Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті

Файл қосу

Махамбет Өтемісұлы туралы

Семеева Лаура Дыбырқызы Ұйғыр ауданы <<Тиірмен ұйғыр орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен>> мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қазақ әдебиеті 10- сынып
Тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы
І кезең (5-7 минут)
а) ұйымдастыру сәті;
б) өткен тақырып бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды үйде аяқтап орындап келу дәрежесі тексеріледі;
в) төмендегі <<Көпір>> тапсырмаларын тексереді (алдымен жеке тексеру, сосын фронталды тексеру)
<<Көпір>> (жеке жұмыс) тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары

Сұрақтарға жауап беріңдер:
1.ХХІ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет өкілдері кімдер?
2. ХХІ ғасырдың бірінші жартысында Қазақстандағы әлеуметтік жағдай қандай болды?
3. Шернияз Жарылғапұлы кім бастаған көтеріліске қатысқан?
4. Алмажан Азатқызының қай поэмасында жетім-жесірге жасалған зорлық-зомбылық туралы айтылады?
5.Осы кезде Исатаймен бірге көтеріліске қатысқан тағы қай ақынды білесіңдер?(Махамбет)
ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау;
а) оқушылар мәтінмен және төмендегі <<Білу>>, <<Түсіну>>, <<Талдау>>, <<Жинақтау>> <<Қолдану>> тәсілдеріне сәйкес тапсырмалармен танысады (10 минут);
ә) тапсырмалардың жауаптарын өздеріне түртіп алады (10 минут).

1-қадам (топтық жұмыс)
<<Білу>> критерийінің индикаторлары: кім? не? қандай? қалай? кімді? нені? қанша? қашан? не істеді? сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек
Бос орынға қажетті сөздерді жазып, сөйлемді толықтыр.
1. Ресей отаршыларына қарсы азаттық, теңдік үшін күрескен ақын - ....... .
2. М.Өтемісұлы .... жылы Орал облысы Нарындағы Бекетай құмында ....... .
3. Арабша, орысша ... таныған.
4. Ол ........ ақын болды.
5. <<Тарланым>> өлеңінде .... әдебиетінің үлгісі бар.
6. Әсіресе ........ сарыны айқын көрінеді.
7. Махамбет өз өлеңдерінде көтеріліс басшысы - ........ жырлайды.
8. Махамбет- өз ойын қапысыз жеткізу үшін сөздерді ............... қолдана білген ақын.
9. .... жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен қазақ халқының даңқты ақыны Махамбет Өтемісұлының
200 жылдық мерейтойы дүниежүзілік деңгейде аталып өтті.
10.Ақынның мерейтойы қарсаңында
<<Махамбет>>, <<Жыр жебе>> деген
атпен ..... өлеңдер жинағы жарық
көрді.
2-қадам (топтық жұмыс)
<<Түсіну>> критерийінің индикаторлары: неге? неліктен? не себепті? не үшін? сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады.
Себебін анықтаңдар.
1. Неліктен Махамбет азаттық, теңдік үшін атқа қонды?
2. Е.П.Ковалевский не үшін Махамбетті мақтады?
3. Махамбетті неге оптимист ақын дейміз?
4.Не себепті Махамбеттің 200 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның шешімімен дүниежүзілік деңгейде аталып өтті?
5. <<Тарланым>> өлеңі неге жоқтау сарынында жазылған?

3-қадам (топтық жұмыс)
<<Талдау>> критерийінің индикаторлары:
1.Салыстыр
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
4. Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады

1-3) Венн диаграммасы арқылы Махамбетті Қобыланды, Алпамыс батырлармен салыстырып, ұқсастығын және айырмашылығын көрсетіңдер.

Махамбет Қобыланды,
Алпамыс

4) <<Тарланым>> өлеңіндегі басты идеяны жазыңдар.
4-қадам (топтық жұмыс)
<<Жинақтау>> критерийінің индикаторлары:
қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр т.б түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы <<тақырыптың басты идеясына>> жазған жауабына қойылады

М

А

Х

А

М

Б

Е

Т

Жоғарыдағы сөзжұмбақты толтырыңдар.
1. Махамбет туралы <<Кен>> поэмасын жазған ақын кім? Ж. ...........
2. <<Қарақұм трагедиясы>> поэмасының авторы.
3. Жәңгір кім болған?
4. Көтерілістің басшысы,ағасы
5. Ф.Оңғарсынованың Махамбет туралы поэмасы.
6. Махамбет туылған жер.
7. Махамбеттің әкесі.
8. Исатайдың әкесі

Оқулықпен жұмыс (5 минут)

5-қадам (топтық жұмыс) практикада бекіту.
<<Қолдану>> критерийіне сәйкес оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады.
1-топ. <<Махамбет кім?>> тақырыбында тірек сызба дайындаңдар.

2-топ. Махамбет өлеңдерінің тақырыптары бойынша сызба дайындаңдар.
6-қадам (топтық жұмыс)
<<Баға беру>> критерийі
Сен қалай ойлайсың?
Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады.

Сен қалай ойлайсың?
1. Махамбет қазіргі заманда өмір сүрген болса қандай жырлар жазар еді?
2. Махамбет жырларының қазіргі күні де өз мәнін жоймауының себебі неде?
3. Қазіргі күні орындалып жүрген Махамбеттің өлеңіне жазылған қандай әндерді білесіңдер?
ІІІ кезең (кері байланыс-бағалау кезеңі) жеке жұмыс
Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімдік, біліктілік, яғни құзіреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды +
3 минут қорытынды жасалады. Қалған тапсырмаларды үйде аяқтап келеді. Қорытынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады. Мониторингке тіркеледі.
І деңгей (5 балл)

1-қадам (топтық жұмыс)
<<Білу>> критерийінің индикаторлары: кім? не? қандай? қалай? кімді? нені? қанша? қашан? не істеді? сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек
Бос орынға қажетті сөздерді жазып, сөйлемді толықтыр.
1.Ресей отаршыларына қарсы азаттық, теңдік үшін күрескен ақын- Махамбет.
2.М.Өтемісұлы 1804 жылы Орал облысы Нарындағы Бекетай құмында дүниеге келген.
3.Арабша, орысша хат таныған.
4.Ол оптимист ақын болды.
5.<<Тарланым>> өлеңінде ауыз
әдебиетінің үлгісі бар.
6.Әсіресе жоқтау сарыны айқын көрінеді.
7.Махамбет өз өлеңдерінде көтеріліс басшысы - Исатайды жырлайды.
8.Махамбет- өз ойын қапысыз жеткізу үшін сөздерді талғампаздықпен қолдана білген ақын.
9.2003 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен қазақ халқының даңқты ақыны Махамбет Өтемісұлының
200 жылдық мерейтойы дүниежүзілік деңгейде аталып өтті.
10.Ақынның мерейтойы қарсаңында
<<Махамбет>>, <<Жыр жебе>> деген
атпен толық өлеңдер жинағы жарық
көрді.
2-қадам (топтық жұмыс)
<<Түсіну>> критерийінің индикаторлары: неге? неліктен? не себепті? не үшін? сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады.
Себебін анықтаңдар.
1.Неліктен Махамбет азаттық, теңдік үшін атқа қонды?
Ж:Ресейдің отарлау саясаты жүріп жатқан кез еді.
2.Е.П.Ковалевский не үшін Махамбетті мақтады?
Ж: Өйткені оның шешендігі мен тапқырлығына риза болды.
3.Махамбетті неге оптимист ақын дейміз?
Ж:Себебі ол жырларында ертеңгі күннің нұрлы болатынын жырлады.
4.Не себепті Махамбеттің 200 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның шешімімен дүниежүзілік деңгейде аталып өтті?
Ж: Өйткені Махамбет жырларының өзектілігі уақытқа бағынбайды.
5.<<Тарланым>> өлеңі неге
жоқтау сарынында жазылған?
Ж: Себебі Исатайды жоқтаған өлеңі.

ІІ деңгей

5 балл+4 балл=9 балл

3-қадам (топтық жұмыс)
<<Талдау>> критерийінің индикаторлары:
1.Салыстыр
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
4. Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады
1-3) Венн диаграммасы арқылы Махамбетті Қобыланды, Алпамыс батырлармен салыстырып, ұқсастығын және айырмашылығын көрсетіңдер.

Махамбет Қобыланды,
Алпамыс

Ақын жаулап
Отарлау алушыларға
саясатына қарсы
қарсы қиял-ғажайып

4.<<Тарланым>> өлеңіндегі басты идеяны жазыңдар.
4-қадам (топтық жұмыс)
<<Жинақтау>> критерийінің индикаторлары:
қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр т.б түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы <<тақырыптың басты идеясына>> жазған жауабына қойылады

М
о
л
д
а
ғ
а
л
и
е
в

ш
А
х
а
н
о
в

Х
а
н

и
с
А
т
а
й

а
л
М
а
с
қ
ы
л
ы
ш

Б
е
к
е
т
а
й

ө
т
Е
м
і
с

Т
а
й
м
а
н

Жоғарыдағы сөзжұмбақты толтырыңдар.
1.Махамбет туралы <<Кен>> поэмасын жазған ақын кім? Ж. ...........
2.<<Қарақұм трагедиясы>> поэмасының авторы.
3.Жәңгір кім болған?
4.Көтерілістің басшысы,ағасы
5.Ф.Оңғарсынованың Махамбет туралы поэмасы.
6.Махамбет туылған жер.
7.Махамбеттің әкесі.
8.Исатайдың әкесі

ІІІ деңгей

9 балл+3балл=12балл

5-қадам (топтық жұмыс) практикада бекіту.
<<Қолдану>> критерийіне сәйкес оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады.
1-топ. <<Махамбет кім?>> тақырыбында тірек сызба дайындаңдар.
Батыр ақын күйші

Махамбет

Аруақты ер қолбасшы шешен

2-топ. Махамбет өлеңдерінің тақырыптары бойынша сызба дайындаңдар.
адам
ел халықтың жайы

Өлеңдерінің тақырыбы

өзі туралы ерлік достық

6-қадам (топтық жұмыс)
<<Баға беру>> критерийі
Сен қалай ойлайсың?
Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады.

Сен қалай ойлайсың?
4. Махамбет қазіргі заманда өмір сүрген болса қандай жырлар жазар еді?
5. Махамбет жырларының қазіргі күні де өз мәнін жоймауының себебі неде?
6. Қазіргі күні орындалып жүрген Махамбеттің өлеңіне жазылған қандай әндерді білесіңдер?
Нәтижесі ауызша марапатталады.

Ұқсас жұмыстар
М.өтемісұлы «қызғыш құс»
Махамбет Өтемісұлы Тарланым өлеңі
М.өтемісұлы "атадан туған ардақты ер"
Махамбет өтемісұлы
Махамбет Өтемісұлы Жалғыздық , Мен құстан туған құмаймын
Тарланым өлеңін жаттау
Қызғыш құс
Исатай мен махамбет бастаған халық азаттық көтеріліс
Исатай бейнесі
Бөкей хандығындағы Исатай - Махамбет бастаған қозғалыс
Пәндер