Сабақ жоспары :: Мектеп алды білім беру, бастауыш сыныптар
Файл қосу
Қабдеш жұмаділовтің "адасқан бала" әңгімесі
[pic]
Мусина Жаңылсын Сармұрзақызы
№40 орта мектеп.
Ақтөбе қаласы.
Пәні: қазақ әдебиеті 4-сынып
Тақырыбы: Қабдеш Жұмаділовтің "Адасқан бала" әңгімесі.
Мақсаты:
Білімділік: Әңгіме желісі бойынша оқушылардың ойын тиянақтау, өз
көзқарасын жүйелі талдауға үйрету, негізгі ойды таба білуге
дағдыландыру;
Дамытушылық: Оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып ой
қорытқызу және жаңа ұғымды өзі іздеп табуға бағыттау, ой
өрісі мен дүниетанымын дамыту;
Тәрбиелік: Ізденімпаздыққа, жауапкершілікті түсіне білуге тәрбиелеу,
мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қ.Жұмаділов портреті, тест, кодоскоп, үлестірмелі
қағаз.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ізденушілік әдісі
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: ("Қызығушылықты ояту")
Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау. Әр оқушы өздеріне ұнайтын
фигураны таңдайды. Тест қорытындысы бойынша ерекше психологиялық мінездеме
айтылады.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Нақты сұрақ - дәл жауап
(бір ауыз сөзбен)
1. Арғынның атасы қайда жарты күн дайындалады? (шөп шабуға)
2. Атасы қолғабысты қалай түсіндірді? (көмектесу)
3. Көктомарда Арғын немен айналысты? (бүлдірген терді, көбелек қуды, гүл
терді)
4. Атасы Арғынның әкесін неше жасында шөп шабуға үйретті? (12 жас)
5. Әңгімедегі негізгі ой қандай? (еңбекке баулу, қолғабыс жасау)
ІІІ. Мақсат қою кезеңі:
Егер ол адасып жөн сұраса, мекен жайды таба білуге көмек көрсету. Олай
болса, бүгінгі жаңа сабақ Қ.Жұмаділовтің "Адасқан бала" шығармасымен
танысу.
Қабдеш - тілге аса бай
және әр сөздің сиқырлы
бояуын жан-тәнімен
нәзік сезінетін жазушы
Әкім Тарази
IV. Жаңа сабақ
Соңғы кезде бірыңғай бүгінгі күн тақырыбына, қазіргі замандастар өміріне
қалам тартып келе жатқан жазушының бірі - Қабдеш Жұмаділов.
1936 жылы Шығыс Түркістанның (қазіргі Шынжаң өлкесі) Тарбағатай
аумағы Шәуешек өңірінде дүниеге келген. "Қаздар қайтып барады",
"Сарыжайлау", "Сәйгүліктер" тәрізді әңгіме, хикаят жинақтары, "Көкейкесті",
"Бақыт жолында", "Соңғы көш" романдары жарық көрді.
Адасқан бала
1. Жәнібектің Жако аталуы
2. Жаконың ұшты-күйлі жоғалуы
3. Ала көйлекті баланы сұрастыру
4. Балалардың ойыны
5. Бассейнді іздеу
6. Ақырғы аялдама
7. Милицияның балалар бөлмесі
8. Ата тегін толық жаттауға мәжбүрлік
V. Сұрақтар:
1. Әңгіме кім туралы?
2. Жәнібек қалайша аяқ астынан жоғалып кетті?
3. Ол қандай оқиғаларды басынан кешірді?
4. Жәнібек неліктен әке-шешесінің аты- жөнін жаттап алуға мәжбүр болды?
VI. Шығармашылық тапсырма
Кім кінәлі? Оқушылар дәлелдеу керек. Қарсы ой айта отырып, өз пікірін
дәлелдейді.
VII. Оқулықпен жұмыс
1. Мәтіннен Жәнібектің түр-тұлғасы сипатталған жолдарды тауып оқы
2. Өз тұрған мекен жайыңды қағаз бетіне түсір.
VIII. Сабақты бекіту
Кодоскоптан тест көрсетіледі. Оқушылар жауап нұсқасын белгілейді.
ІХ. Қорытынды:
Қазақта "Жеті атасын білу" заң болған. Ер жігіттің үш жұрты бар, оның
шығу тарихын, тегін білу әр азаматқа парыз деп ұққан халық "Жеті атасын
білген ұл жеті жұртқа жөн айтар" деп аталы сөзді арқау етіп, баласына ата
тарихын жастайынан жаттатып, ел-жұрт тарихын білу - ер азаматты ерлікке,
елдікке, Отан сүюшілікке баулиды деп ұққан.
Х. Бағалау
Жеке оқушыларды мадақтау
ХІ. Үйге: Қ.Жұмаділов "Адасқан бала" әңгімесінің мазмұны
-----------------------
Қолғабыс
Бейтанысқа көмек
Досына
Ата-анаға
Көкесі
Балалар
Кім кінәлі?
Анасы
Жако
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz