Сабақ жоспары :: Сурет, сызу

Файл қосу

Бейнелеу өнері және сызу сабақтарында оқушылардың қызығушылықтарын арттыру



Ақмола облысы
Бурабай ауданы
Сакен Сейфуллин атындағы орта мектеп

Бейнелеу өнері және сызу сабақтарында оқушылардың қызығушылықтарын арттыру.

Дайындаған бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Аманбаева Ж.О.

2010 жыл

Сурет салуды сүю - өмірді, табиғатты, айнала қоршаған ортаны сүю.
Ол адамның ақыл ой парасатын өсіреді, танымын кеңейтеді, ізгілікке,
әсемдікке үйретеді. Өмірдегі келеңсіз құбылыстармен ымырасыз күресуге
баулиды. Өнер қашан да қамқорлықты, оған асқан жауапкершілікпен,
жанашырлықпен қарауды қажет етеді. Әсіресе осы бейнелеу өнерін жүйелі оқыту
жайы, оған жастай баулып тәрбиелеу ісі баршамыздың алдымызға байыпты
міндеттер тартады. Қазіргі кезде жалпы білім беретін мектептердің мақсаты –
жас ұрпақты ұлттық игіліктермен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын
сақтай отырып тәрбиелеу және әрбір шәкіртті тұлға деп санау, оның жан-жақты
дамуына мүмкіншілік жасау болып отыр. Осыған сай менің проблемам «Өнердегі
сұлулықты көре, түсіне, бағалай білетін , белсенді тұлғаны тәрбиелеу»
бойынша алдыма мынадай мақсат қойдым «Әрбір баланың бойында жалпы және
арнайы дарын көзін тауып оны дамыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне, даму
кезеңдеріне сәйкес оқытудың және тәрбиелеудің мазмұны мен әдістерін құру»
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мен сабақ беретін сыныптарымда төмендегідей
тестілер арқылы оқушыларды танып, біліп алуға тырысамын.

Дарынды бала қандай?
1 . Көптеген дарынды балаларға тән және олардың орасан да қиын
ақпаратпен
иемденуге мүмкіндік жасайтын жарқын ұзақмерзімді ес,
қысқамерзімді естің
нәзіктігімен үйлеседі, сондықтан жаңа ғана атқанды қайталау
оларға қиынға түседі.
2. Дарынды балалардың басқа біреудің оқыған мәтінінің негізін түсіну, әр
баланың әріп пен сөздің қиындығы мен бастауышта ғана емес, сонымен
бірге орта және жоғары буында да кездеседі.
3. Дарынды балалар компьютерді тез үйренеді, бірақ жиі әдемі жаза
алмайды. Егер оқуды жалғастырғысы келіп жазба жұмысын тапсырса,
оларға әдемі жазу үлкен қиындық туғызады.
4. Сөз байлығы мен сөз қоры тек ауызекі сөйлеуде ғана пайда болады, өз
құрдастарынан ауызекі сөйлеуде ғана емес, жазба жұмыстарынан қалуы
мүмкін.
5. Көп дарынды балалар күрделі және көп ойлауды қажет ететін жұмыстармен
жақсы айналыса алады. Есте сақтау, қайталауға арналған жаттығуларды
қиындықпен істейді. Олар білгіш келеді, бірақ өздеріне қызық емес
материалды оқу қиындыққа әкеп соғады.
6. Дарынды балалар жақсы талдайды, бірақ тақырыптан ауып кетсе, олардың
сөздері ойланбаған және қанағатсыз болып шығады.
7. Қиын емес есептерді шығара алмауына байланысты, мұғалім олардың
математика қабілеттерін байқамауы да мүмкін, кейде дарынды балаларға
көбейту кестесін және формулаларды жаттау қиынға соғады, оларға
формуланы қайта жазғаны артық.
8. Жас ерекшеліктеріне қарамастан дарынды, ойшыл балалардың ұйымдастыру
қабілеттері төмен болады. Олар белсенді ұзақ жұмыс істеу қабілеттері
бола отырып, қысқа мерзімді жұмыс орындауға қабілеттері жоқ (тест,
бақылау жұмыстары, емтихан).
9. Өздерінің жоғарғы сезімдеріне және байқампаздықтарына қарамастан,
дарынды балалар сабақта өте аңқау келеді. Есте сақтау қабілеттері
жақсы болса да, олардың тыңдау арқылы есте сақтаулары төмен болады,
сондықтан көңіл қойып тыңдамайды, ал көру қабілеттері жақсы
болғанымен, кейбір детальдарға көңіл аудармайды. Көптеген дарынды
балалар геометрия, механика, техника, музыка, өнерде жақсы қабілеттер
көрсетсе, шетел тілі және тыңдау, есте сақтау пәндерін игеру қиындыққа
соғады.
10. Олардың әділқой, тапқыр сезімдері жоғары болып, адамдарды өз ықыласына
көндіре алады, сондықтан басқа тәсілдер арқылы күштері жетпейтін
жерлерден қашақтайды.
Соған орай зерттеушілер дарынды балалардың кемшіліктерін олардың абыройының
жалғасы деп ойлайды. Мұндай балалардың прроблемаларының қандай екенін
анықтауға өте қиын, себебі олар оны жақсы жасыра алады.

Дарынды балаларды зерттеу:
Мақсаты. Бұл әдіс балалардың ойлау ерекшеліктерін зерттеу үшін
пайдаланылады, негізгі нақтыдан қосымшаны айыра білу қабілеттерін дамытады.
Белгілеген сөздерінен олардың ойлау стильдерін анықтауға болады: нақты
немесе абстрактылы.
Материалы. Қатарлап жазылған сөздері бар қағаз. Әр қатар жақшаның ішіндегі
бес сөзден және сыртындағы бір сөзден тұрады.
Қолдану әдісі. Мұнда қатарлап жазылған сөздер берілген. Әр жолда жақшаның
алдында бір сөз ал жақшаның ішінде таңдауларына берілген бес сөз бар.
Саған жақшаның сыртындағы сөзге келетін екі сөзді ғана таңдап алу керек.
Мысалы: жақшаның сыртында «бақша» сөзі, ал жақшаның ішінде « өсімдік, ит,
шарбақ, жер, бақша күтуші» сөздері берілген. Бақша итсіз, шарбақсыз,бақша
күтушісіз де тіршілік жасай алады, ал жерсіз, өсімдіксіз бақшаның болуы
мүмкін емес. Сондықтан осы екі сөзді таңдап алуымыз керек - «жер» және
«өсімдік».
1. Бақша (өсімдік, ит, шарбақ, жер, бақша күтуші)
2. Өзен (жаға, балық, балықшы, су, су шөптері)
3. Қала (авто, ғимарат, топ, көше, велосипед)
4. Қора (ат, шатыр, қабырға, мал, шөпқора)
5. Куб (бұрыштар, сызба, тас, ағаш, қабырға)
6. Бөлінгіш (сынып, бөлгіш, қарындаш, бөлінді, қағаз)
7. Жүзік (диаметр, гауһартас, проба, дөңестік, алтын)
8. Оқу (көз, кітап, мәтін, көзәйнек, сөз)
9. Газет (шындық, оқиға, сөзжұмбақ, қағаз, редактор)
10. Ойын (кітаптар, ойыншықтар, фишкалар, жазалау, ереже)
11. Соғыс (самолет, әскер, шайқас, мылтықтар, пушкалар)
12. Кітап (сурет, әңгіме, қағаз, мәтін, бастама)
13. Өлең айту (өнер, дауыс, қолшапалақ, әуен, дыбыс)
14. Жерсілкініс (өрт, ажал, топырақ қозғалуы, айғай, шу)
15. Кітапхана (үстел, кітап, оқу залы, гардероб, оқырмандар)
16. Орман (топырақ, саңырауқұлаұтар, аңшы, ағаштар, қасқыр)
17. Спорт (медаль, оркестр, күрес, жеңіс, стадион)
18. Емхана (бөлме, ем, дәрігер, градусник, науқастар)
19. Махаббат (раушан гүл, сезімдер, адам, кездесу, үйлену тойы)
20. Патриоттық (қала, достар, отан, жанұя, адам)
Жауаптары:
1. Өсімдік, жер 11.шайқас,
әскерлер
2. Жаға, су 12.қағаз,
мәтін
3. ғимарат, көше 13.дауыс, әуен
4. шатыр, қабырға 14.топырақ қозғалуй,
шу
5. бұрыш, қабырға 15.кітаптар,
оқырмандар
6. бөлгіш, бөлінді 16.топырақ,
ағаштар
7. диаметр, дөңестік 17.күрес, жеңіс
8. көз, мәтін 18.дәрігер,
науқастар
9. қағаз, редактор 19.сезім, адам
10. ойыншылар, ереже 20.отан, адам
Бұл тестте қателері көбірек болса баланың ойлау қабілеті логикалық-
абстрактісінен нақты-ситуациылығы басымдау болады.

Тағы да бір тест дарынды оқушыларды табуға көмек көрсетеді

«Бір рет көру немесе есту ме?»
А типі (визуал, көру арқылы қабылдайды)
1. Бұлттарды, жұлдыздарды бақылағанды жақсы көремін
2. Автокөліктердің түсі мен үшін өте қажет
3. Сырт киім таңдауға көп уақыт бөлемін
4. Бос уақытымда адамдарды бақылағанды ұнатамын
5. Киімді көргенде ол киім маған қонымды тұратынын білемін
6. Тамақ ішкен кезде жиі оқимын
7. суретке көп түсемін
8. Ақшаны гүлге көп жіберемін, өйткені гүл адам өмірін әрлендіреді
9. жеке басымның іс-қағаздарын жазып, толтыруға тырысамын
10. Жиі адамды киіміне қарай бағалаймын
11. Кино көргенді жақсы көремін
12. Бір жерде көрген адамды бір жылдан кейін де танимын
13. Демалғанда архитектуралық ескерткіштердікөргенді ұнатамын
14. Салақтықты ұнатпаймын
15. Бөлме атмосферасы тазалыққа байланысты деп ойлаймын
16. Көрмеге галереяға өз еркіммен барамын

В типі (кинесет, ұстау арқылы)
1. Қонымсыз тұратын сән үлгілерін ұнатпаймын
2. Моншаға, саунаға барғанды ұнатамын
3. Массаж қабылдағанды жақсы көремін
4. Ырғақпен айналыспағанда өзімді ыңғайсыз сезінемін
5. Мен толықтыққа бейіммін
6. Күннің қолайсыздығына байланысты мен денемді ауыр сезінемін
7. Кешке қарай ыстық ванна қабылдауды ұнатамын
8. Көп уақыт көлікпен жүргеннен кейін өзіме-өзім әрең келемін
9. Бой жазу жаттығуларын жасағанды жақсы көремін
10. Тым жұмсақ, тым қатты төсекке жатуға қиналамын
11. Өзіме ыңғайлы аяқ киім табу мен үшін қиын
12. Билегенді ұнатамын, спортпен айналысып, гимнастика жасағанды ұнатамын
13. Әуен тыңдағанда аяғымның үштарын қимылдатамын
14. Синтетикалық маталарды ұнатпаймын
15. Қол ұстасқаннан адамның қандай екенін байқауға болады
16. Сөзбен емес, іс-қимылмен көп нәрсені айтып, сездіруге болады

С типі (аудиал, есту арқылы қабылдау)
1. Әрдайым ішімнен ыңылдап ән айтамын
2. Бөлмеге кірген адамды жүрісінен білемін
3. Біреудің диалектісін келтіріп сөйлеген қызықтырады
4. Ескі әуенді естігенде өткен жағдайларымды есіме аламын
5. телефонмен сөйлескенді ұнатамын
6. Біреуден әңгіме тыңдағанды ұнатамын
7. Біреу бірдеңе айтса көпке дейін есіме сақтаймын
8. Өзіммен өзім сөйлеп жүретін кез болады
9. Адамның даусы маған сол адам тұралы көп айтады
10. Қолшатырмен жауынның астында жүргенді ұнатамын
11. Адамды тыңдай білемін егер маған ақыл айтса
12. Сағат тықылдап тұрған кезде ұйықтай алмаймын
13. Менде жақсы музыкалық аппаратура бар
14. Концертке жиі барамын
15. Пікірталас қызықтыратын тәсіл
16. Айқай шу болған жерде дұрыс ойға беріле алмаймын

Оқушыларға әрдайым әр түрлі қызықты тапсырмаларды бергенде, олар оны
орындағанда пәнге деген қызығушылықтары артады. Дарынды балаларды әр түрлді
ойындарды ойнағанда танып білуге болады. Мысалы, төменде берілген ойында
дарынды баланың салған суреті мағыналы болады. Ойын шарты: бірінші ойыншы
бір парақ қағазға қарындашпен шағын шимай жасайды, сонан соң ол қағазды
келесі оқушыға береді. Келесі оқушы ол шимайға қарап оны әрі қарай мағыналы
сурет шығатындай етіп толықтырады. Толықтырғаннан кейін осы оқушы келесі
балаға шимай салады, ойынның аяғында жеңімпаздар табылады.
Бейнелеуц өнері сабағы басталар алдында оқушылардың көңіл-
күйлерін білу үшін мынадай ойын жүргіземін. Бұл ой ынға таза қағаз бен
гуашь болуы қажет. Оқушылар қағаздың жарты бетіне қылқаламмен кез келген
дақ салады содан соң қағазды бүктеп екінші жартысына жабыстырады. Сонсын
қағазды ашып пайда болған дақтан қандай бейне шыққанын анықтайды.
1. Көңіл күйлері төменг оқушылар дақтан нашар нәрселерді көреді, олар көк
немесе сиякөк түстерді таңдайды.
2. Ондай оқушыларды сабырлы оқушылармен отырғызған жөн, сабырлы бала ашық
түстен дақ жасайды және шыққан суретінен жақсы нәрселердә көреді
3. Ашуланшақ балалар қызыл немесе қара түстерді таңдайды

Оқушылардың логикалық ойларын дамытуға тағы мынадай ойындарды қолдануға
болады.
Оқушыларға кез келген түсті айтып, сол түстібес нәрсені тез арада
айтуларын талап ету (көк, сары, қызыл, жасыл, т.с. с.). Бір минуттын
ішінде бес нәрсені атай алмаған бала ойыннан шығады. Аталған нәрселерді
қайталауға болмайды. Бала тез ойланған арқылы түстерді қайталайды.
Бір парақ қағаз бен қарындаш алып, жүргізушінің ауада салған суретін
қайталап салу. Жүргізуші ауада салған суреті тез және күрделі болмауы
керек. Саланған суреттері тексеріліп, жауаптың дұрыстығы қаралады. Ең
тапқыр балаларды атап өтеді.
Ертегі құрастыру. Балалар екі топқа бөлінеді, әр топқа бір ертегінің
аты айтылады. Әр оқушы бір парақ қағазға бірінші бала салып бастаған
суретті толықтырып салады. Жұмыстың аяғында қай топта жақсы, мағыналы сурет
шығады, сол топ жеңімпаз болып саналады.
Осындай ойындар оқушыларың дамуында үлкен роль атқарады.

Мынау тақпақтар бойынша салынған суреттер қай жанрға жатады?

3. Түкті қабақ жауып тұрған көзіне,
Тікенектей түк шығып тұр жүзіне
Қырлы мұрын, қырмызы ерін, қап-қара
Ұшқын шашып от ойнап тұр көзінде.

4. Желсіз түнде жарық ай
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың маңы терең сай
Тасыған өзен гүрілдеп.

Бейнелеу өнері пәнінен қолданылатын,
оқушылардың теориялық білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары

1. Көптеген түстердің арасынан үш негізгі түс қана анықталады, ол қандай
түстер?
а/ ақ, қара, қоңыр ә/ қызыл, көк, сары
б/ қызыл, жасыл, көк в/ сары, жасыл, қызыл

2. «Шопан қызы» атты суретті кім жазды?
а/ Чуйков ә/ Қастеев б/
Кенбаев
3. Негізгі тәсілі бір түсті сурет пен сызық болатын бейнелеу өнерінің
түрі қалай аталады?
а/ мүсін ә/ сәулет өнері
б/ графика в/ кескіндеме

4. Бейнелеу өнері қандай жанрларға бөлінеді?

5. Ренессанс дәуіріне жататын атақты Италия суретшісі Леонардо да
Винчидің туындысы қалай аталады?
а/ Венера ә/ Моно Лиза б/ Сикстинская мадонна
в/ Нефертити г/ Джоконда ғ/ Святая Анна

6. Допты салу үшін қандай әдіс қолданамыз?
А/ жарық-көлеңке ә/ горизонт сызығы
б/ рефлекс в/ ритм

7. Осы кескіндердің ішінде екі түс бірін бірі толықтырып күшейтеді
(контраст), олар қандай түстер
а/ қызыл, жасыл ә/ сары, қоңыр б/ көк,
сия көк

8. Осы берілген бояулардың қайсысы сумен араласпайды?
а/ акварель ә/ май бояу б/ гуашь

9. Өнер шеберлігінің ең жоғары жетістігі қалай айтылады?
а/премия ә/маринистика
б/шедевр в/капитель

10. Барокко бейнелеу өнерінің... (ойды аяқтау)
а/жанры ә/түрі б/тәсілі
в/ағымы

11. Натюрморт жанр испатында туған елі қай ел?
а/Голландия ә/Египет б/Италия
12. Осы оюлардың ішінде қайсысы зооморфтық болып табылады?

13. Осы атақты адамдардың қайсысы суретші болды?
а/Әуезов ә/Телжанов б/Айманов
в/Байсеитова

14. Берілген қазақ оюы екі түстен құралған. Осы түстер ұалай аталады?
а/гармониялық ә/қосымша б/ахроматикалық

15. Жануарларды бейнелейтін жанр қайсы?
а/маринистика ә/анималистика б/тұрмыстық

16. Түрлі түсті тастан немесе әйнектен құрастырылған сурет
а/гротаж ә/мозаика б/витраж

17. Атақты орыс суретшісі Айвазовский қандай жанр түрімен айналысқан?
а/анималистика ә/пейзаж
б/портрет
в/маринистика
18. Шұғыла өрнегі қайсыған жатады?
а/космогониялық ә/зооморфтық
б/өсімдік әлеміне в/геометриялық

19. Геометриялық ою-өрнек қайсы?
а/шынжара ә/төртқұлақ
б/шиыршық в/сүйір

20. Бір түспен боялған натюрморт
а/монотипия ә/алла прима
б/гризайль

21. «Турксиб» суретін жазған суретші
а/Телжанов ә/Қастеев
б/Дүзелханов в/Романов

Оқушылардың сызу пәнінен алған білімдерін
бекітуге арналған тесттер

1. А 4 пішімдегі қағаз өлшемдерін көрсет
а/210*297; ә/420*594; б/297*420

2. А 2 пішімдегі қағаз өлшемдерін көрсет
а/297*420; ә/420*594; б/594*841

3. өлшемдері 297*420 мм пішімнің шартты белгісін көрсет
а/А 3; ә/А 1;
б/А 2

4. Сызбадағы көрінетін контурларды қандай сызықпен көрсетеміз?
а/тұтас жіңішке; ә/ұзілме; б/тұтас жуан

5. Сызбадағы көрінбейтін сызықтарды қалай көрсетеміз?
а/жіңішке үзілмелі коснүктелі;
ә/жіңішке нүктелі үзілме;
б/үзілме

6. Шығару және өлшем сызықтарын қандай сызықтармен көрсетеміз?
а/жіңішке үзілмелі нүктелі;
ә/жуан тұтас;
б/жіңішке тұтас

7. Ось сызығын қандай сызықпен көрсетеміз?
а/жіңішке үзілмелі нүктелі;
ә/жіңішке тұтас;
б/үзілме

8. Пішімнің қай жерінде негізгі жазу жазылады?
а/астынғы сол жағында;
ә/үстінгі сол жағында;
б/астынғы оң жағында

9. Нақты масштабты көрсет
а/М1:2 ә/М1:1 б/М2:1

10. М2,5:1 қандай масштабты көрсетеді?
а/ үлкейту; ә/кішірейту; б/нақты

11. Жазықтыққа 90*жасайтын проекцияны қалай атаймыз?
а/центрлік; ә/қиғаш бұрышты; б/тік бұрышты

12. Кетедегі сызбалардың қайсысында пластина көрсетілген?

13. Кестедегі конустың сызбасын анықтаңдар

14. Кестеде шардың сызбасы қай әріппен белгіленген?

15. Кестеден пирамиданы көрсет

16. Кестеде цилиндр кескіні қай әріппен белгіленген

Сызу сабағынан жылдың аяғында алынатын
бақылау жұмыстары

1 тапсырма. Берілген екі көріністі сызып, үшінші көріністі орындау және
техникалық суретінсалу

2 тапсырма. Сызбада кездесетін ең жуан сызық (үзік)

3 тапсырма. Бұрыштардың түйіндесулерін көрсетіңдер

4 тапсырма. Берілген тетікбөлшектердің аксонометриялары бойынша
сызбаларын үш көріністе сызыңдар

5 тапсырма. Көрнекі кескіндер басқаша қалай аталады?(аксонометрия)

6 тапсырма. Тетікбөлшектердің техникалық суреті және суреті берілген,
қарастырыңдар. Тетікбөлшекте әр түрлі цилиндрлік ойықтар бар. Ойықтардың
орнында цилиндр бөлшектер болса, онда тетікбөлшек ойықсыз қалады. Қандай
цилиндр бөлшектерін осы ойықтардан алу керек. Сол бөлщектердің техникалық
суретін салыңдар.

7 тапсырма. Берілген екі көрініс бойынша үшінші көріністі салыңдар.

8 тапсырма. Қызыл сызықтар бойынша бөлшектерді алып өзгертілген
тетікбөлшектің техникалық суретін салыңдар.

9 тапсырма. Төртбұрышты пирамиданың проекцияларын салу.

10 тапсырма. Тетікбөлшектің фронталь тілігін көрсет.

11 тапсырма. Тетікбөлщектің сызбасын орында, керекті тіліктерді пайдалан.

12 тапсырма. Қиманы және тілікті қалай белгілейді?

13 тапсырма. Мына тетікбөлшектің сызбасын орындап, ережелерді сақтай отырып
өлшемдерін түсір.

14 тапсырма. Білетін барлық геометриялық денелердің техникалық суреттерін
салу керек.

Сабақты бастамастан бұрын оқушыларға төмендегідей сұрақтарды қою арқылы
зейіндерін сабаққа аударамын

1. Егер проекциялаушы сәулелер бір нүктеден шықса проекциялау әдісі
қалай аталады? /орталық проекциялау әдісі/

2. Тетікбөлшектердің көлденең пішінін қандай кескін анықтайды? /қима/

3. Егер проекциялаушы сәулелер жазықтыққа 90* пен түссе проекциялау
қалай аталады? /тік бұрыш/

4. Алдыңғы жазықтық қалай аталады? /фронталь/

5. Призма, пирамида, конус, шар – бұл... /геометриялық денелер/

6. Үстінен қарағандағы көріністің басқа атауы қандай? Горизонталь/

7. W әрпімен не белгіленеді? /профиль проекциясындағы жазықтық/

8. Профиль тілігі сызбада қай жерінде орналасады? /сол жақ/

9. Жиі кездесетін қиманың түрі /оңашаланған/

10. Егер проекциялаушы сәулелер өзара паралель болса проекциялау қалай
аталады? /паралель проекциялау әдісі/

11. Фронталь, горизонталь, профиль тіліктер – бұл.../қарапайым тіліктер/

12. Проекциялаушы сәулелер жазықтыққа сүйір бұрышпен түссе, проекциялау
қалай аталады? /қиғаш бұрышты/

13. Қиюшы жазықтықтағы және оның ар жағындағы кескінді көрсететін кескін
қалай аталады? /тілік/

14. Аксонометриялық проекциялардың екі түрі. /тік бұрышты изометрия,
қиғаш бұрышты фронталь диметрия/

15. Қандай қима көрініспен бірге сызылады? /қабаттасқан/

16. Өлшемді түсіру үшін қандай сызықты қолданамыз? /жіңішке тұтас/

17. Алдынғы, үстінгі, сол жақ – бұл қандай кескіндер?

Пластинада үш тесік ойылған. Нәрсенің әр қабырғасымен бұрғанда барлық үш
тесікті жабатын техникалық суретін орында.
Мысалы:


Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу өнері пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Бейнелеу өнері сабағында оқушылардың қызығушылықтарын арттыру
Сызу және бейнелеу өнері сабағында ақпараттық-коммуникативтік технологияны пайдалану өзектілігі
Тұтас жіңішке сызық
Adobe Photoshop қандай графика
Сәндік қолданбалы өнерді үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту
Жіппен бейнелеу түрлерін тігіп үйрену
Жіппен бейнелеу композициясы
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ КӨЗҚАРАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ РОЛІ
Кескіндеме өнерін бейнелеу өнері сабақтарында қолдану әдістері
Пәндер