Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қол тігістері

Қол тігістері
Сабақтың мақсаты:а)Қол тігістер туралы мәлімет беру,тігістерді айыра білуге үйрету. ә)Оқушылардың ой-өрісін ,ойлау,есте сақтау,өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.б)Эстетикалық талғамын қалыптастыруға тәрбиелеу,адамгершілік қарым - қатынасқа тәрбиелеу,бір-біріне көмекке келуге адамдардың еңбегін сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:жаңа сабақ Оқыту әдісі:түсіндіру,бейнелеу. Сабақтың көрнекіліктері:тігістердің түрлері Құрал-жабдықтар:қайшы ,ине,жіп Пәнаралық байланыс:сызу ,математика.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу,оқушыларға психология-педогогикалық дем беру.-Сәлеметсіздер ме,оқушылар!Бүгін біз үшін ерекше күн!Мен сендерге сенемін,сендер жақсы нәтиже көрсетесіңдер.!
ІІ.Өткен сабақты қайталау. Сұрақтар:
-Қыздар,өткен тақырыпта қандай тігісті үйрендік?
-Сендер қандай тігіс түрлерін білесіңдер?
-Тігістің түрлерін айтыңдар?
ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру
Қол жұмысы кезінде қолданылатын құралдар мен құрылғылар
Ине жоғары сапалы болаттан жасалатын,бір ұшы үшкір,екіншісі ұшында көзі,яғни жасалуы орналасқан өзек.Ине тегіс үшкір сынбайтын қатты болуы крек.Ине ұзындығы бойынша әртүрлі өлшемде болады.
Қайшы ,киім бөлектерін пішуге,жіптің ұшын қиюға арналған.Қайшы дыбыссыз жабылып,ашылуы керек.Қайшының жүзі өткір болуы керек.Оймақ-бұл пластмассадан,болаттан жасалған зат.Оның оң қолдың ортаңғы саусағына киеді.Сантиметрлік таспа ұзындығы 150 см тең .Матадан тігілген бұйымның бөлшектерін,өлшемін алуға арналған.Лекало бұйымының қатты қағаздан қиып жасалған бөліктері.Матаға лкалоларды қойып бақылау нүктелерін белгілеп шығады.Түйрегіш бұйым бөлшектерін түйрету,көктеу кезінде,сондай - ақ бір бөлшектен сызықты екінші бөлшекке көшіру кезінде пайдаланылады.Ұзындығы 3-4 см.
.Жұмыс үстеліне қисайып немесе қатты еңкейіп отыратын болсаңдар,ол омыртқаның қисаюына ,жақыннан көргіштікке,тез шаршауға алып келеді.Содықтан жұмыс үстеллінде дұрыс отырудың ,жұмыс орнының дұрыс ұйымдастыруылының маңызы зор.Қол жұмысындағы тігіс түрлері:көктеу,бүгіп,көктеу,жапсырып көктеу.Бүгін сабақта біз бүгін көктеу тігісімен танысамыз.Бүгіп көктеу тігісті біз уақытша пайдаланамыз,бұйымдарды пішіп , бір-бірімен көктеуде арналған тігістер.
Сұрақтар:
1.Қол тігістеріне нелер жатады?(бүгіп тігу,көктеп тігу,жапсырып тігу т.б.) 2.Оймақ дегеніміз не? (Бұл пластмассадан ,болаттан жасалынған зат.Оны оң қолдың ортанғы саусағына киеді.Ол қауіптен қорғайды) 3.Бір-бірімен көктеуде арналған тігістер қалай аталынады? (Бүгіп көктеу) 4.Иненің негізгі көлемі қандай болу керек? (1.Сапалы болаттан жасалынған болу керек. 2.Ине тегіс,үшкір сынбайтын болуы керек.Инелер ұз бойынша әртүрлі болады.) 5.Бір бөлшектен сызықты екінші бөлшекке көшіру кезінде пайдаланылады зат? (түйрегіш)
Шағын тест.
Тақырып қол тігістері
1.Матаның екі бөлігін бірімен-бірі бетестіретін инемен сирек тігу.Бұл машинамен тігер алдындағы әзірлік процесс (көктеу) 2.Қайырылған жиекті білдірмей тігу. (Іліп тігу) 3.Пішілген матаның шетін уақытша бүгіп тігу. (Іле көктеу) 4.Түйме ілгек және киімнің біржолата немесе уақытша тігілуі. (қадау,жапсыру) 5.Матаның шаңды тез қабылдауы. (шаң өткізгіштік)
ІҮ Кіріспе инструктаж.
-Бұйымның жасалу реті қиық шетін см-дей бүгіп,арасы 0,5 см-ден түзу инешаншырымдар жасап көктеңдер.
Жұмыстың тәсілін көрсету. Техника қауіпсізідк ережесін қайталау Қателерді ескерту Ү.Сарамандық жұмыс: <<Бүгіп көктеу>>
Ағымдағы инструктраж Жұмыстың орнын,құрал - жабдықтарын тексеру; Жұмыс тәсілінің жалғасуымен дұрыс орындалуын бақылау;
Қателіктерді табу және жою. Сергіту сағатын өткізу. ҮІ.Бекіту инструктажы. Оқушылардың жұмыстарының сапасын анықтау;
Қорытынды:Шеберлікте шек жоқ,жалқаулыққа жол жоқ.Өнерлінің қолынан тамып тұрған бал көп,-дегендей бүгінгі сабаымызда сендер қол тігістерін,олардың тігілу технологиясы туралы көп мағұлмат алдыңдар деген ойдамын.
1.Бүгін не үйрендік? 2.Қандай тігістерді үйрендіңдер? -Бүгін сабақта қол тігістерін үйрендік. ҮІІ.Жұмыс орнын жинақтау
Үйге тапсырма беру:қол тігістерін қайталап тігу,кесте тігуге қажетті құрал-жабдықтарды әкелу.

Ұқсас жұмыстар
Бүгінгі сабақтың мақсаты құрақ құрау әдісін меңгеру
Машина тігістерін жасау
Сабақтың мақсаттары. Сабақтың тақырыбы
Жапсырма қалтаны дайындау
Бедерлі тігістері бар белдемшені тігу Белдемшені пішу, көктеу және бірінші өлшемнене өткізу
Машина тігістері
Бақылау шығарма
Тік белдемшені үлгі бойынша пішу
Тігін машинасының шығу тарихы
Қолөнері кестеде
Пәндер