5-сынып информатика сабағының тақырыбы: Компьютер құрылымы

Тақырыбы : Компьютер құрылымы

(5 сынып)

http://www.cinfo.ru/images/dh.jpg

Информатика пәні мұғалімі

Кидиршаева Арна

2015-2016 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы : Компьютер құрылымы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Оқушылардың компьютердің негізгі құрылғылары жөнінде білімін қалыптастыру

Дамытушылық : Тақырып бойынша бекіту тапсырмалары арқылы оқушылардың білімін меңгерту, дамыту.

Тәрбиелік: Компьютер құрылысын білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері:

  • Компьютер құрылғыларымен танысады, алған білімдерін тапсырма орындау барысында қолданады.
  • Шығармашылық қасиеттерін арттырады, топтағы әр оқушының жауапкершілігі басым болады.
  • Зеректік пен білімге деген сенім мен қызығушылығын арттыру, достыққа, еңбектенуге тәрбиеленеді. Оқушының патриодтық сенімі қалыптасады.

Стратегия: «Елес жетелеу », « Диалог», «Ой қозғау», «Білемін, Білдім, Білгім келеді»

Әдіс-тәсілдері : топпен жұмыс, сөйлесу, көрнекілік қолдану, тәжірибелік әдіс, сұрақ-жауап

Сабақтың типі : жаңа білімді игерту сабағы

Қолданылатын құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер : компьютер, электрондық оқулық, таратпа, интерактивті тақта, Power Point- та жасалған слайдтар.

Пәнаралық байланыс : математика

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Балалар көздерін жұмып, «Елес жетелеу» стратегиясы бойынша уақыт машинасына мініп, болашақ «Компьютер» заманына аттанады.

Топқа бөлу. Боялған дисктерді таңдау арқылы. Оқушылар таңдаған түстеріне сәйкес топқа бөлінеді.

«Монитор», «Жүйелік блок», «Пернетақта» болып үшке бөлінеді

ІІ. Ой қозғау сұрақтары :

а) Информатика деген не ?

ә) Компьютер деген не?;

Үй тапсырмасын сұрақтар түрінде шолу :

  1. Компьютер қандай функцияларды орындайды?
  2. Дербес компьютерлердің түрлерін атаңдар.
  3. Ноутбуктер мен алақан компьютерлерін не үшін пайдаланамыз?
  4. Компьютер түрлерін атаңдар.
  5. 1 байтта неше бит бар?

ІІІ. Мағынаны таныту

Компьютер - есептеуіш. Дербес компьютер - бір-ақ адам жұмыс жасауға арналған. Компьютердің ең негізгі құрылғысы: жүйелік блок, монитор, пернетақта. Блок ішінде барлық ақпараттарды еске сақтап тұратын құрылғы - процессор орналасқан. Ол - «компьютердің миы» ең көп тараған процессордың түрі ПЕНТИУМ деп аталады.

image001

Монитор - ақпаратты компьютер экранына шығаратын құрылғы. Монитор экранындағы кескінді құрайтын кішкене нүктелер пиксельдер деп аталады.

Пернетақта - компьютерге әріптік және сандық ақпаратты енгізетін құрылғы.

Тышқан - ақпаратты енгізу құрылғысының бірі. Қос батырмалы. Сол жақ батырма - негізгі, оң жақ батырма- қосымша батырмалар деп аталады.

Енгізу құрылғылары : пернетақта, тышқан, сканер

Шығару құрылғылары : монитор, принтер, колонка

image003 image006

ЖҮЙЕЛІК БЛОК
Жүйелік блок ішінде ең маңызды құрауыштар орналасқан негізгі торап болып табылады. Жүйелік блоктардың корпусы әр түрлі пішінде болады. Олар коректендіру блоктарымен бірге қойылады (жабдықталады) .
Жүйелік блоктың ішінде орналасқан құрылғыларды ішкі деп аталады.
Жүйелік блоктың сыртында орналасқан құрылғыларды сыртқы (периферийный) деп атайды.
Компьютердің ішкі құрылғылары:
Аналық тақша - ДК - нің негізгі тақташасы.
Оған мыналар енгізілген:
- Жедел жад (ЖЖҚ - жедел жадтайтын құрылғы) - компьютерге қосылған кезде деректерді уақытша сақтауға арналған микросхемалар жиыны.
- Процессор - көптеген математикалық және логикалық операцияларды орындайтын негізгі микросхема.
- ТЖҚ (тұрақты жадтайтын құрылғы) - деректерді ұзақ уақыт сақтауға арналған микросхема.
- Микропроцессорлық комплект (чипсет) - компьютердің ішкі құрылғыларының жұмысын басқаратын микросхемалар жиыны.
- Қосымша құрылғыларды қосуға арналған ажыратпалар (слоттар) .
- Шиналар - олар арқылы компьютердің ішкі құрылғыларының арасында сигнал алмасу жүргізілетін өткізгіштер жиыны.
Құрылғылардың жүйелік блокта орналасу сәйкестігін белгіле, Жүйелік блоктың құрамына кіретін құрылғылар оқулықта толық қарастырылған.
Көпке есте қалу үшін, мұғалімнің түсіндіруімен немесе оқулықтағы парағрафты оқумен қатар кестені толтыру ұсынылады.
ПРОЦЕССОР
Процессор - компьютердің негізгі микросхемасы, ол ЭЕМ миы. Онда ақпаратты өңдеу мен барлық құрылғылардың бірлесіп істейтін жұмысын басқару жүргізіледі. Орындайтын функцияларына сәйкес процессор екі бөліктен тұрады: БҚ - басқару құрылғысы және АЛҚ арифметикалы - логикалық құрылғы.
Құрылысы бойынша процессор жедел жадтың ұяшықтарына ұқсас ұяшықтардан тұрады, бірақ бұл ұяшықтарда деректер тек сақталып қана қоймай, өзгертіледі де. Процессордың ішкі ұяшықтары регистр деп аталады.

Бүгінгі сабақта не білгенімізді қорытындылайық:

  1. Топтар аттарына сәйкес постер жасап, оны қорғайды. (Бүгінгі сабақта алған білімдері арқылы)
  2. Электронды оқулықтағы тапсырмаларды толтырып, сұрақтарға жауап беру

image007 image009 image008

3 Таратпалар :

Жұмбақтар 1. Бар нәрсеге жетік


Ұқсас жұмыстар
7-сынып информатика сабағының жоспары: дербес компьютер құрылымы, санау жүйелері және пәнаралық қолдану
7-сынып информатика: Дербес компьютер құрылымы мен негізгі блоктарының қызметтері
5-сынып информатика сабағы: Компьютердің негізгі құрылғылары, құрылымы және қызметтері
5-сынып информатика сабағы: пернетақта құрылымы мен пернелердің қызметі
5-сыныпқа арналған Информатика пәнінің тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспары (Компьютер тарауы)
Программалау тілі тақырыбы бойынша жарыстық форматтағы информатика сабағының жоспары
Қазіргі заманғы дербес компьютер: құрылымы мен қолданылуы
Дербес компьютер: құрылымы және негізгі аппараттық компоненттері
6-сынып информатика сабағы: Компьютердің құрылымы мен негізгі компоненттері
8А сынып қазақ тілі сабағының жоспары: Компьютер және сөйлем түрлері (хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz