Сауат ашу: Қайталау - 1 сыныпқа арналған сабақ жоспары

Пәні: Сауат ашу
Т ақырыбы : Қайталау
Сабақтың мақсаты : сауат ашу пәнінен алған білімдерін пысықтау.
- Дыбыс, әріп, буын, сөз, сөйлем туралы түсініктерін тиянақтау. Сөзді буындап, тұтас оқу дағдыларын одан әрі қалыптастыру.
- Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа баулу.
- Оқушылардың таным қабілеттерін, байланыстыра сөйлеу дағдысын дамыту.
Сабақтың түрі: қайталау
Әдіс- тәсілдер: сұрақ- жауап, ойын
Сабақтың барысы:
- Психологиялық дайындық
- Бүгін аптаның қай күні?
- Жұма
Жұма күні сәтті болсын,
Күніміз тек жақсы болсын.
Жақсы білім алайық,
Үлкендерді сыйлайық.
Бар кітапқа бас болған
Әліппе ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
2 . Өткен әріптерді қайталау.
1. «Қар үйіндісі» ойыны
- Қардан нелер жасауға болады?
- Аққала, т. б.
- Ендеше, аққала жасайық. Ол үшін қардың тапсырмаларын дұрыс орындайық.
Оқушылар алдарына қар қиындылары беріледі. Сол қардағы жазылған әріптерді атап, дыбыс түріне ажыратады.
Осы әріптен басталатын сөз ойлап айт.
- Дыбыс дегеніміз?
- Әріп дегеніміз?
- Буын дегеніміз?
- Қазақ тілінде дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дыбыстарды қалай ажыратуға болады?
2. Көркем жазу минуты
Аққала аққала аққала
- Жұптық жұмыс
- Қыс мезгіліндегі қандай ойын түрлерін білесіңдер?
Жұмбақ
Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым. (шаңғы)
- Ендеше, жұбымызбен бірге шаңғы тебеміз.
Тапсырма.
Буындардан сөз құрау.
- Ұш 2. Қыш
3 жа 4. Рыс
- Сөзде неше әріп, неше дыбыс, буын бар.
- Осы сөзді қатыстырып сөйлем құрастыр.
4. Тақтамен жұмыс
Сөздерді тақтаға жазғызу.
- Жұмбақ.
Зулап түсіп төменге,
Шықпас менсіз төбеге
6. «Сөз ойла, тез ойла»
Сағат- тарақ- қала- алма
7 . Мәтінмен жұмыс Тізбек бойынша оқыту.
1 қатар 2 қатар 3 қатар
«Қар » «Қыс» «Аққала»
- Мәтін не туралы айтылған?
- Қыста қандай өзгерістер болады?
8. Топтық жұмыс
1. Адасқан әріптер
А ш а н - р а қ- л м а а -
- Сөйлемді көшіріп жаз
Қыс келді. Қар жауды. Мұз қатты.
- Жоғалған әріпті тап.
Жуса . . . , . . . дыс, . . . па, тағ . . . , бұза . . .
- Суретті жұмбақ
- Не ? Нелер?
Қозы- қозы . . .
Әріп- әріп . . .
Сергіту сәті.
- Балалар осы қыс мезгілінде тонын ауыстыратын қандай жануарды білесіңдер? Не себепті ауыстырады екен деп ойлайсыңдар?
«Сұр қоян» өлеңін қимылмен көрсету.
Суретті диктант
Сабақты бекіту.
- Бүгінгі сабақ ұнады ма?
- Қыс мезгілінде қандай мерекелер бар?
- Жаңа жылда не күтесіңдер?
Балаларды мадақтап сыйлықтар тарату.
Ш. Бекмұхамбетова атындағы мектеп- гимназисы
Сабақтың тақырыбы : Қайталау
Класы: 1 «а»
Өткізген : Майланова Тойдушат Елемесовна
2015-2016 оқу жылы