Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Абимолда Көркем Әбдуалиқызының Ә. Дүйсенбиев Не деу керек? Буын тақырыбындағы қазақ тілі пәнінен ашық сабақ жоспары

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің Бастауыш сынып мұғалімі Абимолда Көркем Әбдуалиқызының қазақ тілінен Ә. Дүйсенбиев «Не деу керек? Буын» тақырыбында өткізген ашық сабағының үлгі жоспары

Сабақтың тақырыбы: Ә. Дүйсенбиев

Не деу керек? Буын

Мақсаты: Буын туралы түсінік беру; сөздерді дұрыс буынға бөліп, буын түрлерін ажырата білуге үйрету; өлеңнің мазмұнын ашу.

Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту; әдептілік әліппесі

бойынша сөздік қорларын молайту; шығармашылық

қабілеттерін дамыту; сауатты, әдемі жазуға төселдіру;

Тәрбиелік: Жақсы, жамане қылықтарды ажырата білуге, әдептілікке,

инабаттылыққа, адамгершілікке баулу, өнегелі тұлға болуға

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ойнайық та, ойлайық!

Сабақ әдісі: Сұрақ - жауап, ізденушілік .

Көрнекіліктер: Суреттер, кеспелер, үнтаспа, тірек-сызбалар, Венн

диаграммасы.

I. Қызығушылығын ояту.

Сүйемін туған тілді - анам тілін.

Бесікте жатқанымда - ақ берген білім

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнін.

II. Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергенің.

III. Кестемен жұмыс:

  1. Мақалды оқып, дауысты дауыссыз дыбыстардың астын сыз.

Сәлем-сөздің анасы.

  1. Жұп дауыстыларды ата.

IV. Үй тапсырмасын тексеру.

«Көрші атам» өлеңін оқу. Сәлем түрін көрсету.

Бірнеше оқушы оқиды.

«Әдептілік әліппесі» өлеңін жатқа сұрау.

-Үй тапсырмасын қорыту: сәлемдесуге байланысты тағы қандай сөздер білесіңдер?

-Сәлеметсіз бе?

-Аман-саусыз ба?

-Бала-шағаңыз аман ба?

-Мал - жаныңыз аман ба?

-Кеш жарық?

-Үй - ішіңіз аман ба?

-Қайырлы таң.

-Қартыңыз аман ба?

-Аман есенсіз бе?

-Сәлемдесуге байланысты тағы қандай мақал білесіңдер?

Амандасу - адамгершіліктің, әдептіліктің, кішіпейілділіктің белгісі. Үлкен адамға сәлем беру - кісіліктің, мәдениеттіліктің белгісі. Әрі қарай кішіпейілділік кісілік белгісі деп, сабағымызды әрі қарай жалғастырамыз.

Қонаққа ата келіп отыр.

«Не деу керек?» өлеңін өтеміз.

Авторы: Әнуарбек Дүйсенбиев. 1931 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген.

Ой ашар. Үнтаспадан жіберу

Суреттері ілінді. Сурет бойынша әңгіме құру.

-Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.

-Сөздікпен жұмыс. Түртіп алу тапжылмадың - қозғалмадың сазардың - тыңдамай, үндемей қалу.

Ой қозғау.

3 қатарға мәнерлеп оқытамын

-Енді, балалар, атаның қоржынында сұрақтар бар екен. Жауап берелік.

С м

Б 1. Ребусты шешу. К өйле к

У 2. Сөйлем неден құралады?

Ы 3. Дыбыстың неше түрі бар?

Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?

Н 4. Буын түрлерін атаңдар.

Сөздегі буын саны неге байланысты болады?

Тақтадағы сыпайы сөздерді буынға бөлу керек.

Ережені оқушылар қорытады.

Оқулықпен жұмыс: 58-жаттығу

Ойын бойынша орындау

Ауызша буынға бөлгізіп, буын түрін анықтау.

Сергіту сәті:

Тікірейіп құлағы

Менен бұрын тұрады

Бойын жазып керіліп,

Беті-қолын жуады.

Көзін қысып алдайды

Соңымнан бір қалмайды.

Ойнатсам да күнімен

Ойынға бір тоймайды.

Жақсы оқып сабақты

Әдеп сақтау-сенеміз

Отыруға нақпа-нақ

Дайындалдық бәріміз

Қане дәптер ашайық

Қолға қалам алайық

Салақтықтан қашайық

Әдемі етіп жазайық.

59-жаттығу.

  1. Үш әріптен тұратын
  1. Ең жақын жан сен үшін
  2. Түн ұйқысын төрт бөлер
  1. Аялаған бір жан бар

Ол-ана.

Айтсаң болды тіл алам

Әйбат мамам, ай мамам

Сені көрсем қуанам

Ботам деген даусыңнан

Мен мәз болып оянам.

Кір түсірмей жағама

Шашымды да тарайсың

Мектебіме барарда

Мейірлене қарайсың.

60-жаттығу. Тақтамен жұмыс.

1-қатар.

Ананың сүті - бал.

Баланың тілі - бал.

2-қатар.

Күннің шуағы жылы

Ананың құшағы жылы.

3-қатар.

Ана.

Сөзді буынға бөл.

Буын түрін ата.

Сөйлем ойлап жаз

«Буын қос» ойынын ойнау.

Ой толғаныс «Ұйқасы тап» ойыны

  1. Мирас!

Үйді (жинас)

  1. Жұмсаса, аға

Тілін ал, бала.

  1. Үлкенге бер көмек

Бұл жақсы әдет.

  1. Тыңдамаса баласы

Қиналады анасы.

  1. Мен үлгілі боламын

Күнде бестік аламын.

Жақсы Жаман

Адам бойындағы қасиеттер.

Бағалау.

Үйге: 1) Сыпайы сөздер ойлау.

2) Нақылы сөзді дәптерлеріне жазу.

3) Мақалды жаттау.

4) Мәнерлеп оқу. Не деу керек?


Ұқсас жұмыстар
1-сынып Ана тілі сабағы: Буын ұғымы және Не деу керек өлеңі бойынша сабақ жоспары
Не деу керек? Буын: 58-59 жаттығуға арналған аралас сабақ жоспары
Буын ұғымы мен түрлері, Не деу керек өлеңі арқылы оқыту және тіл мәдениетін тәрбиелеу
Құланды орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бекова Айсулу Қыдырғожақызының Мекен үстеу тақырыбындағы сабақ жоспары
Не деу керек: буынды тиянақтауға арналған дефектологиялық сабақ жоспары (1 арнайы сынып, 2016-2017 оқу жылы)
Қарауылкелді орта мектебінің 5 Ә сыныпқа арналған Paint графикалық редакторында практикалық ашық сабақ жоспары
Ақтөбе облысы Алға ауданы Маржанбұлақ орта мектебінің мектепалды даярлық тобының Біз мектепке барамыз салтанатты ертеңгілігінің сценарийі
Әліппемен қоштасу: Тастыөзек орта мектебінің 1 А сынып оқушыларының мерекелік ертеңгілігі (Кербұлақ ауданы, Алматы облысы)
2012 жылғы Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бегалы орта мектебінің 6-8 сыныптары арасындағы Ғажайыптар әлемі биология танымдық сайысы
7-сынып қазақ тілі: Кімге не сыйлау керек? және жекіру одағайы тақырыбына сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz