Қосудың ауыстырымдылық қасиеті

Сабақтың тақырыбы. Қосудың ауыстырымдылық қасиеті.

Сабақтың мақсаты:

1. Қосу амалының ауыстырымдылық қасиетін тұжырымдау, оны іс жүзінде пайдаланудың тиімділігін дәлелдеу.

2. Өз ойларын, пікірлерін еркін айтуға, ойын дәлелдей білуге дамыту. Топпен жұмыс жасауға жұмылдыру.

3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, еңбектенуге, жылдамдыққа баулу.

Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойлау, пікірін айту, талдау.

Сабатың көрнекілігі: Интерактивті тақта құралы, қима қағаздар.

Сабақ барысы.

І Ұйымдастыру кезеңі

1. Психологиялық дайындық.

2. Сабақтың өтілу барысымен таныстыру.

ІІ. Өткенді пысықтау.

III. Жаңа сабақ

IV. Сабақты қорыту

V. Мадақтау.

Барысы.

І. Ұйымдастыру.

1. Психологиялық дайындық.

Күн шуағын алақанға саламын.

Жүрегіме басып ұстап қаламын.

Тыныштық пен жылу, жарық, мейірімді

Сенің ғана алақаныңа саламын-

(деп балалар бір-бірінің алақанын ұстайды. )

-Жақсы балалар, отыра қойыңдар. Балалар біздің бүгінгі сабағымыз күнделікті сабаққа қарағанда сәл ерекшелеу. Өйткені сыныпта мектебіміздің ұстаздары қонақта отыр. Сондықтан сыныпта тәртіп сақтап, барлығымыз ынта- жігермен сабаққа қатысуымыз керек.

2. Сабақ мақсатымен таныстыру.

Бүгінгі сабақта сендер үй тапсырмасын пысықтап, өткен сабақты қайталап, жаңа сабақпен танысасыңдар. Сабақ сайыс түрінде өтеді. Әрбір дұрыс жауапты жұлдызша, шаршымен бағалаймыз. Қай топтың жинаған ұпайлары көп, сол топ жеңіске жетеді. Және біздің сабаққа өз тапсырмаларын алып, мультфильмдер кейіпкерлері қонаққа келіпті.

ІІ. Өткенді пысықтау.

Мынау қай мультфильмнің кейіпкері? ( Маша мен аю)

Машаның тапсырмасы. «Сандар әлемі»

І топқа

1. Сандарды ретімен тура, кері сана.

2. 0-ден бастап бір сан аттап сана

ІІ топқа

1. 1-ден бастап екі сан тастап сана

2. 4-тен кем, 6-дан артық қай сан?

ІІІ топқа

1. 0-ден бастап бір сан тастап сана

2. 7-ден кем, 5-тен артық қай сан?

Балалар, Машаның тапсырмасын орындай алдық па?

Келесі қонағымыз қай мультфильмнен болды екен?

(Спанч Боб)

Спанч Бобтың тапсырмасы «Фигуралар әлемі»

Ол сендерге жұмбақ жасырғысы келеді.

І топқа

1. Емес бұл төртбұрыш,

Мұнда мүлдем жоқ бұрыш

Бұл не? (шеңбер)

2. Геометриялық пішіндерден бір фигура құрастыру қажет.

ІІ топқа

1. Төрт қабырғасы тең болса,

Төрт бұрышы тең болса.

Жауап берер балақай,

Ой-орісі кен болса.

Бұл не? ( шаршы )

2. Геометриялық пішіндерден бір фигура құрастыру қажет.

ІІІ топқа

1. Бұрыштарын табамыз,

Бұған келер шамамыз,

Төбесінен сырғанап,

Құлап қалсақ, күлеміз.

Бұл не? (үшбұрыш)

2. Геометриялық пішіндерден бір фигура құрастыру қажет.

Жақсы, балалар.

Әр топқа 2 ұпайдан салынады.

Сергіту сәті.

Жолдарыңа үңіліп,

Екі бақа жүгіріп,

Секіреді, бақ-бақ,

Ағаштарды аттап.

Олар ерте тұрады,

Беті-қолын жуады.

Оңға-солға шайқалып,

Бақылдайды ән салып.

Келесі кейіпкеріміз қай мультфильмнен болды екен?

(«Ну, погоди» - Қасқыр мен қоян)

Қасқыр мен Қоянның тапсырмасы «Қосу мен азайтуды біл»

Ол сендерге сұрақтар дайындапты.

1. Қосудың бөлшектерін ата. Қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні.

2. Айырманың атауларын ата. Азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні.

3. 9-бен 4-тің айырмасы нешеге тең?

4. 10 мен 3-тің айырмасы нешеге тең?

5. 5 пен 2-нің қосындысы нешеге тең?

6. 4-ті 3-ке арттыр.

7. 6 мен 1-дің айырмасы нешее тең?

8. 8-ді 2-ге кеміт.

Қасқыр мен Қоянның тапсырмаларын орындадық. Не білдік?

Лунтиктің тапсырмасы «Жаңа ұғым».

Суретке қарап, солдан оңға қарай кітаптардың санын қосайық. Қанша көк кітап бар? -2.

Қызыл кітап ше?- 1

Қандай өрнек шығады? 2+1

Өрнектің мәнін табайық. 2+1=3

Қанша көк дөңгелек бар?-1

Қызыл дөңгелек неше?-2

Қандай өрнек шығады? 1+2

Өрнектің мәнін табайық. 1+2=3

Не байқадыңдар? Бұдан қандай қорытынды шығады? 2+1=1+2

Қосылғыштардың орындарын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді. Осы қорытындыны бәріміз бірге қайталайықшы.


Ұқсас жұмыстар
Тік төртбұрыштың периметрінің формуласы
Қосудың терімділік қасиеті
Тік төртбұрыштың қасиеті. есепті әртүрлі тәсілмен шығару
Теңдеулерді теріп алып шешу
Тік төртбұрыштың қасиеттері
8 санының құрамы
Сүйір бұрыш тік бұрыштан кіші
Қосудың қасиеттері
Өткенді қайталау
Тақырып Ондық бөлшектерді қосу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz