Технологиялық карта №4 (I-кіші топ) Вагон сүйреген паровоз - жапсыру арқылы көлік түрлері мен геометриялық пішіндерді таныстыру

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы № 4

Тобы:«Балапан» I-кіші

Тәрбиеші: Тлюупова Ұлдай Ерғалиқызы

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Вагон сүйреген паровоз»

Мақсаты:

а) Көлік түрлерімен таныстыру, 2-5бөліктен тұратын түрлі зат бөліктерін орналастыруға үйрету.

ә) Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.

б) Төзімділікке тәрбиелеу.

Алдын- ала жүргізілетін жұмыс: балаларды пойыз, вагон, паравоздың суреттерін тамашалату.

Әдіс- тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, сергіту сәті.

Қажетті көрнекі құралдар: үлестірмелі материалдар, пойыздың және рельстің суреттері, магнитті тақта, түрлі пішіндер.

Билингвалдық компоненті: пойыз-поезд, түрлі пішіндер-разные фигуры, қызыл-красный, көк-синий.

Іс -әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс- әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Іс -әрекет кезеңдері: Мотивациялық- қозғаушы
Тәрбиешінің іс- әрекеті:

Шаттық шеңбері .

Бейбіт өмір-тілегіміз,

Бауырымалдық салтымыз.

Қамқорымыз, тірегіміз-

Ынтымақты халқымыз.

(С. Ғалымұлы)

Балалардың іс-әрекеті: Балалар шеңбері жасап тұрады. Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.
Іс -әрекет кезеңдері: Іздену- ұйымдастырушы
Тәрбиешінің іс- әрекеті:

Ойын жағдаяты:

-Балалар, пойызға отырып, серуендеп қайтсақ қайтеді?

Балалар тізбектеп тұрғызу.

Алғашқы бала -пойыз, қалғандары вагондар болады.

-Балалар, біз стансыға келдік.

Дидактикалық ойын:«Көлікті ата!»

Шарты: балаларға пойыздың, жеңіл машинаның, жүк көліктерінің суреттерін көрсетеді. Аттарын атайды.

Үлестірмелі материалға назарларын аударту.

Әңгіме жүргізу.

-пойызбен алыс жерлерге қонаққа барады, саяхатқа шығады.

Пойыз қозғалыс кезінде «дүк-дүк-дүк» деген дыбыс шығарады.

Балалар тақтаға қарайықшы, тақтада рельстің суреті ілініп тұр.

-Мынау-паровоз.

-Мынау-вагондар.

-Пойыз қандай түсті?

-Мынау қандай пішін?

-Бірінші вагонның түсі қандай?

-Терезелердің түсі қандай?

-Екінші вагонның түсі қандай?

-Терезелердің түсі қандай?

-Вагондардың доңғалағы қандай?

Тік төртбұрышқа дөңгелектер қойылады.

-Бұл -вагон доңғалағы, онсыз пойыз жүре алмайды.

-Ал, балалар, бәріміз пойыз жасайық.

-Паровозға вагондарды жалғаймыз. Балалар топ-топқа бөлінеді.

Дайын пішіндерді жалғап көрсету, алдымен паровозды, содан кейін вагондарды жалғаймыз.

Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі.

Компазиция құрған кезде оған Күн мен бұлттардың пішінін де енгізеді.

-Біз жастағы пойыз сиқырлы, сондықтан жасаған пойызымызға отырып, балабақшаға барайық.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Менің атым-Азамат.

Маған үй салуға көмектесіңдерші.

Тәрбиеші:

-Үй салмас бұрын пішіндерді ажыратып алайық.

Тәрбиеші балаларға түрлі пішіндерді таратады.

Дидактикалық ойын:

«Пішіндерді ажырат».

-Мынау-кішкентай төртбұрыш.

-Мынау-үлкен төртбұрыш.

-Мынау-үшбұрыш.

Үлестірмелі материалға назарларын аударады.

-Кішкентай төртбұрыштың түсі қандай?

-Үлкен төртбұрыштың түсі қандай?

-Үшбұрыштың түсі қандай?

-Енді үй саламыз.

Тәрбиеші магнитті тақтаның ортасына үлкен төртбұрышты қояды.

Билингвалдық компанент: пойыз-поезд, түрлі пішіндер-разные фигуры, қызыл-красный, көк-синий.

Балалардың іс-әрекеті:

Балалар тізбектеліп тұрып, топ ішін айналып жүреді, «стансыға» келіп тоқтайды.

Балалар тәрбиешімен бірге қайталап айтады.

Балалар суретке қарап, жауап береді:

-Қызыл.

-Төртбұрыш.

-Көк.

-Жасыл.

-Көк.

-Сары және қызыл.

-дөңгелек.

Балалар өз бетінше пойыз «вагондарын» жалғайды. Балалар композиция құрайды.

Балалар пойызға отырып, қайтадан балабақшаға келеді.

Қайталайды: Менің үйім-мой дом, құрылысшы-строитель, ойыншықтар-игрушки, терезе-окно, төбесі-чердак, пішіндер-фигуры.

-Үшбұрыш.

Балалар үй салуға ынталарын білдіріп, тәрбиешімен бірге құрастырады.

Балалар үйді құрастырып шығады.

Қайталайды: пойыз-поезд, түрлі пішіндер-разные фигуры, қызыл-красный, көк-синий.

Іс -әрекет кезеңдері:
Іс -әрекет кезеңдері: Рефлексивті коррекциалаушы
Тәрбиешінің іс- әрекеті:

-Балалар біз қандай көлікке отырдық?

-«Пойызбен» жүру сендерге ұнады ма?

-Қандай көлік түрлерін білдіңдер?

Балалардың іс-әрекеті:

Балалардың жауабы.

-Пойызға.

-Ұнайды.

-Жеңіл көлік.

Жүк көлігі.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: геометриялық пішіндерден пойызды жасайды.

Қандай түсініктерді игереді: көліктің әрқилы түрлері болатынын .

Меңгерген дағдылар мен іскерліктері: дайын фигураларды ретімен жинайды.


Ұқсас жұмыстар
Технологиялық карта: Таным - Сенсорика. Кірпіге дос табайық (І кіші топ, тәрбиеші Тлюупова Ұлдай Ерғалиқызы)
Технологиялық карта №6: Үй құстары (тауық, әтеш, балапан) - I кіші топ Балапан
Ортаңғы топ (Гүлдер) үшін технологиялық карта: Қоршаған ортамен таныстыру - Ғарышқа саяхат
Технологиялық карта: Қазақ тілі сабағы - Алтыбақан ұлттық ойынын таныстыру (Ересек топ)
Технологиялық карта №12 Гүлдер: ересек топқа арналған жапсыру сабағы
I кіші топ (Балапан) үшін сенсорика саласы бойынша технологиялық карталар: Кірпілер және Ұзын-қысқа
Ғажайып қалта: көкөністер мен жемістерді тануға арналған тіл дамыту технологиялық картасы (Балапан тобы, I кіші топ)
І кіші топқа арналған сенсорика сабағы: Ұқсасын тап - түстер мен пішіндерді сәйкестендіру
№11 Технологиялық карта: Қоршаған ортамен таныстыру - Мамандықтар
Ортаңғы №2 тобына арналған технологиялық карта: Геометриялық пішіндер әлеміне саяхат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz