Тұрлаулы мүшелер: бастауыш пен баяндауышты оқытуға арналған сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер .
Сабақтың мақсаты : тұрлаулы мүшелер сөйлемнің негізін құрайтынын түсіндіру, бастауыш пенбаяндауышқа сұраққоя білуді үйрету . Сөйлем мүшелері туралыбілімдерін кеңейте түсу . Оқушыларды шығармашылыққа баулу .
Дамытушылығы : дамыта оқытуға негізделген шығармашылыққиялын, сөздік қорын молайтып, сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін, ой шапшаңдығын дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру .
Тәрбиелігі : Топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелей отырып, адамгершілік ізгі қасиеттерді бойына сіңіру, патриоттық тәрбие беру .
Сабақтыңәдісі :Топтық жұмыс, ой қозғау, сұрақ-жауап, слайдпен сызбалар көрсету, талдау.
Пәнаралық байланыс : әдебиеттік оқу, математика, дүниетану .
Көрнекіліктері : слайдтар, суреттер, қима қағаздар .
Сабақтың барысы :
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Қызығушылықты ояту.
Кім жылдам ? ойыны.
4. Жаңа сабақ.
Мәтінді оқу . Cлайдтан көрсету .
1. Осы сөйлемдердегі кім ? не ? не істеді ? не қылды ? қайтті ? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді алып тастап оқыту .
2. Не істеді ? не қылды ?қайтті ? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді қалдырып оқыту .
3. Кім ? не ? не істеді ? қайтті ? деген сұраққа жауап беретін сөздер сөйлемнің негізін құрайтынын түсіндіру.
Ереже . Cлайдтан көрсетіледі .
5. Оқулықпен жұмыс. Дәптермен жұмы
2-жаттығу .
Мәтінді оқы .
Сөйлемдердің тұрлаулы мүшелерін тап.
6. Сергіту сәті.
7. Топпен жұмыс .
1-топ .
Өлең жолдарын толықтырып жаз .
Ағам жылқы . . .
Атам пішен . . .
Жеңгем сиыр . . .
Әжем киіз . . .
2-топ
Сөйлемдерді толықтырып жаз .
Астана -
Емен -
Жетісу -
Ертіс - 3-топ .
Бастауыш сөзіне дыбыстық талдау жаса .
4- топ .
Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз .
1. Балалар, жиналды, алаңға .
2. Топқа, екі, ойнады, бөлініп, доп, олар .
3. Тобы, жеңді, Жарастың .
4. Мұраттың жеңді, соңынан, тобы .
5. Аяқталды . ойын, тең
8. Суретпен жұмыс.
9. Адасқан сөздер ойынынан мақал құрастырып жазу .
Оқу -білім бұлағы,
Білім -өмір шырағы .
10. Ой толғаныс . Қорытынды .
Тұрлаулы мүшелер сызбасын көрсете отырып, сабаққа байланысты сауалнамалар қою .
Венн диаграммасын жасау .
Тұрлаулы мүшелер.
10. Оқушыларды бағалау .
11 . Үйге тапсырма .