Физика және табиғат атты саяхат сабағы

Жамбыл облысы. Байзақ ауданы. «Кеңес» орта мектебі
Физика- математика пәнінің мұғалімі: Жақсылықова Эльмира.
«Физика және табиғат» атты саяхат сабағы
Оқу жылының соңғы сабағы әдеттегідей өзгеше қайталау түрінде өткізуде тәжірибеге енгіздім. Бұл сабақ әр жылы әр түрлі бір- біріне ұқсамай өтеді. Соның бірін назарларыңызға ұсынып отырмын.
Сынып оқушулары өздері құрған «Жасыл» клубының кезекті отырысында сабақтың жоспарын талқылап, сабаққа «Физика және табиғат» деген ат берді. Қандай тарауларды қайталау, қандай суреттер, көрнекі құралдарды қолдану осы отырыста сұрыпталды. Оқушылар екі топқа бөлінді. Бір оқушыны орманшы етіп белгіледі.
Тақта алдына орманшы шығады. Тақтаны екі жағында оқушылардың екі тобы шығып, қарама - қарсы орналасады. Тақта алды өсіп тұрған гүлдермен безендіріліп, тақтаға «Орман» сурет ілінді.
Оқушы: Сәлеметсіздерме, балалар! Бүгін сендер жылы, шуақты күнде серуенге шыққан екенсіңдер, орман әдемі, пайдалы ғана емес, таңғажайып жұмбақтарға толы екен. Оның жұмбағын шешу үшін білім керек, көрген құбылысты бақылап, ой иелігінен, не екенін білу керек. Қысқасы, білу керек, білім керек! Мен сендерге жол бастаушы болайын, сендер жан - жақтарыңды бақылаңдар. Кеттік алға! (Кішкене жүреді) .
Орманшы: «Күн батуға айналып, мына жер шатыр тігуге қолайлы екен, осында аялдайық!
І-топ оқушысы: Шатырдың жібін байлайтын қазықты, жерге кіргізе алмай отырғаным - ай.
ІІ-топ оқушы: Не күшің жетпей отыр ма?
Оқушы: Міне, балалар, сендердің білімдеріңді тексеретін қолайлы жағдай, неге мына қазық жерге кірмейді? Қане, жауапты кім береді?
І-оқушы: Ұшталмаған қазықтың ауданы үлкен болғандықтан, оны ұрғанда түсетін қысым аз болғандықтан жерге тез кірмейді, сондықтан оны ұштау керек.
ІІ-оқушы: Қазықты неге кедір- бұдыр ағаштан жасағансыңдар?
Жауап. Шатырдың жібі жақсы керілу үшін, қазықтағы үйкелісті арттыру үшін. (Барлығы ұйықтап тұрғандай, жан - жақтарына қарайды) .
І-оқушы: Түнде қатты ұйықтаппыз ғой, жаңбыр жауған ба, әлде жаумаған ба? Жолға қарасаң құп-құрғақ, қалай анықтаймыз? Міне, жұмбақ?!
Орманшы: Сұраққа жауап беру үшін айналаға жақсылап қараңдар ағаш, шөптерде жаңбыр ылғалы сақталыпты, жол құрғақ неге?
ІІ-оқушы: Ағаштың биік ұшрары күннің сәулесінен қорғайды, әрі желді өткізбейді, сондықтан, олар булану, кебу процесін тежейді. Ағаштағы, шөптегі - жаңбыр іздері. Ал жол ашық, онда тамшы күн сәулесі, жел әсерінен тез кебеді.
І-оқушы: Мүмкін жаңбыр жаумаған шығар, жаңбырсыз ылғал болуы мүмкін бе?
Орманшы: Тамаша сұрақ!
ІІ-оқушы: Мүмкін.
І- оқушы: Неге?
ІІ-оқушы: Түнде температура төмендесе, ауадағы су тамшылары конденсацияланып шық түседі.
І-оқушы: Мына қияқтарды шалғы, орақсыз шыбықтың көмегімен қиып түсіруге бола ма?
ІІ-оқушы: Әрине, ол үшін қияқты күшті тез қимылмен, шыбықпен ұру керек. Сонда шыбықпен қияқтың әсерлесуіне аз уақыт кетеді де, шөп сабағы қисайып та үлгермей, қиылып кетеді.
Орманшы: Балалар, міне орманды аралап келесіңдер, айнала жайқалған гүлдер, гүлден -гүлге қонған көбелек, ызылдаған ара, масалар ұшып жүр. Гүлдердің жұпар иісі аңқып тұр. Бұл не құбылыс?
І-оқушы: Диффузия .
Орманшы: Дұрыс-ақ, ал енді осы жәндіктердің ызылдаған дыбысын неге ұшқанда ғана естиміз?
ІІ-оқушы: Ақсақал, ол тербеліс қыбылысы ғой. Ара 1 секунд. ішінде қанатын 200 рет, маса 600 рет қағып, ауаны тербелтеді де, дыбыс тудырады. Сондықтан бірінің дауысы жіңішке, екіншісі жуан болады.
Орманшы: Ал онда көбелекте ұшып жүр ғой, оның дыбысын неге естімейміз?
ІІ-оқушы: Мәселе мынада: адам құлағы16-2 Гц аралығындағы дыбысты қабылдайды. Ал көбелек болса 1 сек - та 10 рет қана қанат қағады. Демек, тербеліс жиілігі өте аз.
І-оқушы: Мына қызықты қараңдар! Шөпті басып, жапырып кетіп едіңдер, ол қайта көтеріліп кетіпті, неге?
ІІ-оқушы: Соны да білмейсіз бе? Серпімділік құбылысы емес пе?
І-оқушы: Ал онда шөпке серпімділік құбылысы не үшін керек?
ІІ-оқушы: Ол - оның қорғаныс қабілеті. Шөпті ауыр жаңбыр тамшылары ұрғылайды, жел майыстырады. Су аққан бағытқа иіледі. Сонда оның серпімділік қасиеті - оны бұрынғы қалпына келтіреді.
Орманшы: Ал енді анау ағашқа дейін жүгіріңдер де, маған жүру мен жүгіруде қандай айырмашылық бар екенін айтыңдаршы.
II-оқушы: Орын ауыстыру жылдамдықтары. Онымен қоса жүргенде адам табаны үнемі жермен әсерлесіп, тіреу нүктесіне денесі сүйенсе, жүгіргенде олай болмайды.
I-оқушы: Алдымыздағы ордан қалай өтеміз. Тұрған бойда секіреміз бе, әлде жүгіріп келіп секірген оңай ма?
II-оқушы: Әрине, жүгіріп келеп секірген оңай, жүгіріп келіп секіргенде секірудің бастапқы жылдамдығы болады.
I-оқушы: Ойпаңға келіп түстік-ау, енді тік көтерілеміз, аздап шаршаған сияқтымыз. Қалай ойлайсыңдар, жазықта жүру оңай да, қыратқа көтерілу қиын, неге?
II-оқушы: Жазықта біз уйкелісті жеңу үшін ғана, жұмыс істедік, ал қырытқа көтерілгенде денемізді көтеру үшін де қосымша жұмыс жасадық емес пе? (Оқушылар ыстықтағандай желпініседі) .
I-оқушы: Терлеп, ыстықтап кетіп едім, суу үшін қолымды бетімен желпіп едім, суынып қалдым ғой, неге?
ІІ-оқушы: Бетімізді желпігенде ауаның қозғалысы терді кептіру процесін жылдамдатады да кебу үшін энергия бет терісінен алынатындықтан, беттің ішкі энергиясы азайып суынады.
Орманшы: Міне, алаңқайға да келдік, айғайлаңдаршы, не байқалады?
І-оқушы: Жаңғырақ.
Орманшы: Ол не?
ІІ-оқушы: Дыбыстың айналадағы заттардың шағылуы. Жаңғырық естілу үшін шағылатын бет 85 метрден ары болмау керек.
Орманшы: Өздерің тіпті білгір екенсіңдер. Міне алдымызда өзен жарқырап жатыр, одан қандай құбылыстар байқар екенсіңдео?(суреттер бойынша)
І- оқушы: Мына балықтарды қараңдар. Қандай анық көрініп тұр. Бірақ балық пен балық үйірінің формасында ұқсастық бар ма?
ІІ-оқушы: Бәрі тамшы тәріздес, ол судағы қозғалыс кедергісін жою үшін қажет.
І-оқушы Балықтың қолда жылпылдап тұрмайтын себебі не?
ІІ-оқушы: Сыртқы шырыш қабығы уйкелісті азайтады да, балықты қолға ұстап тұру қиын болады.
(Балалар суға тас лақтырып тұрған суретке қарайды) .
Жауап: Толқын, жоғары, - төмен қозғалған су бөлшектерінің тербелісі. (Суретте су жағасында балалар бірі аяқпен, бірі көз мөлшерімен су тереңдігін өлшеп тұр) .
Орманшы: Осы өлшеуде алшақтық бар ма?
Жауап: Әрине, көзбен мөлшерлеп қарағанда ауа - су шекарасында жырықтың сынуы салдарынан өлшеуде қателесу болады. (Суретте балалар жалаң аяқ су жағасында тастарды басып жүріп келеді) .
І-оқушы: Балалар таспен жүргенде неге аяқтары ауырсынады?
ІІ-оқушы: Оны бәріміз де білеміз ғой, табанның таспен тиісу ауданы аз болғандықтан, табанға қысым көп түспейді ме?
Орманшы: Балалар мына үш сұраққа жауап беріңдерші!
а) өзендегі су жоғарыда жылы ма, әлде төменгі жағында жылы ма??
б) терең су ішінде адамды көтере аласың ба?
в) судың терең жерінде табанға тас қатты бата ма, әлде таязда ма?
Жауап: а) су төменгі қабатта суық себебі судың жылу өткізгіштігі нашар.
б) суда дамды көтеру оңай, Архимед күші көмектеседі.
в) терең суда тас ауыртпайды, тағы да көмекке Архимед күші келеді.
Орманшы: Ана балаларға қараңдар, судан шығып дірілдеп тұр, ал күн болса ып- ыстық, неге?
Жауап: Су теріден буланғанда, ішкі энергия азайып, температура төмендегендіктен, «құс еттеніп» тоңазиды.
Орманшы: Ал енді қайталық балалар, шатырға барып ауқаттанып, дем алыңдар! (Қайтады) .
І-оқушы: УҺ әзер жеттік қой, шаршап кеттім, сенің рюкзагіңнің белбеуі неге жалпақ?
ІІ-оқушы: Соны да білмейсің бе? Жалпақ белбеу денеге қысымды азырақ түсірмей ме?
І-оқушы: Онда сен неге арқам ауырды деп отырсың?
ІІ-оқушы: Мен асығып нәрселерімді қалай болса солай нығыздап салып едім, ретсіз салынған заттардың қырлары арқама үлкен қысым түсіріп, ауыртып тастады емес пе? Қой онан да от жағайық!
І-оқушы: Сен неге қолыңа не түскен соны жинап жүрсің.
ІІ-оқушы: Е, отта, бәрі жана бермей ме, өзің неге тек құрғақ отын тердің?
І-оқушы: Құрғақ отын жылуды көп бөледі, дымқыл отын жанғанда оны жылытуға, ондағы суды кептіруге бөлініп кетеді де, жылу аз бөлінеді.
ІІ-оқушы: Досым - ау, сен не істеп тұрсың? Желге қарсы от жаққаның не?
І-оқушы: Ой сен де болмадың ғой, желің маған түк емес, мәселе оттың қалауында. Солай емес пе, балалар!
Жауап: Жел жақтан жалын отынға тез тиеді, қарсы соққан жел жалынды басқа бағытқа шалғытады.
Орманшы: Ох, оттың жанып жатқаның - ай! Шатырлап жатыр, түтін неге жоғары көтеріледі?
І-оқушы: Отынның жануы, одан судың булануы, түтіннің жоғары көтерілуі - бір ғана от жағуда не деген көп физикалық құбылыс, ә!
ІІ-оқушы: Жоқ, досым, бұл тек физикалық құбылыс қана емес, бұл химиялық құбылыс.
Оқушы: Ал, балалар, кімдікі дұрыс?
Жауап: Отынның шатырлап жануы су буы болғандықтан, су отын жанғанда қызғандықтан қысым артып, отынды жарып жібереді. Жану кезінде пайда болған ұсақ бөлшектер қызған ауа жеңіл болғандықтан соған ілесе жоғары көтеріледі - түтін дегеніміз осы. Отынның жануы - химиялық құбылыс болса, оның шатырлауы, түтіннің таралуы - физикалық құбылыс.
Орманшы: Балалар өздерің қызарып ыстықтай бастапсыңдар ғой, неге?
І-оқушы: Олар от қызуынан ыстықтайды. Жылу оларға сәуле шығару арқылы беріледі.
Орманшы: Ал, енді қайтарда отты қалай, өшіресіңдер, өрт шығып кетпесін!
І-оқушы: Сол да сөз болып па, топырақпен көме салмаймыз ба?
ІІ-оқушы: Мүмкін су құямыз. Сол сенімді ғой.
Орманшы: Ал, не істейміз?
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz