүгіреді - бір қалып жүгіруге дағдылана білген жөн, тізені жоғары көтеріп жүгіру керек. Жүгіру техникасын дұрыс орындай білу керек: шынтақтан бүгілген қол бостау болу керек, кеуде ілгері шығады, екі қол кезекпен-кезек ілгері қарқынды түрде қозғалады. Жүгіру ырғағы жүгіру қадамына сәйкес болады. Саусақтар бос бүгіледі.

Жүгіру кезінде қадамды ұзарту және жиілету үшін бұлшық еттер шыныққан күшті болуы керек. Осындай қимылмен жугірген балалар жақсы жүгіретін болады. 1500 м қашықтыққа жүгіру - ұзақ қашықтыққа жүгіру болу есептеледі. Мұнда дұрыс тыныс ала білу керек.

3. Қорытынды бөлімі: 8 - 10 минут .

Сапқа тұру, дем алуды қалыпқа келтіру, журналға баға қою.

Үй тапсырмасы: 300-500 метр жүгіру.


Ұқсас жұмыстар
Қысқа қашықтыққа жүгіру тәсілдері: сабақ жоспары мен әдістемелік нұсқаулық
Дене шынықтыру сабақтарының әдістемелік жоспары: 60 м және 1500 м жүгіру, жаттығу әдістері мен жарыстық іс-шаралар
Орта қашықтыққа жүгіру және дала жарысының әдістемелік сабақ жоспары
Дене тәрбиесі: орта қашықтыққа 100 м жүгіру - оқу сабағының жоспары
1500 метрге жүгіру: жүгіру техникасы мен шыдамдылықты дамытуға арналған сабақ жоспары
6-сынып: жеңіл атлетика - жоғарғы және төменгі сөрелерден жүгіру, 30х40 м қашықтыққа жүгіру
Жеңіл атлетика: қысқа қашықтыққа жүгіру сабақ жоспары
10-сыныпқа арналған 800 метр қашықтыққа жүгіру сабақ жоспары
6-сыныпқа арналған дене тәрбиесі сабақ жоспары: Қысқа қашықтыққа жүгіру
7-сынып: Жеңіл атлетика - орта және қысқа қашықтыққа жүгіру сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz