Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты

Файл қосу

Шешендік сөздің тәрбиелік мәні бар

Тақырыбы: Шешендік сөздің тәрбиелік мәні бар
Мақсаты: Оқушыларға жаңа тақырыпты меңгерту;
Танымдық, тұлғалық қабілеттерін дамыту;
Жүйелі ойлап, шешен сөйлеуге, ойын жеткізе білуге, тапқырлыққа дағдыландыру.
Елін, жерін сүюге баулу. Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Ашық сабақ;
Әдісі: Сұрақ-жауап, тест, талдау, шығармашылық жұмыс.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру
Сынып тазалығы
Оқушыларды белгілеу
Саяхат сабақ: Оқушылар білім кемесіне мініп, сөзстанға шешендер еліне саяхат жасайық.
Алдымызда көрінген аралға тоқталайық.
Үй тапсырмасы: - Бұл қай арал?
- Сұрау аралы..
1. Жиреншенің ерекше үш қасиетін ата.
2. Аңыз әңгімелерінің үш белгісін ата.
3. Қарашаштың ақылдылығын немен дәлелдейсің?
Ал енді кемеге қайта отырып су ішіндегі кедергілерден өтейік.
1 - кедергі.
Тест
1. Қаңбақ қайда барады?
А) Сайға В) Тауға С) Далаға Д) Қалаға
2. Шаңғытып келе жатқан Жиренше немен келеді?
А) ешек пен ит
В) ит пен ешкі
С) ат пен ешек
Д) Сиыр мен ешек
3. Жиренше сиырларды қайда суарды?
А) Сорқұдық В) Ащы құдық С) Тұщы құдық Д) Терең құдық
4. Жиренше кедейдің қасына неге қонды?
А) Жолға жақын болған соң
В) Қызы бар үй болған соң
С) Жолда келген кісіден бөлек болу үшін
Д) Өз үйі тәрізді болған соң
2 - кедергі.
Салыстырмалы тест
1. Аңыздың тарихқа қатысы бар ма жоқ па?
Ия Жоқ
2. Ертегі өлең түрінде жазыла ма?
Ия Жоқ
3. Кендебай <<алтын құйрықты>> ханға берді ме?
Ия Жоқ
4. Қаратаудың ойы мен Қарасудың бойында Қазанғаптың әйелі қыз босанды ма?
Ия Жоқ
5. Жаманның алғаны Зәрліханның қызы ма?
Ия Жоқ
- Ал, балалар, алдымыздағы қай арал?
Жаңа сабақ: - Білім аралы.(Тірек сызба)
Шешендік сөздер не?
Елге белгілі адамдардың қайсыбір оқиғаға байланысты айтқан сөзі.
Кімдер айтады?
Шешендер, билер айтады.

Не үшін айтады?
Ел намысын, бірлігін қорғау үшін.
Не жайлы айтады?
Өсиет - нақылы, арман - тілегі, ақыл - ойы мен тіл байлығы айтылады.
Қызметі не?
Екі жақты дауға төрелік айту, бірлікке, татулыққа, үлкен-кішіні сыйлауға шақырады.
Нені үйретеді?
Ой-сананы оятып, жақсы мінезге, зерек болуға, ұтқыр да ойлы сөйлеуге баулиды.
Бекіту:
- Балалар, алдымыздағы биік шыңдар қай аралда екен, кәнеки жақындап көрейік...
- Ия, Зерттеу аралы екен, ал шыңдар:
1. Асан қайғы
2. Бөлтірік шешен
3. Тоқсаба шешен
4. Қазыбек би
5. Төле би
6. Сырым батыр
7. Абай аталарымыз екен...
Солармен тілдесіп келген құрбыларыңды тыңдайық...
- Ал, балалар, әңгімемен отырып тағы бір аралға кез болдық.
Бұл - Сараптау аралы.
- Шешен мен сөзшеңнің айырмасы неде?
<<Қарама-қарсы элементтер>> стратегиясы.

Шешен
Сөзшең
Жүйелі
Аз, мағыналы
Тапқыр
Бірлікке шақырады
Өсиет
Жүйесіз
Көп-көпірме
Бәдік
Берекесін алады
өсек
<<Іздестіру аралы>>
Мақалдың жоғалған сөзін тап
1. Сөз өтер, таяқ өтер.
2. Аңдамай ауырмай өледі.
3. Көп сөз , аз сөз .
4. - жарым ырыс.
<<Шешен сөз>> аралына шешен сөйлеушілерді ғана жібереді.. Ендеше, шешендердің өсиеттеріне сүйеніп толғау жазайық.

Не жақын?
Оқушыға кітап жақын,
Қасапшыға жақын.
Ойыншыға доп жақын,
Мергенге жақын.
Бағбанға бақша жақын,
Саудагерге жақын.
Арбакешке қамыт жақын,
Батырға жақын.
Асабаға той жақын,
Қойшыға жақын.
Тігіншіге бөз жақын,
Шешенге жақын.

Кім жетім?
Халқы болмаса әкім жетім,
Ұстазы болмаса жетім.
Базары болмаса сатушы жетім,
Кітабы болмаса жетім.

Жауабы болмаса сұрақ жетім,
Бәдік сөз тыңдаса жетім.
Иманы болмаса намаз жетім,
Қадірсіз сызылған жетім.

Қорытынды: Ал, ендіОзып шыққан оқушыларды Ойшылдар аралына шақырамыз.
1. Ханды ақылмен жеңген кім?
2. Шешеннің өнегелі сөзін ата.
3. Жиреншені босандырған кім?
4. Асанқайғының шын аты кім?
5. Жиреншені сынаған хан кім?
Ж И Р Е Н Ш Е
Ө С И Е Т
Қ А Р А Ш А Ш
Х А С Е Н
Ж Ә Н І Б Е К

Ұқсас жұмыстар
Шешендік сөздердің тәрбиелік мәні
Қорытынды сабақ Қазақтың ұлттық шешендік өнері
Омоним сөздерді тап
«шешендік өнер» арнайы курстың күнтізбелік жоспары
Шешендік сөз өнері. авторлық бағдарлама
Шешендік сөз тектері
Шешендік дау
Қазақ халқының шешендік сөз өнері. 5 сынып
Шешендік өнер – жалпы білім беретін мектептердегі оқу пәні ретінде
Шешеннің сөзі - ақылдың көзі Шешендік сөздерден көрініс көрсету
Пәндер