Сабақ жоспары :: Музыка

Файл қосу

Қазақ музыка өнерінің шебері- Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев

Ботбаева Ж.К,
№32 жалпы білім беретін мектептің музыка пәнінің мұғалімі
Қазақ музыка өнерінің шебері-
Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев
6-сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділіг:Қазақ музыкасының көрнекті өкілі, композитор,дирижер-
Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің өмірі мен шығармашылығы туралы оқушыларға мәлімет беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін дамыту,әннің интонациясын дұрыс ести білу, музыкалық,ойлау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелігі:Әнді айту арқылы жас ұрпақты патриоттыққа,еңбекқорлыққа, адамгершілікке,табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Типі:жаңа сабақ
Түрі:аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері:әңгімелеу,түсіндіру,репродуктивті, сұрақ-жауап,ойтолғау.
Оқыту формасы :ұжымдық,жеке даралап.
Пәнаралық байланыс:тарих,өнер,қазақ әдебиеті.
Көрнекіліктер:аудиотаспа,суреттер,слайд,фортепиано,6-сынып <<Атамұра>> оқулығы
Сабақтың барысы
I-Ұйымдастыру бөлімі
II-Үй тапсырмасын сұрау
Оқушылар <<Ата толғауы>> күйімен сыныпқа кіреді.Оқушылардан күй орындалып біткеннен кейін күй жайлы сұрау.
-Күйдің авторы кім?
-Күй қалай аталады?
-Күй кімге арналып жазылған?
-Күйде қандай аспаптардың дауысын естідіңдер?
III-Жаңа сабақты меңгерту.
<<Қазақ музыка өнерінің шебері-Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев>>
(1925-1998)
Қазақ музыка өнерінің дарынды композиторы,домбырашы,дирижер-
Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев 1925 жылы Алматы облысы,Іле ауданы, Шилікемер ауылында дүниеге келген.Алматы ұлттық консерваториясы мен Мәскеудегі П.И.Чайковский атындағы консерваториясын бітірген.Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрында(1553-1961),Кұрманғазы атындағы Мемлекеттік Академиялық халық аспаптар оркестрінде(1961-1964),Абай атындағы опера және балет театрында(1981-1998)және өзінің ұйымдастыруымен құрылған <<Отырар сазы>> оркестрінде өмірінің соңына дейін(1981-1998) бас дирижер қызметін атқарды. Нұрғиса Тілендиев қазақ музыка өнерінің дамуына зор үлес қосқан композитор. Ол түрлі жанрда музыка жазған шебер,дарынды композитор. Оның<<Достық жолымен>>, <<Менің Қазақстаным>> кантаталары,<<Халық қуанышы>>, <<Жеңіс солдаты>> <<Қайрат>>атты увертюрасы, оркестрге арналған шығармалары, Қ.Қожамяровпен бірлесіп жазған <<Алтын таулар>> операсы, <<Аққу>>, <<Аңсау>>, Жамбыл Жабаевтің 100 жылдығына арнап жазылған әйгілі <<Ата толғауы>> күйі, <<Фараби сазы>>, <<Әлқисса>>, <<Арман>> сияқты күйлері, <<Саржайлау>>, <<Алатау>>, <<Ақжайық>>, <<Өз елім>> <<Құстар қайтып барады>> әндері қазақтың бояу нақышының қанықтылығымен, халықтың жүрегінен орын алды. <<Қыз Жібек>>, <<Қилы кезең>>, <<Менің атым Қожа>> фильмдеріне, <<Ақсақ құлан>>, <<Қарлығаштың құйрығы неге айыр>>сияқты көптеген мультфильмдерге, спектакльдерге музыка жазды. Өмірінің соңына дейін еліне әсем әндері мен күйлерін халқына сыйлады.Оның КСРО ның халық әртісі,Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері,1998 жылы Президенттің жарлығымен берілген <<Халық қаһарманы>> деген атақтары бар. 2000 жылы <<Отырар сазы>> оркестріне Н.Тілендиев есімі берілді.Мына суретте қазіргі таңда әкесінің ізін басып, <<Отырар сазы>> оркестрін қайта жаңғыртып, дирижерлық етіп, басқарып жүрген қызы Дінзухра Тілендиеваның оркестр мүшелерімен түскен суреті бейнеленген.
Н.Тілендиев көптеген өнер қайраткерлерімен тығыз творчестволық байланыста болған. Жыр алыбы Жамбыл Жабаев атамызды пір тұтып,өзіне ұстаз санаған.
Музыка тыңдату. <<Көш керуені>>.(Н.Тілендиев).
Музыканы тыңдай отырып оқушылар жанр түрлерін, оның екпінін,халықтық,кәсіби түрін ажыратып,мән беріп отырады,
1.Күй өздеріңе ұнады ма?
2.Күйдің екпіні, орындалуы қалай?
3.Қандай аспаптардың дыбысын естідіңдер?
4.Күйді тыңдай отырып көз алдарыңа не елестеттіңдер?
Музыка сауаттылық.
Реприза-қайталау белгісі.Бұл белгілер қойылған шығармада аралық екі рет орындалады.
| |: : | |
Музыканың бір бөлімін тыңдатып ,репризаны ажырату.
Ән орындауға дайындық.
Дауысты жаттықтыруға арналған жаттығулар жасау.
1.Тыныс алуға арналған жаттығулар
2.Дикцияға арналған жаттығулар(бра,бре,бри,бро,бру)
3.До мажор гаммасын айтқызу(legato,ctaccatto)
Ән үйрену. <<Саржайлау>>
Әнге қысқаша сипаттама.Мұқағали Мақатаевтің сөзіне жазылған композитордың Саржайлау әні - еліне,жеріне,әсем табиғатына деген махабаттынан туған ән.
1.Әнді оқушыларға тыңдату.
2.Өлшемі,екпіні, характері,сазымен жұмыс.
3.Дикциямен жұмыс.
4.Динамикамен жұмыс.
5.Әнді толықтай айтқызу.
Мақал мәтелдерді толықтыру.
Туған жердей жер болмас
Туған .......... ел болмас.
Кемеңгер елін мақтайды
Дихан.......... жерін мақтайды.
Жер құтты болса
Мал .......... болады.
Туған жер - тұғырың,
Туған ел -..................
Таулы жер бұлақсыз болмас,
Сулы жер........... болмас.
Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде.......... бол.
Туған жерге туың........
Жерге еткен жақсылық.......... қалмайды.
Жайлауы жақсының әр бұтасының түбі бір кесек.......
IV-Жаңа сабақты бекіту.
1.Н.Тілендиев кім?
2.Н.Тілендиевтің шығармаларын ата?
3 <<Қыз-Жібек>> кинофильімінде орындалған қандай күйлерді білесіңдер?
4. <<Отырар сазы>> оркестріне қай жылы Н.Тілендиев есімі берілді?
5. <<Саржайлау>> әніне өз пікірлеріңді білдіріңдер.
Сөзжұмбақ шешу.
1.Әннің ұйқасқа құралған сөзі(өлең)
2.Н.Тілендиевтің күйі(Арман)
3.Н.Тілендиевтің мамандығы(дирижер)
4.Н.Тілендиевтің увертюрасы(Қайрат)

ө

н

е

р

V-Бағалау
VI-Үйге тапсырма
Н.Тілендиев жайлы реферат жазу. Әнді жаттау.
Алматы қаласы
Түрксіб ауданы

Ұқсас жұмыстар
Ұлы композитор Нұрғиса ата - 90 жаста
Нұрғиса тілендиев- 6 сынып, жауынгер ақын- жыраулар- 3 сынып, ғажайып музыка ертегісі -2 сынып
Өнерін өнеге еткен Нұрғиса Тілендиев
Дарынды да, дана композитор нұрғиса тілендиев. 6 сынып
Музыка пәнінен оқу бағдарламасы
Қазақ әнінің қадыры
Қазақ музыка өнерінің– гималайы ахмет жұбанов
Аққу қандай құс
Қазақ елі
Ахмет Жұбановтың суреттер
Пәндер