Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Гүлдене бер, жайнай бер Қазақстан

Тақырыбы: Гүлдене бер, жайнай бер Қазақстан!

Мақсаты: Егеменді еліміздің болашағын жалғастырушы ұрпақты туған жерімен елін сүюге, оларды қорғай білуге тәрбиелеу, сөздік қорларын молайтып, тілдерінің дамуына ықпал ету.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, жас бүлдіршіндер! Сіздерді салтанатты мереке Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Осынау мерекеге орай өткізілетін <<Гүлдене бер, жайнай бер Қазақстан!>> атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Жаңарған берекелі еліміз бар,
Даласы гүлге толы жеріміз бар.
Кең өлкем, байлығы мол, ынтымақты,
Шалқыған айдын шалқар көліміз бар.

Бұл қай ел балалар?
- Қазақстан.
- Сендердің туған жерлерің қалай аталады?
- Туған жеріміз, Отанымыз Қазақстан.
- Елбасымыз кім?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын қыстау кезеңдерін бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар еліміз өз тәуелсіздігін алды. Әр елдің, мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар.

Мемлекеттік рәміздер: Ту, Елтаңба, Әнұран халық бірлігінің белгісі. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу әрбір азаматтың міндеті.
Рәміздерім елдігімнің белгісі,
Білу керек баладағы ең кіші.
Рәміздерім Әнұран, Ту, Елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн, кісі!

Жүргізуші: Қазақстанның Туы көгілдір түсті. Ол ашық аспанды, тыныштықты білдіреді. Тудың ортасында алтын күн, баршаға ортақ нұр сәулесін төгіп тұр. Қалықтап ұшқан құс ерліктің белгісі.
Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды.

Жүргізуші: Ендігі кезекті жас бүлдіршіндердің тақпақтарына береміз.

Баян: Қатар шапқан қос тұлпар
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар
Шарықтаған таза күй
Бұл таңбасы елімнің
Елдігімнің белгісі.

Баян: Бір шаңырақ атсында,
Қазақстанда тұрамыз.
Бірге сайран құрамыз,
Бір үйде біз тұрамыз.
Кәусар: Ән ұраным, жан ұраным,
Жүрсем егер дүние кезіп.
Айтар әнім сөйлер сөзім,
Туған жерім сағынарым.
Елордам менің Астанам,
Осында жаңа бастаған.
Сәулетті зәулім үйлер көп,
Көрікті сондай жас қала.
Лунара: Қазақстан елім менің
Қазақстан жерім менің
Саған арнап айтылады
Әнім менің
Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды.
Мансур: Күміс күннің астында,
Желбірейді туымыз.
Қазақ деген халықтың,
Ұлы менен қызымыз.
Мирлан: Отан менің өз елім,
Отан туған өз жерім.
Отан далам өз елім,
Гүлдей жайнап өсемін.
Әсел: Он алтыншы желтоқсан,
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше боп мәңгілік,
Ел жадында қалған күн.
Әйгерім: Құт береке шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім Елтаңбам.
Дәурен: Мерекеге шығады,
Бүкіл халық біліп қой.
Отандастар ұғады,
Тәуелсіздік ұлы той.
Аңсар: Туымызға көгілдір,
Бір қарамай өтпейміз.
Сол көк тудың асытныда,
Көгереміз, көктейміз.
Нұрасыл: Отан біздің әніміз,
Отан біздің сәніміз.
Ер жетеміз туған ел,
Сені сүйіп бәріміз.
Ән: Көк тудың желбірегені.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар жас бүлдіршіндер. Әрқашан күн сөнбесін, аспанымыз ашық болып, заманымыз тыныш болсын. Тек Қазақстан ғана емес, бүкіл әлем балаларының ұйқысы тыныш болсын! Бүгінгі Гүлдене бер, жайнай бер, Қазақстан! атты тәрбие сағатымыз аяқталды.

<<Науырзым ауданы білім беру бөлімінің Науырзым орта мектебі>>ММ

Шағын орталық

(Тәрбие сағаты)

Тәрбиешілер: Нургожина Р.Ж
Туякова З.К

<<Науырзым ауданы білім беру бөлімінің Науырзым орта мектебі>>ММ

Шағын орталық

(Тәрбие сағаты)

Тәрбиешілер: Туякова З.К
Нургожина Р.Ж

2015 - 2016 оқу жылы

Тақырыбы: Біздің Елбасы

Мақсаты: Елбасы туралы толық мағұлмат беру, балалардың өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Отанын сүюге тәрбиелеу. Елбасының өмірі мен еңбек жолы жайлы қысқаша мәлімет бере отырып балаларға өлеңдер жаттату; сөздік қорларын молайту, тілдерін дамыту.

Көрнекіліктер: Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың суреті,

Тәрбиеші: Бәріміз мына өлең шумағын бірге қайталайық.
Бір шаңырақ астында,
Тату - тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.
Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата бабадан,
Бірлік - асыл мұрамыз.

Балалар біз қай мемлекетте өмір сүріп жатырмыз?
Қазақстанда.

Осындай кең байтақ еліміз бен жеріміздің кім басқарып отыр?
Президент.

Елбасымыз кім? Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Еліміздің астанасы қай қала? Астана қаласы.
1- желтоқсан <<Елбасы күні>> болып жарияланған.
Нұрсұлтан атамыздың өмірі мен еңбек жолына арналған шағын шағын бейнекөрсетілім. Қане балалар, назар аударайық.
(Бейнекөрсетілім)
Елбасы мектепте тек <<бестікке>> оқыған. Ол сол кезде ақ біліммен қатар өнерді бойына сіңіріп өскен. Домбыра тартып, ән салған, спортпен шұғылданған. Өте мейірімді, үлкенге де, кішіге де әркез көмектесе кететін елгезек, ұқыпты бала болған екен. Елбасы болып сайланғаннан бері осы жылдар ішінде ол еліміз үшін, сендер сияқты бүлдіршіндер үшін, ана, ата, әжелеріміз үшін аурухана, балабақша, мектеп тұрғын үйлер салдырып көптің алғысына бөленді.

Тәрбиеші: Балалар Елбасы жайында тақпақтар білеміз бе?

1 - бала: Кәусар
Елбасы деп ең дала
Мақтанамыз біз аға
Жүрек сөзін жеткізді
Мақтанышпен бар бала
Жайнатамыз даланы
Әсем қала саламыз
Танытатын өз елін
Бізде сіздей боламыз.

2 - бала: Лунара
Елбасымыз ол біздің
Болашаққа жол ашып
Нұрлы жолға бастаған
Бүлдіршінді қолдаған

3 - бала: Әсел
Ел халқының Елбасына айналып,
Шықтың қайта төр басына сайланып.
Тәуекел деп абыройға сүйенген,
Қазағыма жетер дейсің қай халық.

4 - бала: Дәурен
Сарқылмайтын қуатым
Тірегімсің Қазақстан
Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің Қазақстан

5 - бала: Әйгерім
Елбасы деп ең дала
Мақтанамыз біз аға
Жүрек сөзін жеткізді
Мақтанышпен бар бала

6 - бала: Баян
Көк байрақ, көк аспан
Алтын күн нұр шашқан
Әлемге танылған
Тәуелсіз Қазақстан
Дұрыс балалар өте жақсы.

Тәрбиеші: Балалар, біздің жарқын болашақта өмір сүруіміз, ата бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізуіміз, еліміздегі ұлтаралық татулық, бейбіт өміріміз осының бәріне біздің Елбасымызға алғысымызды айта отырып жаттайық.

<<Біздің Елбасы>> өлеңі
Ел болдық, ерік алдық Астананы.
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Елбасының атымен басталады.

Тақырыбы: Пішіндерді орнына қою

Мақсаты: Балаларға түстері ерекше бір белгісі бойынша бір тектес заттарды (көлем, пішін) топтастыруға үйрету. Түрлі тектес заттарды 3 түс қызыл, сары, көк үйлесіміне сәйкестендіре білуді қалыптасытру. Пішіндерді бір бірінен ажыратуға үйрету. Ойлау қабілеттерін дамыту. Зейінділікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: түрлі пішіндер, ойынға қажетті құралдар.

Сабақтың барысы
Шаттық шеңбері.
Дөңгеленіп тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Қол ұстасып бәріміз,
Ақ тілекті жолдайық,
Қайырлы күн, бақшамыз!
Қайырлы күн, достарым!
Қайырлы күн апайлар!

Сәлеметсіздер ме балалалар?
Балалалар қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезігілі.
Күз мезгілінде неше ай бар?
Үш ай.
Күз айларын атаңдаршы?
Қыркүйек, қазан, қараша.
Біз бүгін пішіндермен танысамыз.

Ғажайып сәт: Балалар біреу есік қағып тұрған сияқты. Кім екен көрейік. Бізге қонақ келіпті ғой.
Сәлеметсіз бе?
Үстіне түрлі пішіндерді жапсырған сиқыршы келеді. Үстіндегі түрлі пішіндерді атайды.
Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек.
Түстерін атайды.
Балалар міне мынау геометриялық пішіндер. Мынау үшбұрыш түсі қызыл, мынау төртбұрыш түсі жасыл, мынау дөңгелек түсі көк.
Пішінді орысша фигура деп атаймыз.
Дөңгелекке нелер ұқсайды екен?
Доп, алма, сақина.
Үшбұрышқа нелер ұқсайды екен?
Үйдің шатыры.
Төртбұрышқа нелер ұқсайды екен?
Кілем, есік, теледидар.

Ойын: <<Дәл тауып қой>>

Мақсаты: Балаларды тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Барысы: Пішіндерді орнына қою керек.
Үшбұрышты үшбұрышқа, төртбұрышты төртбұрышқа.
Балалар сендер өте жақсы біледі екенсіңдер.

Сергіту сәті:
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауда.
Сол қол қарап тұрмасың,
Шеңбер жасап тынбасын.

Ойын: <<Қандай пішінге салды?>>
Қарақұмық, күріш, бидайды пішінге салу керек. Қандай пішінге салды. Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелекке салу керек. Біз қандай пішіндермен таныстық?
Пішіндердің түстерін атату.
Пішіндерге нелер ұқсайтынын айтқызу.
Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс әрекетіміз осымен аяқталды. Сау болыңдар?

Күтілетін нәтиже:
Балалар геометриялық пішіндер туралы білді. Геометриялық пішінді орналастыру.

<<Науырзым ауданы білім беру бөлімінің Науырзым орта мектебі>>ММ

Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Сенсорика

Шағын орталық І кіші топ

Тәрбиеші: Туякова З.К

Ұқсас жұмыстар
Репродуктивтік деңгей
Мынау Астана қаласының қай жері
Гүлдене бер Қазақстаным
Ата тәуелсіздік
Елбасы мұраты - ел бақыты, гүлденген Қазақстан
ТУҒАН ЖЕРІМ АСТАНА
Біріккен сөздердің жазылуы
Елін сүйген- Елбасы Елбасы туралы
Болашаққа үміт, жастарға сенім
Менің елім - Қазақстаным
Пәндер