Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолданылатын инновациялық әдіс-тәсілдер Шеберлік сыныптың мақсаты Оқушылардың оқуын жақсарту үшін, мұғалімдердің қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық әдіс-тәсілдерді түрлендіріп қолданып отыруына ықпал ету

Шеберлік сыныбы
Тақырыбы :Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолданылатын инновациялық әдіс-тәсілдер
Шеберлік сыныптың мақсаты: Оқушылардың оқуын жақсарту үшін, мұғалімдердің қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық әдіс-тәсілдерді түрлендіріп қолданып отыруына ықпал ету.
Күтілетін нәтиже:
1. Мұғалімдер инновациялық әдіс-тәсілдердің тиімділігін түсінеді;
2. Мұғалімдер инновациялық әдіс-тәсілдердің жұмысты жақсартуға ықпалы тиетінін біледі;
3. Инновациялық әдіс-тәсілдердің нәтижеге бағытталғандығын түсінеді;
4. Өз жұмыстарына рефлекция жасай алады;
5. Топпен жұмыс жасай отырып ынтымақтастық ортасы құрылады, болашақта бірлесіп жұмыс жасауға ынталы болады
Мақсаты бағытталған аудитория:
Аймақтық семинарға қатысушы Панфилов, Жаркент, Ұйғыр ауданының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері
Көрнекіліктер, құрал-жабдықтар: презентация, флипчарт, маркер, стикер, смайликтер
Шеберлік сынып барысы:
- Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу(3 минут)
- Ынтымақтастық ортасын қалыптастыру.
- Слайд арқылы тақырыпқа түсініктеме беру:«Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолданылатын инновациялық әдіс-тәсілдер»
- Топтық жұмыс
- Рефлексия
Кіріспе:
Біз даналықты үш жолмен үйренеміз:
Ойлану - ең ізгі жол;
Еліктеу - ең жеңіл жол;
Тәжірибе жолы - ең ауыр жол.
/ Бенедикт Спиноза/
Стратегия -ұзақ уақытты қамтитын кез келген іс-әрекеттің жалпы жоспары және мақсатқа жету тәсілі. Педагогикалық стратегия - білім беру мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін сыныпта қолданылатын жоспарланған, әрі жүйеленген әдістер мен тәсілдердің жиынтығы.
Шеберлік сынып мазмұны:
Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу, слайд арқылы әр фигураның өзіндік ерекшелігін білдіру
Квадрат. Сізде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетіңіз баршылық. Сізден үздік администра-тор шығады
Зигзаг. Сізде әсемдікті көре білу қабілеті жоғары қалыптасқан, сондай-ақ шығармашы-лық қабілетіңіз, ой- өрісіңіз дамыған. Сізде табиғи өткір ойлылық бар, өз айналаңызға қабілетті адамдарды жинай аласыз. Сізді шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтыр-майды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.
Шеңбер. Сізде адамгер-шілік жоғары дамыған.
Сіз өз әріптесіңізді тыңдай аласыз және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісе-сіз, басқаның ауыртпалы-ғына жәрдемдесу қа-білетіңіз жоғары қалып-тасқан. Сізге жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңізді олардан аулақ ұстайсыз. Сізден үздік психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш. Сізге басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатыңызға қол жеткізуге барлық мүм-кіншілігіңізді жасайсыз. Өзіңе сенімдісіз және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесіз. Айтқаныңыз-дан шықпайсыз, абыройлысыз. Сіз қоғам-да, өмірде жоғары жетістіктерге қол жет-кізесіз, жұмысыңызда жоғарыға көтерілуге бейімділігіңіз бар.
«Инновациялық әдіс-тәсілдер не үшін қажет?» видео
Презентация арқылы тақырыпқа түсініктеме беру:«Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолданылатын инновациялық әдіс-тәсілдер»
Әдіс-тәсілдерді не үшін түрлендіріп отыру қажеттігі туралы ой тастау
Сабақтарымда қолданылып жүрген әдіс-тәсілдер және олардың тиімділігі туралы айту, көрсету
Видеоны көреді
Презентациядан өздеріне керекті мәліметтерді түртіп алып отырады
Видео
Презентация
«Үш насихат-үш мың дирхам» ертегісі таратылады, топтар берілген стратегиялар бойынша жұмыс жасайды
1-топ «РАФТ» стратегиясы
2-топ «Ыстық орындық»
3-топ «Жуан, жіңішке сұрақтар»
4-топ «Sinkuein немесе бес жолды өлең стратегиясы»
Әр топ өздеріне берілген стратегиялар бойынша мәтінмен жұмыс жасап, топтық жұмыстарын қорғап шығады.
Мәселен, «РАФТ» стратегиясы бойынша кейіпкердің атынан хат жазу, «Ыстық орындық» сұрақтарын дайындау, «Жуан, жіңішке сұрақтар» бойынша өз сұрақтарын дайындайды, «Sinkuein немесе бес жолды өлең» стратегиясы бойынша кейіпкер туралы өлең құрастырады.
Топтар жұмыстарын «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды
Топтық жұмыс үлгілері, «Екі
жұлдыз, бір тілек
РЕФЛЕКСИЯ: «Сандық, еттартқыш, қоқыс шелегі»
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz