Ұстаз - ұлы есім: 1 а сыныпқа арналған мерекелік ашық сабақ (Ш. Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназия, 2015-2016 оқу жылы)

Тақырыбы: «Ұстаз -ұлы есім».

Мақсаты: Бүкіл адамзат баласы бас иер асыл тұлға ұстаздарын ерен еңбегін, мол қадірін, жас ұрпақты ұстазды құрметтеуге, адамгершілікке, сыйлап түсіне білуге үйрету, ұстаз еңбегін әрқашанда бағалай білуге үйрету.

Көрнекіліктері : Ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, гүлдер, шарла.

Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар, тәрбиеленушілер, қонақтар! «Ұстаз - ұлы есім !» атты ашық сабағымызды ашық дей отырып, қадірлі де аяулы ұстаздар сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатудағы жас буынға дұрыс бағыт - бағдар беру жолындағы еңбектеріңіз жаңа берсін.

1 «а» сынып оқушыларының мерекелік концертіне қош келдіңіздер!

  1. Сынып оқушылары 3 топқа білініп отырады.
  2. «Бұл не?», «Қай кезде қолданамыз?» суреттердің қай кезде қолданылатынын табу. (сыни тұрғыда ойлату арқылы мерекелер кезінде екенін анықтау)

C:\Users\Serik\Desktop\images.jpg

  • Қандай мерекелерді білесіңдер?
  • Оқушылар атайды.
  • Қазан айында қандай мерекелер тойлаймыз
  • Қарттар күні, Ұстаздар мерекесі
  1. Топтық жұмыс
  1. Ұстаз деген кім?
  2. Суреттерді орналастыр (түрлі мамандық иелерін бос орындарға ораналастыру. Жоғарыға бір мамандық иесі ғана қойылуы керек. )

C:\Users\Serik\Desktop\images (3).jpg

C:\Users\Serik\Desktop\images (6).jpg

C:\Users\Serik\Desktop\images (5).jpg

3. Ребус шешу

(Ұстаз ұлы тұлға сөзі шығады)

Ән: « Ұстазым».

  1. «Дұрыс па, әлде бұрыс па?»

Суреттегі оқушылардың іс- әрекетеріне баға беріледі.

C:\Users\Serik\Desktop\images.jpg C:\Users\Serik\Desktop\images (1).jpg

Ұстаздарға арнау:

Сағыныш:

Кем көрмеймін сізді асыл анамнан

Сізге ұқсап қудық бізде сан арман.

Нұрсәуле: (Ж)

Сіздей адам бұл дүниеде көп болсын,

Балалалрдың бақыты үшін жаралған.

Мархабат:

Ең аяулы есім ғой Ұстаз деген,

Бар тіршілік бақытты ұстазбенен.

Дильназ:

Ұстазды жеткізгенше мұратына

Білім іздеп лапылдап жана берем.

Әмина:

Ұстаздың оттай ыстық алақаны,

Болған соң ойлайтыны бала қамы.

Мерей:

Нұрын төккен күмбезінен

Күлімдеуің ұқсайды күн көзіне.

Ерасыл:

Қолда болса ұстаздарға сыйлар ем,

Бар байлығын әлемнің бір сіздерге.

Назерке:

Ақ жүрекпен сезіп ұстаз бақытын

Шәкіртімен өткен барлық ғұмыры

Ақарыс:

Сізге арнаймыз тілектің ең жақұтын,

Даңқыңыздың биік болсын тұғыры.

Томирис:

Мұғалім- ғазизи мұғалім,

Төгілген арай шуағым.

Арманым қонса қолыма

Арқаң деп сенің ұғамын.

Мейірім:

Мұғалім ғазиз мұғалім

Сарқылмас мәңгі бұлағым

Ұланың бүгін тойыңда

Арнайды саған бұл әніні.

Гүлайна:

Пай, пай, пай,

Ұстаздар неткен ер,

Білім нұрын сепкендер.

Ұрпақ үшін қашанда,

Аянбай төккен тер.

Шапағат:

Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,

Ол болмасас кім береді парасатты,

Асылын беріп шәкірт бойларына,

Ағартқан сол үшінде қара шашты.

Нұрболат:

Кім боласың?

Ұмытпаңыз жоғары

Мұғалімнен асқан адам жоқ әлі?

Кім юоласың прокурор, сотсыз ба?

Тұрыңыздар келе жатыр мұғалім

II. Би «Жалқаубек»

Хор: Жалқау бала болмаймыз,

Ұстаздарды тыңдаймыз.

«Тілек гүлі» Оқушылар тілектерін айта отырып, ұстаздарға гүлдерін сыйлайды.

Би: «Гүл»

III. Ұстаз - ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздардың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға!

Ұстаз, ұстаз, қасиетті есімің,

Құттықтайды барша халық осы күн,

Өзің берген біліміңе қандырып,

Талай ұлан шәкірттерді өсірдің.

Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,

Отбасында болсын ырыс, береке.

Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді,

Өмір - думан, бақ әкелсін мереке!

Сіздерге мықты денсаулық пен баянды бақыт, еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілейміз! Әрдайым ел игілігі үшін еңбек етіп, егемен еліміздің ертеңі болатын өрелі өрендерді өсіріп, тәрбиелеп, ұяларыңыздан ұшыра беріңіздер!(гүлдер тапсырылады)

Ш. Бекмұхамбетова атындағы мектеп- гимназия

Тақырыбы: «Ұстаз- ұлы есім»

Өткізген: Майланова Т. Е.

Класы: 1 «а»

2015-2016 оқу жылы


Ұқсас жұмыстар
Ш. Айманов атындағы мектеп-интернаттың 2015-2016 оқу жылы 8 Наурызға арналған мерекелік ертеңгілігі
5-сыныпқа арналған ақпараттық сауаттылық: Ақпараттық калейдоскоп интеллектуалдық сайыс сабағы (№172 мектеп-гимназия, 2015-2016 оқу жылы)
2015-2016 оқу жылы 11 сынып тәрбие жұмысының жоспары - Төле би ауылы, Ермұхан Бекмаханов атындағы мектеп-гимназия
2015-2016 оқу жылының 8 Ә сыныбының жылдық тәрбие жоспары (Жансүгіров атындағы орта мектеп)
Күз ханзадасымен ханшайымы: 7-сыныпқа арналған сайыс сабағының бағдарламасы (Қ. Топаев атындағы орта мектеп, 2015-2016 оқу жылы)
9 А сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінің 2015-2016 оқу жылы жылдық күнтізбелік-тақырыптық жоспары (136 сағат)
Б. Қолдасбаев атындағы орта мектептің Тәуелсіздік мерекесіне арналған салтанатты жиын бағдарламасы (2015-2016 оқу жылы)
Ахметжан Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінің 2015-2016 оқу жылы Зейінділер мен зерделілер математикалық интеллектуалдық сайысы
3-сынып математикасы: Қайталау есептері - Иманғалиева А.С., Ақсу ауданы, Бижарас Садырбайұлы атындағы орта мектеп (2015-2016 оқу жылы)
№1 Жамбыл атындағы орта мектеп кітапханасының 2014-2015 оқу жылындағы шығармашылық есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz