Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ы. Алтынсарин. Кел, балалар, оқылық

Білім керек бәріне
Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин. Кел, балалар, оқылық ! 1
Сабақтың мақсаты: 1. Ы. Алтынсаринің << Кел, балалар,оқылық!>> өлеңімен таныстыру,
мазмұнын ашу.
2.Оқушыларды түсініп, мәнерлеп оқуға дағдыландыру білімін,
ой- өрісін дамыту.
3. Адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) психологиялық дайындық
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
1) Сұрақтарға жауап алу.
- Оқу не үшін керек?
- Ы. Алтынсарин туралы не білесіңдер?
IV. Мақсат қою
Бүгінгі сабақтың мақсаты - Ы. Алтынсаринің << Кел, балалар,оқылық!>> өлеңімен танысу.
IV. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1. Мұғалімнің түсіндірмесі.
Қазақ даласына алғаш білім жарығын алып келген адам - Ы. Алтынсарин. Ол 1841 - 1889 жылдар арасында өмір сүрген.
Ы. Алтынсарин
Ы. Алтынсарин
Қостанай облысында туған
Қостанай облысында туған
<<Қазақ хрестоматиясы>> оқу
Құралын жазған
<<Қазақ хрестоматиясы>> оқу
Құралын жазған
Алғаш мектеп ашқан
Алғаш мектеп ашқан

Мақалды оқыту. Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
Мақалдағы сөздерді пайдаланып үлгі бойынша сөйлеп үйрену.
Адам (не үшін оқиды?) оқиды.
Өйткені білімсіз күнің жоқ.
2. Сергіту сәті.
3. Оқып, талдау.
<<Кел, балалар, оқылық!>> өлеңімен таныстыру.
V. Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:
1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап - тізбектей.
2. Сұрақтарға жауап алу.
- Өлеңде автор неге шақыраыды?
- <<Тоқуменен табылған>> дегенді қалай түсінесің?
- Осы ой-пікірлері арқылы ақын не айтпақшы?
- Өлеңнің бірінші және екінші бөліктеріне қандай аттар қояр едің?
3. Қорыту.
- Бүгінгі сакбақ ұнады ма?
- Сабақта не жайлы әңгімеледік?
VI. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
VII. Үйге тапсырма беру: 4 беттегі <<Кел, балалар, оқылық!>> өліңін жаттап келу.

Сабақтың тақырыбы: Малды пайдаға жарату. 2
Сабақтың мақсаты: 1. Ы. Алтынсаринің <<Малды пайдаға жарату>> әңгімесімен
таныстыру.
2. Сабаққа деген ынталарын арттыру, ой- өрісін дамыту.
3. Адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) Психологиялық дайындық
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
а) Өлеңді жатқа сұрау. ә) Үй тапсырмасын қорытындылау.
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
1) Сұрақтарға жауап алу.
- өткен сабақта Ы. Алтынсариннің қандай өлеңін оқыдық?
-<< Ата- енең қартайса-
Тіреу болар бұл оқу>>
деген өлең жолдарын қалай түсіндіңдер? Толық түсіну үшін бүгінгі әңгімеміз көмегін тигізеді.
IV. Мақсат қою
Бүгінгі сабақтың мақсаты - Ы. Алтынсаринің Малды пайдаға жарату әңгімесімен танысу.
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1. Оқып, талдау
Оқушыларға әңгімені оқу, талдау.
- Мәтін кейіпкерлерін ата.
- Үйшінің сөздерінен не түсіндің?
- Үйші тапқан малын қалай жұмсайды?
- <<Борыш>> сөзін басқаша қалай айтуға болады?
- Үйші балаларын оқытып, асырап бағуға беретін ақшасын неге <<өсім>> деп өтайды?
- Сен ата - анаңның еңбегін қалай ақтар едің?
2. Сергіту сәті. Саусақпен мұрынды қысайық
Әншіге біраз ұқсайық,
Әрбір сөздің дыбысы,
Қандай екенін ұғайық.
VI. Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:
1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап - тізбектей.
2. Дәптермен жұмыс.
Сызбаны толтырады. Дәптерлеріне жазып алады.
Үйшінің қарт әке- шешесіне
беретін ақшасы.

Үйшінің балаларын оқытып,
асырауға кететін қаражаты.
Борыш

Малдары
3. Қорыту.
- Сабақта не жайлы әңгімеледік?
VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру: Әңгімені оқып мазмұндау.

Ұқсас жұмыстар
Дала жұлдызы-ыбырай алтынсарин. тәрбие сағаты
Алтынсарин көптеген өлеңдерді жазған ақын
Заттың сынын білдіретін сөздер. Кел, балалар, оқылық Мақал
Кел, балалар, оқылық. заттың қимылын білдіретін сөздер
Шоқанның ұстаздары
Ананың сүюі
Жарық жұлдыз
Word Pad мәтіндік редакторымен жұмыс.Құжаттың құрылымы
Ы. Алтынсарин - ағартушы, педагог, 5-сынып
Ыбырай Алтынсарин - қазақ балалар әдебиетінің атасы
Пәндер