PowerPoint бағдарламасында презентацияларды суреттермен безендіру және анимациялау: практикалық сабақ

Құрастырған: Бекбаулова Эльвира Ермахановна

информатика пәнінің оқытушысы

Сабақтың тақырыбы: «Power Poіnt» - та дайындалған презентацияны суреттер арқылы безендіру.

Мақсат: Power Point бағдарламасының қолданылу мақсатын, оны іске қосу мен жұмысты бастауды үйрету;

Міндет:

Білімділік: PowerPoint бағдарламасының мүмкіншіліктерін пайдаланып компьютерлік презентация құруға үйрету.

Дамыту: Презентация құруда слайдтармен жүйелі жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырып ойлау ұшқырлығын дамыту, жеке және жұппен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: Студенттерді ақпараттық мәдениеттілікке, өзін-өзі бағалауға, уақытты тиімді пайдалануға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Практикалық сабақ

Жабдықтар: Дербес компьютер, интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар.

Сабақтың жоспары.

  1. Үйымдастыру кезеңі. 2 мин.
  2. Үй тапсырмасын сұрау:8 мин.
  3. Жаңа білімді меңгеру:45мин. Жобаның тақырыбын таңдау. Шығармашылық топтарды құру. Әр топтың міндеттерін бөлу. Тақырып бойынша жаңа материалды түсіндіру. Жобаға қатысушылардың жеке жұмысы және шығармашылық топтармен жұмыс.

3. 3. Жұмысты қорғау. Ұжым болып талдау.

  1. Жаңа сабақты бекіту:15 мин.
  2. Қорытынды:10 мин. Сабақтың мақсатқа жетуін қорытындылау: 2минБағалау: 5 минҮйге тапсырмасы: 3мин

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлематсыздарма қонақтар, студенттер! Біз бүгін Microsoft PowerPoint бағдарламасының мүмкіншіліктерін пайдаланып компьютерлік презентация құруды жалғастыра отырып суреттер енгізуді үйренеміз, слайдта орналасқан объектілерге анимация беріп, презентациямызды көрсетуді үйренеміз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

• Қандай операциялық жүйе түрлерін білесіңдер?

• MS Office-құрамына енетін программаларды атаңдар

• Power Point программасы қандай мақсаттарға қолдануға ыңғайлы?

Презентация дегеніміз -

• Power Point-ң қандай мүмкіншіліктерін білесіңдер?

Слайд дегеніміз-

Анимация дегеніміз не?

Power Point-та қандай меню атауларын білесіңдер?

• Power Point программасын қалай қосуға болады?

Жаңа сабақты бастамас бұрын тақтаға назар аударып бүгін жұмыс жасайтын тақырыптарымызбен танысайық.

1. «Біздің мамандық»

2. «Тәуелсіз Қазақстан»

3. «Болашақ ұстаз меннің көзіммен»

Осы тапсырмаларды орындау үшін үш топқа бөлініп алайық.

  • Әр топ өзіне ұнаған тақырыпты таңдасын.
  • Сол тақырыпқа мәтін және суретенгіземіз.
  • Әр топтан біреуі шығып оны қорғайды.

Студенттерге нөмірленген түрлі-түсті үлестірмелі қағаздар таратылады.

Әр топ бір-бірін бағалайды.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Power Point презентациясы өзге бағдарламалардан мультимедиялық объектілерді, анимацияланған суреттерді аудио, видео үзінділерді және т. б. қолдануға мүмкіндік беретенідігімен ерекшеленеді.

Power Point бағдарламасы қарапайым объектілерге анимация қоюға мүмкіндік береді. Анимацияның көмегімен презентацияларды көрсету кезінде қай элемент қай кезде және қалай шығу керек екенін жасауға болады.

Кез - келген объектіге анимация қою үшін Анимация - Настройка анимации - Добавить эффект әмірін орындаймыз.

Презентацияны көрсетер алдында слайдтар ауысымы қалай жүретінін біліп алуымыз керек. Өз бетімен, нұқыған кезде, дыбыстық сүйемелдеумен т. б.

Көрсетуді бірінші слайдтан бастау үшін мәзір жолағынан Показ слайдов - С начала әмірін орындаймыз немесе F5 пернесін басамыз. Көрсетуді ағымдағы слайдтан бастау үшін Показ слайдов - С текущего слайда әмірін орындаймыз.

Слайдтар көрсетілімін тоқтату үшін Esc пернесін басамыз.

Көрме (презентация) - өзін көрсету, баяндама жасау, жобаны қорғау, дайын өнім мен қызметті жарнамалау және тағы басқа көптеген дүниені кең аудиторияға ұсыну. Power Point-тің негізгі міндеті - ақпаратты қабылдаудың және есте сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатымен көрмелерді жоспарлау, жасау және өңдеу. Көрме бұл диафильмдердегі сияқты бірақ қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырыпәзірленген слайдтардан тұратын қысқөа ғана әңгіме. Слайдтар қызықты суреттермен, сызбалармен және пәрмендермен безендірілген жобаның мазмұндық бөлігін қамтьиды. Power Point көрмелерге түрлі жан бітірім және мультимедия пәрмендерін қосуға мүмкіндік береді.

Мысал келтіру . Студенттерден сұралады: егер сендердің өнім өндіретін жеке фирмаларың болса, қалай жарнама жасар едіңдер (Натуралды шырын, шоколад конфеті, автомашина дөңгелегі, құрылыс материалдары) . Студенттер өз ойларын айтады. Презентация жасап, өнімдері туралы толық мәлімет беретінін.

Power Point программасының әрбір презентациясы слайдтар жиынынан тұрады. Ал слайдта графикалық фонда орналастырылған обьектілер немесе текст тұруы мүмкін.
Слайд - көзге көрінетін күрделі көрініс. Оның құрылымына тақырып, мәтін, кесте, графикалық бейнеклиптер, дыбыс үзінділері, сызбалар енгізуге болады.


Ұқсас жұмыстар
6-сынып информатика: Microsoft PowerPoint-та презентацияларды безендіру және көрсету - практикалық жұмыс
6-сынып информатика сабағы: Презентацияларды құру және безендіру шаблондары
7-сынып: Photoshop бағдарламасында суретті безендіру - практикалық бекіту сабағы
6-сынып информатикасының ашық сабағы: PowerPoint-та презентация құру және безендіру шаблондары
Информатика пәні бойынша PowerPoint-та көрмелерді безендіру және көрсету: тәжірибелік сабақтың әдістемелік нұсқаулығы
PowerPoint бағдарламасында көрмелерді әзірлеу: оқу-әдістемелік сабақ жоспары
PowerPoint бағдарламасында презентация жасау: слайдтар, мультимедиа және анимация
MS PowerPoint көмегімен презентациялау және гиперсілтеме жасау: практикалық сабақ
6-сынып информатикасы: Microsoft PowerPoint бағдарламасында гиперсілтеме құру
PowerPoint бағдарламасында презентацияны басқарудың қосымша мүмкіндіктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz