Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты

Файл қосу

Жас математик сайыс

Тақырыбы: <<Жас математик>>
Мақсаттары: Оқушының білімге деген құштарлығын, ізденімпаздылығын, білім деңгейін тексеру;
Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; Логикалық ойлау белсенділігін арттыру;
Ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу;
- Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! ХХІ - ғасыр білім мен ғылым ғасыры екені аян. Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін жастар білімді болуы қажет. Бүгінгі сыныбымызда өткелі отырған <<Жас математик>> атты сайысымызда оқушыларымыздың алған білімдерін ортаға салып, сайыс жеңімпазын анықтайтын боламыз.
(Жарысқа 6 оқушы қатысады.)
- Ортаға сайысқа қатысушы оқушыларымызды шақырамыз.
- Сайыс бес кезеңнен тұрады.
Мәңгі бақи есте қалар
Қызықты бір ойын болсын
Білімдірек шәкірт озар
Сұрақтары қиын болсын - дей отыра сайысымызды бастаймыз.
І - кезең <<Кім тез табады?>>
- Жұмбақтың шешуін алғаш және дұрыс тапқан оқушыға 10 ұпай беріледі.
1. Көп әңгімем өлеңім
Күнде ақыл беремін
Жақсы көрсе мені кім
Соған тиер көмегім (кітап)
2. Ортасында шегесі
Жіп - жіңішке денесі (қарындаш)
3. Із қалдырып үнемі
Тұмсығымен жүреді (қалам)
4. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында (сызғыш)
5. Сырттай ұқсас малтаға
Қаламның бұл ғажабы
Жылтыр қара тақтаға
Аппақ сүтпен жазады (бор)
6. Бірде төмен,
Бірде шығып жоғары
Сөз сөйлесең
Қозғалыста болады. (тіл)
ІІ - кезең <<Қызықты есептер>>
- Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
1. Бір жанұяда ағайынды екі жігіттің әрқайсысының бір ағасы, бір қарындасы бар. Ол жанұяда қанша бала бар? (4)
2. 5 жұмыртқа бес минут піседі. 1 жұмыртқа неше минутта піседі? (5)
3. 5 бұтақты қайыңда
Бұтақ сайын бес алма
Біреуін бер Әділге,
Сонда қалды неше алма? (қайыңда алма өспейді)
4. Мен бір сан ойладым. Оған 4 - ті қосқанда қосындының мәні 19 болды.
5. Шығармақ боп неше есеп
Жиналғанда 5 есек
Үшеуі ұйықтап отырды
Сонда естісі неше есек? (есті есек болмайды)
6. Көшеде 2 әкесі, 2 баласы және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам қыдырып жүр?
Жауабы: 3 адам. (атасы, баласы, немересі)

ІІІ - кезең <<Сандарды пайдаланып мақал айту...>>
1. 2 жақсы қас болмас, 2 жаман дос болмас
2. 5 бармақ жиналса, жұдырық болады
3. 30 тістен шыққан сөз, 30 рулы елге тарайды
4. 1 кісі қазған құдықтан 1000 кісі су ішеді
5. 7 жұрттың тілін біл, 7 түрлі білім іл
6. 100 теңгең болғанша, 100 досың болсын.
7. 5 саусақ бірдей емес
8. 1 тал кессең, 10 тал ек
9. Батыр 1 рет өледі, қорқақ 1000 рет өледі.
10. 8 қырлы, 1 сырлы

ІV - кезең <<Іздестіру>>
- Әр дұрыс шығарылған есепке 1 ұпай беріледі.
65 = □ + □ 54 = □ + □
29 = □ + □ 30 = □ + □
85 = □ + □ 77 = □ + □

V - кезең <<Сиқырлы шаршылар>>
Тор көздерге орналастыр.:
1-дің төртеуін;
2-дің төртеуін;
3-дің төртеуін;
4-дің төртеуін;
- Есіңде болсын! Әр бағандағы және әр жолдағы сандардың қосындысының мәні бірдей болуы тиіс
5
2
4
3
1
3
5
1
2
4
2
1
3
4
5
1
4
2
5
3
4
3
5
1
2
- Математика - толған тәртіп, мағына мен мән,
Математика - толған тамаша заңдылық сән.
Математика - толып жатқан терең сыр,
Шетсіз, шексіз дариядай бейне бар - бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтаймыз.
- Сайыс жеңімпазын марапаттау.

Ұқсас жұмыстар
Зеректілер сайысы
Бір таңбалы сан
Жас математик
Ғылымдардың атасы
Тапқыр математик математикалық сайыс
Жас математик (7-8 сынып)
Логикалық есептер сайысы
Аққу тапсырмасы
"үздік математик" сайысы (3-сыныптар арасында)
Математикалық сайыс. Брейнг Ринг
Пәндер