Біз - болашақ ұрпақ есірткіге қарсымыз

C:\Users\PC18\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\IMG-20151201-WA0016.jpg

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы,

Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің

Педагог-психологы Жұмагүл Қуанышбайқызы Хамзина

«Біз - болашақ ұрпақ есірткіге қарсымыз!»

Үгіт бригада байқауының сценарийі ( Ұзақтығы - 5 минут )

Наркобекет тобының Бейне-жарнамасы көрсетіледі.

Сахнаға рет-ретімен оқушылар шыға бастайды.

  1. Гүлсезім
  2. Нұржайна
  3. Шынар
  4. Береке
  5. Айнұр
  6. Нұрбек
  7. Әлібек

Нұрбек : Біз бүгін болашақты ойлап толғанамыз,

Жат қылық пен әдеттен қорғанамыз.

Салауатты өмір салтын үгіттейтін

«Нұрлы болашақ» тобы біз боламыз!

( бәрі бас иіп амандасады)

Нұрбек: Армысыздар! Жайықтың жалынды да жігерлі жастары !

Адам денсаулығы - қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек.

Отанымыздың келешегі, көркеюі, біздердің қолдарымызда! Сондықтан біздің таңдауымыз - салауатты өмір салтын сақтау!

Шынар :Біз - болашақ ұрпақ есірткіге қарсымыз!

Бес нәрседен қашық бол, жақсы болам десеңіз :

Жалқаулық, жамандық, жасандылық, жайбасарлық, жағымпаздық.

Әлібек : Бес нәрсеге асық бол, адам болам десеңіз :

Жүйріктік, жинақылық, жасампаздық, жүзгіштік, жылдамдық.

Береке : Бес нәрсемен қас бол, қор болмаймын десеңіз:

Ішімдік, темекі, нашақорлық, ұрлық, зорлық.

Нұржайна : Бес нәрсемен дос бол, адам болам десеңіз :

Кісілік, ізгілік, ізеттілік, ілім, ғылым.

Гүлсезім: Біз - болашақ ұрпақ есірткіге қарсымыз!

Айнұр : Біздердің тақырыпты бұлай атап отырған себебіміз, біз болашаққа таза жүрекпен қараймыз!

Міне осындай жаман әдеттерден аулақ боп, жақсы әдеттерге жақын болсақ, болашақта деніміз сау, салауатты азамат болып, қоғамымыздың бір-бір кірпіші боп қаланарымыз сөзсіз.

Мен достарымды осындай жаман әдеттерден аулақ болуға, білімімізді одан әрі жетілдіре білуге шақырамын, өйткені біз - тәуелсіз елдің жүрегіміз! E:\Жумагүл папкі\Есірткі\Нашақорлық 2015-2016жылғы жұмыс\облыстық семинар фото\DSC_0116.JPG

Нұрбек : Жаңа ғасыр, жаңа заман бүгін,

Біз тілейміз ұрпақтың амандығын.

Ей, болашақ, саулығың өз қолыңда,

Уламасын жаныңды - у, санаңды - мұң.

Гүлсезім: Денсаулық - ол шыныққан

Барлық дене мүшесі.

Денсаулық - ол тыныққан

Жүйке тамыр жүйесі.

Денсаулық - ол күлуің,

Көңіл-күйің жадырай.

Денсаулық - ол жүруің,

Ешбір жерің ауырмай.

Нұржайна : Өмірің болсын десең сенің сәнді,

Ойланып айналаңа қара мәнді.

Адам бол, білімі тасқан, өнері асқан,

Өзіңе сүйсіндірер басқа жанды.

Шынар : Салауатты мақсатың - өмір сүру,

Өмірдің мағынасын керек білу.

Ішімдік, нашақорлық сенің жауың

Пайдасы сол - бұл жолдан аулақ жүру.

Әлібек : Нашақорлық жайылған індет білем,

Оны жоймау жақсы күн жоқ білем.

Күресуге ғасырлардың тағдыры үшін,

Оған сен де міндетті, міндетті мен!

Айнұр : Халқымыз қазыналы қарапайым

Дархандығы мәрттігі даладайын.

Кейінгі ұрпақ жаңа өмірді таңдайды,

Қолға алып жат қылықтар жағдайын.

Береке : Салауатт өмір салтын қолдайық!

Әдеттен жаман әманда аулақ болақ!

Өз өмірің өз қолыңда, ей, жастар,

Су ішпеген гүлдей болып солмайық!

Хор: Әр шаңырақтың төбесінде жарқыраған күн болсын!

Шаңырағымыз шайқалмай, дені сау ұрпақ мол болсын!

(соңы)

E:\Жумагүл папкі\Есірткі\Нашақорлық 2015-2016жылғы жұмыс\облыстық семинар фото\DSC_0120.JPG

Нашақорлыққа қарсы «Нұрлы болашақ» үгіт-насихат тобы бос уақытты тиімді ұйымдастыруға шақырады.


Ұқсас жұмыстар
Жағдаят сұрақтар
Нашақорлық ғасыр дерті атты баяндама
Жастар тобы
Есірткі өлім тамшысы
Ғасыр індетінен сақтанайық
Денсаулықтың достарын атап шық
Сақ болыңыз: нашақорлық!
Денің сау болса, жарлымын деме. тәрбие сағаты
Әкесі сен анасының арасындағы диалог
Мынау кім
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz