Менің Отаным - Қазақстан Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер

Алматы облысы
Қаратал ауданы
Үштөбе қаласы
С. И . Морозов атындағы № 51 орта мектеп -гимназиясы
Бастауыш сынып мұғалімі:Ишамбаева А. Қ
Тақырыбы: «Менің Отаным -Қазақстан»
Мақсаты:
Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Тәрбиелік : Оқушылардың ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер,
авторларының суреттері, қанатты сөздер, гүлдер, слайд, Астана қалаласына байланысты суреттер.
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік.
Мұғалім:
-Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз
Біз бақытты баламыз, -дей отырып, « Менің Отаным -Қазақстан » атты сабағымызды ашық деп жариялаймыз.
Қазақстан Респуликасының мемлекетік гимні орындалады.
-Балалар, сендер қандай ән орындадыңдар?
-Қазақстан Республикасының гимн орындадық.
Дұрыс айтасыңдар, балалар . Әрбір республиканың өз ерекшелігін білдіретін гимні, туы, елтаңбасы болады. Біз оны рәміздер деп атймыз. Осы рәміздер туралы жеке-жеке түсінік беріп өтейін.
-Мынау - біздің туымыз. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды. Көк аспандай көгілдір, ортасында күн, астында бүркіт ұшып келе жатыр.
-мынау-елтаңбамыз. Елтаңбада шаңырақ, күн сәулесі, бес бұрышты жұлдыз, «Қазақстан » деген жазу бар.
-Балалар, үлкен мерекелерде туымыз көтеріліп, гимніміз орындалады. Рәміздерімізді үлкен де, кіші құрметтеп жоғары ұстауы тиіс. Ал гимнді біз білеміз. Сендер елтаңба мен туды әрқашан қастерлеуге тиіссіңдер. Қазақстан республкасының рәміздері туралы кім тақпақ біледі?
Жанібек:
Көк туымыз бетінде,
Қыран бүркіт қанатты.
Сол қырандай еркіндеп,
Біз өсеміз талапты.
Аруна.
Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды.
Амина:
Елтаңбасы елімнің,
Қандай әйбат әдемі
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі
Абылай:
Құт береке шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген.
-Балалар, Қазақстан Республикасының ел басшысы кім?
-Нұрсұлтан Назарбаев атамыз
Елбасымыз туралы кім тақпақ біледі ?
-Балалар, Қазақстан Республикасының ел басшысы кім?
-Нұрсұлтан Назарбаев атамыз
Елбасымыз туралы кім тақпақ біледі ?
Даниял :
Шықты тарап ой данадан,
Бер қарады жұлдыз беті,
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар президенті.
-Балалар, біздің Отанымыздың астанасы қай қала ?
-Астана қаласы
-Ел бөбегі бүлдіршін жас баламыз,
Астанамыз Астана -бас қаламыз.
(Астана қаласының суретін көрсету)
-Жарайсыңдар, балалар. Біз Қазақстанда тұрамыз, Отанымыз -Қазақстан. Халқымызда « Отан отбасынан басталады» деген мақал бар. Сендер үлкен болып өскенде Отанымызды қорғайтын азамат боласыңдар. Отан деген не?
- Балалар, «Отан» деген сөзді қалай түсінеміз?(ой - пікірлерін тыңдау)
- Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір мынадай өлең шумақтарын тыңдап көрсек.
Аружан: ө
Көп аузынан түспейтін, Отан - сенің ата - анаң,
Отан деген немене?, Отан - досың, бауырың.
Оның тұлға түс кейпін, Отан - өлкең, астанаң,
Достым білгің келе ме? Отан - аудан, ауылың.
Азамат :
Отан - жерім, Отан - суым,
Отан - қуат, нәр береді.
Отан - ұран, Отан - туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
Елнұр:
Сүйемін мен Отанымды,
Гүл жайнаған жерімді.
Сүйемін мен ата - анамды,
Мені өсірген елімді.
Азамат:
Отан деген - атамекен,
Отан деген - туған жер.
Отан - ана, Отан - пана,
Қазақстан - туған ел.
Анел:
Отанды біз атамекен,
Деп аялап айтамыз.
Өйткені оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз.
Жанболат:
Отанды жас - кәріміз де,
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені онда бәріміз де,
Туып, өмір сүреміз.
Айқын :
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан!
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің, сен Отан!
Айша : Отан деген менің үйім, туған жерім.
Менің жүрегім Отан деп соғады.
Куштар: Қазақстан - көк байрақты ел едің,
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.
Өзің менің мақтанышым, тірегім,
Өзің менің қуанышым, бақытым
Алихан:
Азаматқа лайық,
Отанымның ұлымын.
Отанымды қорғайтын,
Азаматтың бірімін.
-Балалар, өте жақсы. Егеменді елдің басты белгісі-тіл . Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып саналады. Қазақ тілі -біздің ана тіліміз.
Аружан:
Тілім барда мақтанам,
Тілім менің аппақ ән
Бірлігім бүгінгі,
Ана тілім сақтаған.
Еламан:
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте.
Мұғалім:
Қазақ халқының хандарын білесіңдер ме?
Қандай батырлары бар?
Қазақстандық Ұлы Отан соғысының батырларын, желтоқсан жұлдыздарын білеміз бе?
(Суреттен көрсету) Видео
Мұғалім: Иә, осы хандарымыз, батырларымыз, ерлеріміз туған жерін, елін жауларынан аман алып қалам деп айқасты. Халық бірлігін нығайтты.
Дүркірете елінен жауды қуған батырларымыз: Қабанбай, Бөгенбай, Шағатай, Қарасай, Наурызбай, Райымбек, Махамбет, Исатай т. б. бабаларымыздың ерлігі бізге үлгі - өнеге
Қазақстандық Ұлы Отан соғысының батырлары, желтоқсан жұлдыздары Алия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, Бауыржан Момышұлы және т. б
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz