Ғажайып қалта: көкөністер мен жемістерді тануға арналған тіл дамыту технологиялық картасы (Балапан тобы, I кіші топ)

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы № 4

Тобы:«Балапан» I-кіші

Тәрбиеші: Тлюупова Ұлдай Ерғалиқызы

Білім беру саласы:” Қатынас”

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Ғажайып қалта»

Мақсаты:

а) Көкөністер, жемістер туралы түсінік беру. Оларды сипаттап айтуға үйрету.

ә) Сөз қорларын дамыту, еске сақтау қабілеттерін, сұраққа жауап беруге жетілдіру.

б) Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Балалармен көкөністер мен жемістер туралы жұмбақтар шешу.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, сергіту сәті, ойын.

Қажетті көрнекіліктер мен құралдар: көкөністер мен жемістердің суреттері.

Билингвалдық компонент : тәтті-сладкий, көкөністер-овощи, жемістер-фрукты, себет-карзина, тәрелке-тарелка.

Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Іс-әрекет кезеңдері: Мотивациялық қозғаушы
Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Шаттық шеңберіне тұрғызу.

Дөңгеленіп тұрып:

-Арайлап атқан таңымыз аппақ,

Арайлап атқан таңымыз ашық,

Арайлап атқан таңымыз жарқын,

Арайлап атқан таңымыз қуанышты болсы!

Балалардыңіс-әрекеті:

Балалар шеңберге тұрады. Тәрбиешімен бірге өлеңдер жолын қайталап, қимылдар жасайды.

-Арайлап атқан таңымыз аппақ,

Арайлап атқан таңымыз ашық,

Арайлап атқан таңымыз жарқын,

Арайлап атқан таңымыз қуанышты болсы!

Іс-әрекет кезеңдері: Іздену-ұйымдас тырушы
Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Ғажайып сәт: «Ғажайып қалта».

Балаларға «Ғажайып қалта» ойынын ойнайық. Қазір мен Ғажайып қалтадан жемістер мен көкөністерді бір-бірлеп көрсетемін. Ал, сендер оның атын атап, түсін ажыратасыңдар. Және де ол көкөніспен, әлде жеміспен соны атайсыңдар. Жемістер мен көкөністердің үлкен-кіші, тәтті-ащы екенін ажырату, қайда өсетіні жөнінде айтқызу.

Дыбыстық жаттығу.

Ті-ті- тәтті.

Ал, балалар енді бір сергіп алайық.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Қолымызды көтеріп,

Алма ағашындай жайқалып,

Әдемі болып өсеміз.

Үлестірмелі суреттермен:

«Кім жылдам?» дидактикалық ойын.

Шарты: Шашылып жатқан көкөністер мен жемістерді тәрелкеге жинайды. Шапшаңдыққа, жылдамдыққа үйрету. Кім көп, тез жинаса сол жеңеді.

Билингвалдық компонент : тәтті-сладкий, көкөністер-овощи, жемістер-фрукты, себет-карзина, тәрелке-тарелка.

Дидактикалық ойын: «Дұрыс сал!»

Шарты: көкөністер мен жемістерді дұрыс салу.

Балалардыңіс-әрекеті:

Балалар ғажйып сәтке таң қалады. Ойын ойнауды тағатсыздана күтеді.

Балалар тәрбиешімен бірге көкөністер мен жемістерді ажыратып айтады. Олардың түстерін де атап кетеді.

Жаттығуды қайталайды.

Балалар тәрбиешімен бірге сергіту сәтін жасайды.

Жемістердің суреттерін тәрелкеге, ал көкөністерді себетке жинайды.

Қайталайды : тәтті-сладкий, көкөністер-овощи, жемістер-фрукты, себет-карзина, тәрелке-тарелка.

Балалар көкөністер мен жемістерді көрсеткен затқа дұрыс салды.

Іс-әрекет кезеңдері: Рефлексивті коррекциа лаушы
Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Балаларға сұрақтар беріп, қайталату.

Балаларды мадақтап, мақтау.

Балалардыңіс-әрекеті:

Балалар қайталайды.

Балалар түрлі қимыл-қозғалыстар жасайды.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: көкөністер мен жемістердің атауларын.

Қандай түсініктерді игереді: көкөніс, жемістер туралы түсінікті.

Меңгерген дағдылар мен іскерліктері: сөз тіркестерін дұрыс айтуды.


Ұқсас жұмыстар
I-кіші Балапан тобына арналған тіл дамыту технологиялық картасы: Біздің балалар қайда екен
Технологиялық карта №6: Үй құстары (тауық, әтеш, балапан) - I кіші топ Балапан
Балапан тобы (I-кіші) үшін Жеміс сусыны тақырыбы бойынша шығармашылық бағыттағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
I кіші топ (Балапан) үшін сенсорика саласы бойынша технологиялық карталар: Кірпілер және Ұзын-қысқа
I-кіші «Балапан» тобына арналған Қағаз бен майлы қарындашпен таныстыру: ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №1
ІІ кіші топ: Цирк тақырыбы бойынша кеңістікті бағдарлау технологиялық картасы
Әулиекөл ауданы әкімдігінің Айгөлек балабақшасы. Ересек топ. Ағылшын тілі: Көкөністер мен жемістер - ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
I-кіші Балапан тобына арналған №36-37 технологиялық карталар: ирелеңдеген жолмен жүру және төмен кедергілерден аттап өту
Күзгі бау-бақша: Таным (Экология) бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы (ІІ кіші топ)
ІІ сәбилер (Балапан тобы) үшін тіл дамыту сабақ жоспары: Менің сүйікті ойыншығым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz