Сабақ жоспары :: Сурет, сызу
Файл қосу
Ұлттық ою-өрнек қолданбалы сәндік өнері бойынша сабақтар кешені
Ақмола облысы
Бурабай ауданы
[pic]
[pic]
бойынша сабақтар кешені
Авторы:
Сәкен Сейфуллин
атындағы
орта мектебінің
Бейнелеу өнері
пәнінің мұғалімі
Аманбаева Жулдыз
Отелбайқызы
Төмендегі берілген сабақтар қазақтың ұлттық ою-өрнектеріне және жалпы
қолданбалы сәндік өнеріне арналады.
Осы тақырыпты өту жолында оқушылар өрнектердің негізгі түрлерімен жеке
әр оюдың атаумен түстердің сәйкестігімен композиция негіздерімен танысады.
Сабақтар білімділік танымдылық білімдерін жетілдіру және шығармашылық
қабілеттерін дамыту бағыттарын қамтиды.
Берілген сабақтарда оқушылармен қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыдан
қабылдауларын қалыптастыру жұмыстары мақсатты түрде жүргізіліп жатыр.
Сабақтар практикалық мағыналы. Сабақ үстінде жасалатын шығармашылық
жұмыстар: өрнектерді салу оларды бояу әр түрлі композицияларды құру
оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын тудырады. Әр сабақтың аяғында
жұмыстарын салыстыру арқылы бағалау оқушылар үшін өте маңызды.
Методикалық нұсқаулар
Жаңа сабақтың тақырыбын түсіндірмелі иллюстративтік әдіс арқылы беріп
ұлттық ою-өрнектерді зерттеген ғалымдардың ой-пікірлерімен таныстыру қажет.
Проблемалық зерттеу әдісі арқылы оқушылардың алған білімдерін бекіте
отырып шығармашылық тапсырмалар орындатқан тиімді. Қазақ халқының
эстетикалық көзқарастарымен таныстыру үшін түстік символикасына назар
аударту.
Ойлау қабілеттерін шығармашылық машығын дамыту жұмыстарына ойын
әдістерін қолданудың маңызы зор. Оқушылар өздігімен бояу символикаларын
қолдана отырып композиция құрайды. Сабақты әдебиет және тарих пәндерімен
байланыстыра отырып оқушының білімін жүйелеп тілін дамытуға көмектеседі.
Сабақтың тақырыбы: Өрнек түрлері.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды ою-өрнек түрлерімен таныстыру.Ою-
өрнек салу арқылы қолды жаттықтырып оқушылардың
шеберлігін ұштау.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, жылдамдық, шапшан-
дық, көрегендік қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Эстетикалық тәрбие беру ұйымшылдыққа, еңбексүйгіш
тікке тәрбиелеу. Жұмыс үстінде ұқыптылыққа, өзінің
және өзгенің уақытын бағалауға үйрету.
Сабақтың құрал-жабдықтары: Ою-өрнектің негізгі сегіз элементінің
көріністері, ою-өрнек бейнеленген көрнекілік.
Сабақтың барысы: 1. Жаңа тақырыпты әңгімелеу. Қазақтың ұлттық ою-өрнек
түрлерінің алғашқы үлгілері андронов мәдениеті мен байырғы сақ, ғұн, үйсін
өнерінен зерделенген. Шетелдік (В.Куррер), кеңестік (С.В.Иванов,
В.В.Стасов, Ф.К.Волков, С.А.Давыдов, Н.Ф.Думцов, т.б.)және қазақ ғалымдары
Ә.Марғұланның, Т.Бәсеновтың, Е.Масановтың, М.Мұқановтың және т.б. зерттеу
материалдарын айтсақта жеткілікті. Бұлар өздерінің еңбектерінде ою-
өрнектердің түрлері, атаулары, шығу тарихы туралы көптеген құнды еңбектер
жазып, деректер келтіреді. Аталмыш зерттеушілердің көпшілігі, әсіресе Шығыс
халықтарының ою-өрнектеріндегі айшықтардың, мүйізге, жапыраққа,
геометриялық денелерге ұқсас өрнектердің нені бейнелейтінін және олардың
атауларының қандай ұғымдар негізінде қалыптасқанын ерекше қызыға
зерттеген. Мысалы, геометриялық денелерге ұқсас сынық сызықтар, дөңгелек
және бұрышты сызықтар (ұшбұрыш, төртбұрыш), т.б. қайдан шықты дей келіп,
біреулері кәдімгі геометриялық пішіндес құрылыстардан шықса керек десе,
кейбіреулері жан-жануарлардың ішкі-тысқы көріністерінен, сүйек бітімдерінен
шықса керек десті. Тағы біреулері өсімдіктердің әр түрлі көріністерінен
(мысалы, сынып жатқан ши, ағаш бұтақтарының, сүйеулі тұрған сырықтардың
бұрыш көріністерінен) шықса керек деседі. Ал енді біреулер геометриялық
түрлердің шыға бастауы өрнек жасаушылардың өнерлерінің өрістей түсуіне
байланысты, олардың ой-қиялынан туған дейді. Демек, ою-өрнектердің шығу
тарихы, олардың сюжеттік мазмұны мен атаулары туралы мәселе әлі де болса
көп зерттеуді талап етеді.
Ұлттық ою-өрнек түрлері. Қазақтың ою-өрнектерінің түрлері де,
атаулары да көп. Бұл жерде 360-қа тарта түрлері қарастырылады.
Ою- өрнек өнері ғасырлар бойы қазақ халқының бейнелеу өнерінің
жеке түрі боп келеді. Үй ішінің тұрмысына қажетті заттарды, ұлттық
киімдерді, бұйымдарды әшекейлеудегі негізгі мәнерлі өнер әдісі - ою-өрнек
элементтерін меңгері болып табылады.
Ою-өрнек сөзі өзінің нағыз мәнін толығымен аша алмайды, оның
заңдылықтары тек өнерде ғана емес, табиғатта, ғылымда, техникада
болғандықтан өрнектің мәнін өлшемсіз кең түрде ашуға болады. Жалпы, өрнек
атауының мағынасына қарай мынадай топтарға жіктеуге болар еді.
1. Ай,күн, жұлдыздарға (космогониялық) – көк әлеміне байланысты
өрнектер. Оларға «ай», «айшық», «жұлдызша», «күн нұры», «күн көзі»,
«күн сәулесі», «шыққан, батқан күн», «ай-таң», «ай-гүл», «ай таңба»,
«түнгі ай», «жұлдыз», «аққан жұлдыз», «үркер» секілді жұлдыздар
жатады.
2. Малға, малдың денесіне, ізіне байланысты өрнектер. Бұл оюдың негізін
«қошқармүйіз» өрнегі қалайды. «Өркеш», «түйе табан», «түйе мойын»,
«қошқар мүйіз», «арқар мүйіз», «қырық мүйіз», «қос мүйіз», «сыңар
мүйіз» т.б.
3. Аңға байланысты өрнектер:
«Бөріқұлақ», «түлкібас», «бөрікөз», «иттабан» т.б.
4. Құрт-құмырсқаларға байланысты өрнектер:
«алақұрт», «жылан», «құмырсқа», «көьелек», «шыбынқанат»,
«тышқан із».
5. Құстарға байланысты өрнектер:
«құсқанат», «қазтабан», «қазмойын», «құсмойын», «құс
тұмсық», «қарға тұяқ» т.б.
6. Өсімдік бейнелі өрнектер:
«арпабас», «үш, бес.алты, сегіз, он екі жапырақты гүлдер», «гүл»,
«жетігүл», «жауқазын», «жапырақ», «шытырман» т.б.
7. Қару-құралдарға байланысты өрнектер:
«балта», «ебелек», «өрім-өрмек», «өткерме», «шарбақ», «түйме»,
«безгек», «нөр», «ожау», «қармақ», «қайнар», «желі» т.б.
8. Геометриялық ою-өрнектер:
«қос тұмарша», «балдақ», «омыртқа», «ирек», «тарақ», «қаңқа», «қос
дөңгелек» және т.б.
2. Сабақтың тақырыбын түсіндіру: Ал енді бүгін танысқан ою-өрнектерімізді
есімізге сақтап қалуымызға тырысайық . Төрт топқа бөлінген оқушылардың
алдарына араласып жатқан ою-өрнектердің элементтерін талдап топқа бөлуін
талап ету.
Бірінші топқа: Космогониялық
Екінші топқа: Зооморфтық
Үшінші топқа: Өсімдік бейнелі өрнектер
Төртінші топқа: Геометриялық өрнектер
Топтап бөліп болғаннан кейін тақтаға сурет салу арқылы оқушыларға ою-
өрнек элементтерінің түрлерін салып үйрету, қолдарын жаттықтыру.
3. Оқушылардың өзіндік жұмыстары.
-салып жатқан өрнектің пішімін анықтау
- жобалау және үйлестіру жолдары
-суретті салу процессі
- жұмыстарын аяқтау
4. Сабақтың қорытындысы. Сұрақ қою арқылы сабақты бекіту. Ою-өрнектерді
зерттеген ғалымдарды атап беріңдер. Өрнектердің неше түрлері мен атаулары
бар? Ою-өрнектерді қандай топтарға бөлуге болады?
Оқушылардың жұмыстарын көрме ұйымдастырып салыстыру арқылы бағалау.
5. Жұмыс орындарын жинау.
Зооморфтық Өсімдік өрнектері Космогониялық Геометриялық
Өрнектердің пайда болу
Сабақтың тақырыбы: Өрнектердің түстері мен бояулары
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ою-өрнектегі түс пен ренде
рімен таныстыру. Түстердің мағынасы
туралы
түсінікнік беру. Түстерді таңдауда
эстетикалық
көзқарастарын дамыту. Бояуды дайындау
жол
жолдарын меңгерту. Жұмыс үстінде ұқыпты-
лыққа тәрбиелеу.
Сабақтың құрал-жабдықтары: түстер спектры, ою-өрнекпен әше
кейленген қолөнер бұйымдарының
үлгілері,
түрлі түсті өрнектер үлгілері.
Сабақтың барысы: 1. Өткен сабақты қайталау, бекіту.
1. Қазақ ою-өрнектері қаншаға жуық?
2. Қазақ ою-өрнектерінің неше түрлері бар?
3. Оларға мысал келтіріңдер.
2. Жаңа тақырыпты әңгімелеу. Өрнек-әшекейлерді бояудың түсіне қарай
оюластырудың зор мәні бар. Әрбір түс белгілі тәртіппен кезектесіп отырмаса
өрнек әрсіз, нашар болып шығады. Ретсіз орналасқан бояу түстері қандай әсем
көрнекті болса да кұңгірт, салқын түске айналдырады.
Бояу мен түстерді таңдап пайдаланудың қазақ халқының этнографиялық
тарихымен байланысты символдық мәні болған. Әрбір халық түрлі символдық
мәнге ие. Фон және суреттердің түсі жөніндегі шешімдер композициялы болып
келеді. Қазақта кейбір түстердің мынандай символдық мәні бар: көк түс –
аспанның символы, қызыл түс – оттың, күн көзінің символы, ақ түс –
ақиқаттың, қуаныштың, бақыттың символы, қара түс – жердің символы, жасыл
түс – жастықтың, көктемнің символы. Затты осы түстердің бірімен бояғанда
оған белгілі мән беріледі.
Қазақ өрнектерінде түстердің орналасуының өзіндік тәртібі бар.
Мысалы: кестелі ұлт киімдерінде қара барқыт, көк барқыт негізгі түс (фон)
ретінде көп пайдаланылған. Сары және қызыл жіптер негізгі түстер үшін
ұнамды болып есептеледі. Ал қара түспен әшекейлеу сирегірек кездеседі.,
олар тек сырмаққа, аяққапқа, сандыққапқа, басқа оюлар мен күміске
жүргізген. Өрнектерді халықтық мәнер көптеген оюлар мен кестелердегі бояу
үстерінің бір-бірінен өте алшақ болып тым ашық түсті болып тұрғанын
жаратпайды. Көп түсті өрнектермен тігілген кестелерде, құрақтарда, ши орау
түрлерінде олардың көрнекі жерін бір рет ашық түспен береді де, одан әрі
бірте-бірте ашыла бастайтындай етіп бояу реңін біркелкі жарасымды түстермен
өрбітіп отырады.
Өрнек бірнеше түрге бөлінеді. Өрнектерді құру заңдылығына байланысты
оны үш түрге бөлеміз:
1. Өрнекті ленталар (фриз, жиектеу, жолақты, т.б.)
2. Табақша (айнала қоршау ішіндегі өрнектер)
3. Торлы өрнектер (үстін толық өрнекпен безендіру)
Бұдан басқа өрнектер жазықтық бетіндегі және рельефтік болып екі түрге
бөлінеді.
Жазық өрнектер – жазықтық бетінде немесе қисық бетте түспен түрлі
сызықтар көмегімен безендіріледі. Жазық өрнектер киімдерді, үй ішін, тұрмыс
заттарын т.б. безендіруге пайдаланылады. Сонымен қатар сәндік безендіру
өнерінде кітапты безендіру, хабарлама, қабырға газеттері т.б. маңызды рөл
атқарады. Рельефтік немесе бұдыр шығыңқы өрнектер ағашта, сүйекте, таста
немесе темірде арнайы көркем жұмыстар көмегімен арнайы материалдармен
жасалады.
Қолөнерде пайдаланылатын бояулардың негізінен үш түрі бар.
1. Осы заманғы химиялық әдістермен өндірілетін алуан түсті ұнтақ пен
сұйық бояулар.
2. Табиғатта даяр күйінде кездесетін бояулар. Бұлар топырақтан, жосадан
(охра), әр түрлі минералдар мен өсімдік жемістерінен, малдың қаны мен
бауырынан алынады.
3. Шеберлер өздері қолдан жасап алатын бояулар, оларға әр түрлі қоспалар
қосылып пайдаланылады.
3. Тақырыпты түсіндіру. Өрнек - әшекейлерді бояудың түсіне қарай
орналастырудың зор мәні бар. Әрбір түс белгілі бір тәртіппен кезектесіп
отырмаса өрнек әрсіз, нашар болып шығады. Ретсіз орналасқан бояу түстері
қандай жақсы ою болса да күңгірт, солғын түске айналады. Ою-өрнектерді әр
түсті бояулармен алмастырып отырудың кейде мазмұнға байланысты логикалық
ұғымы да бар. Бояу мен түстерді таңдап пайдаланудың қазақ халқының
этнографиялық тарихымен де байланысты символдық мәні болған. Фон және
суреттердің түсі жөніндегі шешімдер композициялы болып келеді. Бағана айтып
өткендей қазақтарда қайсыбір түстің символдық мәні бар. Көк түс аспанның,
қызыл түс-оттың, күн көзінің символы, сары түс-ақыл-парасаттың, қайғы-
мұңның символы, қара түс-жерсимволы, жасыл түс-жастықтың, көктемнің
символы. Ал енді осы түстер символикасын және өткен сабақта алған
білімімізді пайдалана отырып, танысқан ою-өрнек элементтерін ақ қағаз
бетіне түсіріп көрсету.
Мысалы: «ағаш» өрнегін – жасыл түспен, «жұлдыз» өрнегі-қызыл түспен,
көк фонмен т.б.
4. Оқушылардың өзіндік жұмыстары. Кез келген өрнек элементін таңдап алып
қағаз бетіне түсіріп мағынасын ескере отырып фон таңдау және өрнектің түсін
таңдау.
-Өрнектің пішінін анықтау
-Жобалау, үйлестіру
-Түс таңдау, фон таңдау
-Суретті аяқтау
5. Сабақтың қорытындысы. Сабақты бекіту. Оқушылардың жұмыстарын көрме
ұйымдастырып салыстыру арқылы бағалау.
6.Жұмыс орындарын жинақтау
Сабақтың тақырыбы: Өрнектерді құрудың композициялық негізі.
Сабақтың түрі: қорытынды сабақ, ойын-сайыс.
Сабақтың мақсаты:
а/Білімділік: Қазіргі заманғы сәндік өнері туралы мағлумат беру.
көлем, сәйкестік, композиция туралы және ою-өрнек-
тер жайында тереңірек білім беру.
ә/Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, елестету қабілеттерін да
мыту. Қолдарын жаттықтырып өздеріне композиция
құруды талап ету.
б/Тәрбиелік: Оқушыларды топпен жұмыс істеуге баулу. Жұмыста
рын эстетикалық тұрғыдан ұқыпты орындауларын
тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сайыс, ойын.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих.
Сабақтың көрнекілігі: ою-өрнек элементтері бейнеленген кесте-
лер ұлттық ою-өрнекпен безендірілген әр түрлі пішім-
дегі бұйымдар. Фотосуреттер, слайдтар.
Сабақтың барысы: 1. Оқушыларды үш топқа бөліп үш бөлек отырғызу. Топтардың
аттары:1-ші – Алғырлар, 2-ші – Сұңқар, 3-ші – Достар тобы. Өткен
сабақтарды, топтар бір-біріне сұрақ қою арқылы бекіту (әр топ төрт сұрақ
дайындайды). Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпайдан қойылып отырады.
2. Тақырыпты әңгімелеу. Ұлттық өнер оның ішінде ұлттық ою-өрнектер
қазіргі таңда эстетикалық тәрбие мен көркем білім беруде мектептерде
кеңінен пайдаланып жүр.
Халықтың қолданбалы өнерінен үйренеріміз көп, ол әмбебап, өзіндік
ерекше қасиетке ие өнер. Бұл қасиетті қазақ өнерімен танысемес шетелдіктер
де бір қарағанда түсініп, бағалайды. Қазақтың халықтық қолөнерінде әрбір
қазақ қызы, әйелі өзінің тұрған үйін безендіре білген. Олардың шебер де
қамқор қолынан киіз басу, кілем тоқу, құрақ көрпе-төсек, қоржын мен ыдыс-
аяқ қаптары, құрақ жастықтар және тағы басқа жасау келеді. Сәндік
қолданбалы өнер заттары көбіне ұлттық сызбалармен көзге түседі. Осы арқылы
біз халқымыздың ерекшелігін көре аламыз. Сәндік қолданбалы өнерді әзірлеу
үшін мынандай материалдарды қолданады: ағаш, сүйек, тас, әйнек, табиғи
немесе жасанды заттар. Кейбір материалдар өндеуді талап етеді. Мысалы:
алтын мен күміспен қаптау, ағашты лакпен бояу, т.б. жұмыстар. Сәндік
қолданбалы өнер кескіндеме мен мүсіндеу өнерімен тығыз байланысты. Осының
барлығын ою-өрнекпен безендіреді. Сәндік қолданбалы өнер технологиясы:
1. Нұсқалы ою немесе ойма (гравировка);
2. оймалық немесе тереңдетілген ою;
3. биік рельефті ою;
4. жазық рельефті ою;
5. жарма, қиық немесе селдір ою;
6. көлемде ою немесе мүсіндеу.
Сабақты түсіндіру барысында көрнекіліктерді көрсетіп, талдап отыру.
3. Сабақты түсіндіру: Біздің Қазақстанның алғашқы да атақты суретшіміз
Әбілхан Қастеев «Өнерді қайдан үйрендің?» - деген сауалға: Таудың
бұлағынан,
Қойдың құлағынан,
Апамның киізінен,
Ешкінің мүйізінен, - деп жауап берген болатын. Сол сияқты
«Апамның киізінен» деген сөзге зейін салып көрсек, ою-өрнекке қарап, оларды
өзіміз бейнелеп біз де үлкен адам болатын шығармыз. Ол үшін (алдын ала
бөліп отырғызылған) үш топқа бір мағыналы тапсырма беріледі.
4. Оқушылардың өзіндік жұмыстары: Алдарына берілген заттарды ою-өрнекпен
әшекейлеулерін керек.
1 топқа – тақия
2 топқа – табақ (папье-маше)
3 топқа – кесе (папье-маше)
Әр топқа бірнеше композициялық шешімдер беріледі
5. Қорытынды: Жұмыстарын аяқтағаннан кейін әр топтан бір оқушы шығып
жұмысын қорғайды.
Қорғағаннан кейін жұмыстары бағаланып, сабақ бекітіледі.
Көрнекіліктер:
Ою-өрнектердің тұрмыста қолданылулары
Қолданған әдебиеттер:
«Эхо по следам легенды о золотой домбре» Узбекали Джанибеков
Бейнелеу өнері оқулығы Айдарова З.
«Шаңырақ» үй-тұрмыс энциклопедиясы бас редакторы Р.Н.Нұрғалиев
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz