5-сынып қазақ тілі: Сөздің тура және ауыспалы мағынасы - сабақ жоспары

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Опорный орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пән

мұғалімі Жұмалиева Гүлнар

Тлегеновна.

Қазақ тілі 5-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Сөздің тура және ауыспалы мағынасы

Сабақтың мақсаты: 1) білімділік: оқушының өз бетімен жұмыс жасауына дағдыландыру, сөздің қандай мағына беріп тұрғанын ажырата білуге үйрету. 2) дамытушылық:әр сөздің қандай мағыналары бар екенін ажырата білуге үйрету. 3) тәрбиелік: дұрыс сөйлеуге, сөздерді қолдана білуге үйрету.

Сабақ әдісі: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.

Сабақ көрнекілігі: плакат қағаздар.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру.

2. Үй тапсырмасы.

38-жаттығуды талдау.

Сұрақтар қойып қайталау.

Лексика нені зерттейтін ғылым?

Мысал келтір.

3. Жаңа сабақ. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы. Сөздің затты немесе құбылысты атап білдіретін мағынасы тура мағына деп аталады. Тура мағына әр заттың өзіне тән жеке мағынасы болып табылады, сол арқылы біз оны айыра аламыз. Мысалы: аспан, жер, бұлт- заттарды атаса, биік, жылы, жақсы деген сапаны, бару, келу, оқу-қимылды атайды.

Сөздер тура мағынада айтыла бермейді. Ол тура мағынасының негізінде туып, көпшілікке түсінікті ауыспалы мағыналары да болады.

Мысал келтірейік.

Көз Тіл Өткір

Адам, хайуандардың Бұлақтың көзі Дене мүшесі ана тілі пышақ сөз

көзі, дене мүшесі күннің көзі орыс тілі

шет тілі

Енді жаттығулармен жұмыс.

41-жаттығу

3-топқа бөліп беріледі.

І топ.

Бет, құлақ, қабырға-сөздерінің тура және ауыспалы мағыналарын тауып, басқа сөздермен байланысқа түсіріп тіркестіріп сөйлем құраңдар.

ІІ топ.

Дүние, кілт, келу.

ІІІ топ.

Ақ, өту, терең.

42-жаттығу. Ауызша. Өлеңде ауыспалы мағынада қолданып тұрған сөздерді, сөз тіркестерін табу.

Сөздің патшасы, сөз-сарасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жеңіл

Сөзбен былғанса сөз арасы.

Іші-алтын, сырты-күміс сөз жақсысы

Сергіту. «Ұшты-ұшты» ойыны. Сөздің тура және ауыспалы мағыналарына арнап ойнаймыз. Ұшты, ұшты- ұшақ, қағаз, кірпі, шүберек, құс, алма, жүрек, темір ұшты.

Жүгірді, жүгірді- аққу, бала, қой, сақина, жастық жүгірді.

Жылады, жылады- сәби, дәптер, кілем, адам, жапырақ жылады.

Бекіту: Сонымен сөздің тура және ауыспалы мағыналары дегеніміз не?

Үйге тапсырма: 44-жаттығу. Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді бөліп жазу, сөйлем құрау.

Бағалау: Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы: 5-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Шәкәрім шығармаларында сөздің тура және ауыспалы мағынасы мен адамгершілік тақырыбы
Қазақ тілі сабақ жоспары: Жануарлар - табиғат жаратылысы; жанрлық құрылым, хат пен жарнама құру, тура және ауыспалы мағыналы сөздер
5-сынып. Логика әлемі: Заңдылықтарды іздестіру және сөздердің тура және ауыспалы мағынасын талдау (14-сабақ)
Сөз және оның мағынасы: 4-сынып қазақ тілі сабағының қысқа мерзімді жоспары (49-сабақ)
1-сынып қазақ тілі: Жемістер мен көкөністер - жаңа сөздер және ауыспалы осы шақ
9-сынып қазақ тілі: Сөз және оның мағынасы - синонимдер
5-сынып қазақ тілі сабағы: Табу және әдет-ғұрыптық тыйымдар - сабақ жоспары
2-сынып қазақ тілі: Сөз және оның мағынасы (синонимдер, антонимдер, омонимдер)
8-сынып қазақ тілі: тұйық етістіктің мағынасы, тұлғасы және оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz