Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары.Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу

Тақырыбы : Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары. Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу

http://www.gotdotnet.ru/upload/blog/dotnetman/a02/excel_logo.png

Дайындаған: Опорный орта мектебінің информатика пәні

мұғалімі Кидиршаева Арна

Сабақтың мақсаты :

Білімділік: Электрондық кесте MS Excel-де деректер базасын құру. Оқушыларды мәліметтер қоры түсінігі, ақпаратты кестелік түрде өрнектеу жолдарымен және алаң түсінігімен таныстыру.

Дамытушылық: Деректер базасын құруда қолдану дағдысын қалыптастыру, деректер базасын пайдаланып, оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулу.

Тәрбиелік: Жеке тұлғаның интеллектуалдық дамуын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас, ойын сабағы.

Оқыту тәсілдері: Сұрақ - жауап, өз бетімен жұмыс, тест жұмысы.

Сабақтың көрнектілері: Кестелер, тесттер, таратпа материалдар, слайдтар.

Сабақтың құрал - жабдықтары: Дербес компьютер, MS Excel бағдарламасы, ИТ.

Пәнаралық байланыс: логика.

Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

IV. Бекіту

V. Үй тапсырмасы

VI. Қорытындылау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың мақсаты электрондық кесте MSExcel-де деректер базасын құрып үйрену, оны ақпараттардың түрлерімен жұмыс жасау барысында қолдана алу. МБ практикада қолданылуы туралы түсінік беру. Ал, енді бұны бастамас бұрын үй тапсырмасын қайталайық.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Сипатталған анықтама қайсына сәйкес екенін анықтандар.
1
256 бағаннан және 65536 жолдан тұрады
А
Ұяшық
1: 2
256 бағаннан және 65536 жолдан тұрады: Бұл жұмыс беттерінде деректерді графиктік түрде түрлендіру
А: В
Ұяшық: Электрондық кесте
1: 3
256 бағаннан және 65536 жолдан тұрады: Баған мен жолдың қиылысы
А: С
Ұяшық: Жұмыс парағы
1: 4
256 бағаннан және 65536 жолдан тұрады: Деректерді өңдеу формулары
А: Д
Ұяшық: Диаграмма
1: 5
256 бағаннан және 65536 жолдан тұрады: Бұл сандық мәліметтерді өңдеуге, оларды кестелерде түрлендіріп сақтауға негізделген диалогтық режимде жұмыс жасайтын программа
А: Е
Ұяшық: СУММ, СРЗНАЧ, ЕСЛИ
1: Жауабы:
256 бағаннан және 65536 жолдан тұрады: 1
А: 2
Ұяшық: 3
4
5
1:
256 бағаннан және 65536 жолдан тұрады: С
А: Д
Ұяшық: А
Е
В
  1. Спринт сұрақтары

1) MS Excel - де диаграмма құру командаларын ретімен орналастыр.

А) берілгендерді енгізу; б) диаграмма; в) берілгендерді белгілеу; г) қою

2) MS Excel электрондық кестесінің ең кіші элементінен бастап орналастыр;

А) жұмыс парағы; б) жұмыс кітабы; в) ұяшық;

4) Ақпараттың өлшем бірліктерін өсу ретімен жаз;

А) мегаБайт; б) бит; в) Гигабайт; г) байт

5) Бума құру үшін команданың ретін ата:

А) Бума(папка) ; б) құру (создать) ; в) ат енгізу

3. « Домино » ойыны

Оқушыларды ойының шартымен таныстыру.

Әр оқушыға жеке кеспелер дайындалады. Кеспе екі бөліктен тұрады. Бір бөлігінде сұрақ, ал екінші бөлігінде басқа бір кеспедегі сұрақтын жауабы. Бірінші сұрақ оқылғанда дұрыс жауапты тапқан оқушы қолындағы кеспеден жауапты оқып, өзінің сұрағын оқуы керек. Осылай ойын жалғаса береді

Сұрақтың жауабы
Сұрақ
Сұрақтың жауабы: . xls
Сұрақ: Excel электрондық кестесінің ең кіші элементі
Сұрақтың жауабы
Сұрақ
Сұрақтың жауабы: Ұяшық
Сұрақ: Excel-ге енгізілетін мәліметтер:
Сұрақтың жауабы
Сұрақ
Сұрақтың жауабы: Мәтін, формула, сан
Сұрақ: \sum_{}^{}{} батырмасының қызметі
Сұрақтың жауабы
Сұрақ
Сұрақтың жауабы: Автоқосынды (берілгендерді қосу)
Сұрақ: Ms Excel-ді қалай іске қосамыз
Сұрақтың жауабы
Сұрақ
Сұрақтың жауабы: Іске қосу- программа- Mic office -Ms Excel
Сұрақ: Мәліметтерді талдау мен салыстыру оңай болу үшін графиктік түрде кескінделуі не деп аталады?
Сұрақтың жауабы
Сұрақ
Сұрақтың жауабы: Диаграмма
Сұрақ: Excel-де 256 баған мен 65536 жолдан тұратын кесте түрінде берілетін аймақты не деп атаймыз?
Сұрақтың жауабы
Сұрақ
Сұрақтың жауабы: Жұмыс парағы
Сұрақ: Ұяшықтың адресі . . . құралады
Сұрақтың жауабы
Сұрақ
Сұрақтың жауабы:

Жол аты мен баған атынан

Сұрақ: Excel электрондық кестесінің кеңейтілімі, типі

III. Жаңа сабақ

Мәліметтер қоры - қолданбалы программаға тәуелсіз, белгілі бір ережелер бойынша ұйымдастырылған мәліметтерді сақтау, сипаттау, олармен әр түрлі әрекеттер жасау принциптері қарастырылған мәліметтер жинағы.

Мысалы, мәліметтер базасында кітапхана каталогін немесе қызметкерлері жайында жинақталған кез келген мекеменің кадрлар бөлімінде жатқан бумаларды, оқушылардың журналын келтіруге болады. МБ, негізінен, үлкен ақпаратты сақтауға және оларды іздеп табуға қызмет етеді.

MS Excel кестелік процессорында тізім деп, жолдары біртектес мәліметтерден тұратын кестені айтады. MS Excel кестелік процессорында тізімді мәліметтер қоры деп атайды. Жолды мәліметтер қорының жазбалары, ал бағандарды сол мәндердің алаңдары деп атайды.

МҚ - белгілі бір қасиеттерге ие мәліметтер жиыны жөнінде жүйелі түрде мәлімет сақтауға мүмкіндік беретін информациялық модель.

Excel -де МҚ құру кезінде төмендегідей термин сөздер қолданылады:

Тізімнің жолы - МҚ-ның жазбалары, жазулары;

Тізімнің бағаны - МҚ-ның өрісі, алаңы.

МҚ-ның құрылымдарына шектеулер бар:

  • Мәліметтердің бірінші қатарында қайталанбайтын өріс аттары болу керек;
  • Мәліметтер базасының қалған қатарларында жазулар болу керек;
  • Өріс (баған) бойынша ақпараттар біртекті, яғни тек сандар немесе тек қана мәтін болу керек.

IV. Жаңа сабақты бекіту. «Бильярд» ойыны

1. Біртектес мәліметтер тізімінен құралған кестені не деп атаймыз?

( Мәліметтер қоры)

2. МҚ-да кестенің бағандары не деп аталады?( алаң, өріс)

3. МҚ-ның жазулары, жазбалары дегеніміз не? (кесте жолдары)

4. Мәліметтердің бірінші қатарында . . . қайталанбауы керек. (өріс аттары)

1. Практикум 1 тапсырма.

  1. Берілген бойынша «Оқушылар бағасы туралы ақпарат» деген мәліметтер базасын құрыңыз.
  2. «Алгебра», «Химия», «Физика», «География», Орыс тілі», «Шет тілі», «Информатика», «Геометрия», ұяшықтарына сандық формат қойыңыз.
  3. Жазбаларды толтырыңыз.
  4. «ІІІ тоқсан бағалар. xls» атымен сақтаңыз

2. Тест тапсырмаларын орындау.

Тест тапсырмалары:

  1. Microsoft Excel- бұл …
  1. *кесте түрінде құрылымдалған мәліметтерді өңдеуге арналған қолданбалы бағдарлама
  2. тамғалық кестені өңдеуге арналған қолданбалы бағдарлама
  3. кесте түріндегі мәліметтерді өңдеу процесінде компьютердің ресурстарын басқаратын оның құрылғысы
  4. компьютердің ресурстарын басқаратын жүйелік бағдарлама
  1. Электрондық кесте … болып табылады.
  1. *нөмірленген жолдар мен латын әліпбиінің әріптерімен атау берілген бағаналардың жиынтығы
  2. латын әліпбиінің әріптерімен атау берілген жолдар мен нөмірленген бағаналардың жиынтығы
  3. нөмірленген жолдар мен бағаналардың жиынтығы
  4. пайдаланушы еркін түрде атау берген жолдар мен бағаналардың жиынтығы
  1. Excel бағдарламасы … үшін пайдаланылады.
  1. мәтіндік құжаттарды әзірлеу
  2. *электрондық кестелерді әзірлеу
  3. графикалық кескіндерді әзірлеу
  4. мәтіндік құжаттарды, кестелер мен кескіндерді әзірлеу
  1. Excel файлы қалай аталады?

Ұқсас жұмыстар
Excel бағдарламасы басқа бағдарламадан ұтымдылығы
Абсолюттік, салыстырмалы және аралас сілтемелер. Ұяшық мазмұнын көшіру
Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру
Электрондық кестелер. 8 сынып
Берілгендерді ұяшыққа енгізу
Информатика 8 сынып. excel тарауына омж
Топтарға тапсырма ұсыну
Мектеп информатика курсы бойынша оқулықтарға талдау
Бүтін рационал теңдеу
Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу. Формулаларды енгізу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz